Шетелдік инвестициялар, оларды Қазақстанда пайдалану

Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту. Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.

Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік Кореяның «Дэу», Сингапурдың «Крейтив технолджи» (компютерлік мультимедиялық рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.

Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды. Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.

Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:

  • Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
  • Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi инвестициялау;
  • Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi пайдалану;
  • Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды қажет ету;
  • Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр жеңiлдiктерге ие болу;
  • Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
  • Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.

Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер, несиелеушiлер және шетелдік инвесторлар қатысады.

Бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан 10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

Қазақстан экономикасына қазiргi келiп жатқан көптеген шетел инвестициялары негiзiнен әлемдiк тарнсұлттық корпорациялардың бiздiң экономикамызға салған инвестициясында көрiнiс табуда. Елiмiздегi ауқымды трансұлтты компаниялардың басым көпшiлiгi АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстiк Корея елдерi екенi белгiлi. Осы дамыған елдердiң елiмiздегi басты және кең көлемде қызмет етiп отырғандарына келесiлердi жатқызуға болады: Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумимото Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие Петроллери, Оман Ойл компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн, LG және т.б. трансұлттық корпорациялар жатады.

Осы аталған жағдайларды ескере отырып, елiмiздiң отандық мұнай және газ салаларында қызмет ететiн корпорациялары (“КазМунайГаз”, ОАО “СНПС – Актобемунайгаз”, “Карачаганак Петролеум Опереитинг”, ТОО Казахойл-Актобе, ТОО КазГерМунай”, ЗАО “Торгай-Петролеум” және т.б. компаниялар) өздерiнiң инвестициялық саясатын жалпы түрде келесi бағыттарда құру керек:

  • Корпорация қаржылары мен активтерiн дамыту және тиiмдi пайдалану;
  • Корпорацияға инвестиция тартудың тиiмдi көлемiн және оның қажет деңгейiн алдын-ала анықтау;
  • Тартылған инвестицияларды өндiрiстiң өңдеушi саласын дамытуға немесе өнеркәсiп саласын дамытуға ынталандыру;
  • Инвестиция тартудың әр түрлi жолдарының (несие, лизинг, тiкелей, портфельдi, құрал-жабдықтай немесе мемлекеттiк гранттар) өздерiне ең ұтымды көздерiн анықтау;
  • Инвестициялық тәуекелдiлiктерiн барынша азайту немесе сақтандыру;
  • Негiзгi капиталды инвестициялауға баса назар аудару, әсiресе мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытуды қолға алу;
  • Мұнай саласында инновациялық жоғары технологияларды пайдалануды дамыту және шетелдерден қажеттi жаңа технологияның түрлерiн алдын-ала тiзiмдеу;
  • Мұнай және газ саласында қызмет ететiн отандық және шетел корпорациялары ұлттық өнеркәсiптiң басқа салаларын инвестициялауға ынталы болуы керек;
  • Осы мұнай-химия және мұнай өiмдерiн шығаратын салаға мемлекеттiң бөлген субсидиялары мен гранттарын ұтып алу болып табылады.

Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Жалпы оның себебiн 2006 жылы негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады. (сурет 1).

Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық өндiрiске салынуда. Оны келесi суреттен көре аламыз:

Сурет-1 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы

Ендi келесi 1-шi кестеден тiкелей шетел инвестицияларының өнеркәсiп саласындағы үлесiн көре аламыз. Кестеден көретiнiмiз шетел инвесторларының тiкелей инвестиция тартудағы мақсаты бiздiң елдiң экономикасының тұрақты дамуы емес, қайта бiздiң елдiң қойнауындағы шикiзат қорының молдығы болып отыр. Олар өз инвестицияларын шикiзат саласына құю арқылы тез арада пайда тауып, елiмiздiң шикiзат бағытындағы тұрақсыз экономикалы ел бола беруiне ықыласты. Өйткенi, олар өңдеушi салаға инвестиция салса, ол салалар кейiн дамып, сол елдердiң өздерiне бәсекелес болып табылады. Сондықтан, елiмiз ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуi үшiн отандық инвесторларды осы салаға тарту, отандық өнеркәсiп салаларын басты орынға қойып, оларға қолдау көрсетуi керек.

Дегенмен, экономикадағы соңғы жылдары қалыптасқан өсу үрдiсi кейбiр кәсiпорындардың қайта бас көтеруiне оң септiгiн тигiзiп отыр. Әсiресе, “Казмұнайгаз” ААҚ мәлiметтерi бойынша 2004 жылы мұнай өндiрушiлердi машина жасау өнiмдерiмен жабдықтау 26 млн. АҚШ доллары құраған. Сөйтiп, қазiргi кездегi республикада машина жасау кешенiнiң үлесiне, статистика мәлiметтерi бойынша, өнеркәсiптiк өнiмiнiң 3%-ы, өнеркәсiптiк өндiрiстiң – 12-13%-ы, инвестиция көлемiнiң – 0,86%-ы келедi

екен. Мұның өзi бұл саланың перспективасы болашақта жоғары екенiн көрсетедi.

2005 жыл бойынша тiкелей шетел инвестицияларының түсiмi

Экономикалық қызметтiң түрiТiкелей шетел инвестицияларының үлесi

 

$ млн               %

Өнеркәсiптiң негiзгi Капиталына инвестиция көлемi

 

$ млн

Барлығы 4418,5            1003752,35
Тау-кен өнеркәсiбi 3291,4     74,52848,65
Мұнай және газ өндiру 3287,8           54,042644,0
Өңдеушi өнеркәсiп 301,1             6,8714,6
Машина жасау саласы 136,6              3,137,43

Ендi елiмiздегi негiзгi капиталды инвестициялаудағы мұнай және газ саласының үлесiн келесi 2-шi кестеден көре аламыз.

Бұл кестеден көретiнiмiз елiмiздiң негiзгi секторы болып табылатын мұнай саласына инвестиция тарту көлемi жылдан жылға өсу үстiнде. Оның басты себебi соңғы жылдары әлем рыногында мұнай бағасының құнының жоғары болуы себеп болып отыр.

Яғни, елiмiздiң iрi корпорациялары болып табылатын мұнай компаниялары өздерiнiң инвестиция тарту саясатын негiзiнен өндiрiстiң шикiзат бағытына бағыттап отыр. Ал бұл өз кезегiнде ұлттық экономиканың тұрақты дамуын ұзақ уақыт қамтамасыз етпейдi.

Елiмiздiң мұнай саласын инвестициялаудың негiзгi капиталдағы үлесi

 2001ж.2002ж.2003ж.2004ж.2005ж.
Барлық экономикадағы негiзгi капиталға инвестициялар, млн теңге. 

264204

 

369084

 

595664

 

943398

 

1099987

Мұнай саласына, млн теңге86166143359275387387952428826
Пайыз бойынша үлесi, %32,638,846,241,138,9

Бүгiнде елiмiз экономикасы үшiн маңызды сала болып табылатын өнеркәсiп саласының өңдеушi секторына инвестиция тартудың жалпы инвестициялардағы үлесi керiсiнше жылдан жылға азаю үстiнде. Оның басты себебi негiзгi инвестиция көзi болып табылатын шетелдiк компаниялар инвестициясы өз қаржыларын өңдеушi салаға салғанға қарағанда шикiзаттық салаға салуға ынталы болып келедi. Сондықтан ендiгi жерде мемлекет пен ұлттыө компаниялар өз мүдделерiн бiрiктiрiп, өздерiнiң инвестициялық саясатын негiзiнен өңдеушi салаға бағыттауы керек. Ол үшiн оған мемлекет тарапынан белгiлi бiр экономикалық саясататр арқылы жеңiлдiктердi қалыптастыр керек.

Ендi осы жалпы инвестициядағы мұнай саласындағы өнеркәсiп пен өңдеушi өнеркәсiпке тартылған инвестициялардың үлесiн келесi сурететн көре аламыз:

Сурет- 2 – Өнеркәсiп саласына тартылған инвестициядағы мұнай және өңдеушi өнеркәсiпке салынған инвестицияның үлесi

6-шы суреттен көрiп отырғанымыздай елдегi өнеркәсiп саласына инвестициялардың басым бөлiгi мұнай өнеркәсiбiне салынуды, ал маңызды сала болып табылатын өңдеушi салаға инвестиция көлемi өсудiң орнына жылдан жылға төмендеу барысында.

Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.