Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар

Біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды білуіміз қажет.

Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахарованың ойынша, шетел тілі сабағы нақты талаптарға сай жүргізілуі міндет. Сабақ сол пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек (1).  Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету стратегиясын анықтайды.

Н.Д. Гальскова, Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович еңбектерінде шетел тілі сабағына қойылатын келесі талаптар жайлы айтылады (1, 2).

  • Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әр-бір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелеі, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек.

Мысалы: оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету, диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету. Белгілі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т.с.с.

  • Сабақтың маңыздылығы: Мұғалімдер мен оқулықтың аторлары ұсынған үлгілен мен мысалдары жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы керек. Мысалы: неміс тіліндегі перфектті (Perfekt) оқушылар диалог түрінде жақсы қабылдайды.

— Hast du dieses Buch gelesen?

— Ja, ich habe es gelesen.

Сабақта қолданылған үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Оқу жағдаяттары оқушылардың берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту, яғни білім алу мотивациясын дамытуы тиіс.

  • Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру: көп жағдайда сабақта мұғалім белсенді болады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сол себепті сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын жолдар іздеу қажет.
  • Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл мақсатта техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдардың көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Олар: магнитафон, диафильмдер, бейнефильмдер. Қазіргі кезде компьютермен, электронды оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шетел тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Сол кезде тек тілдік дағдыларды ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды игере білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың да маңызы зор. Осындай жағдайда ребустар суретер, мақалалар көмек болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушыларға тілдегі ерекшеліктерді түсінуде көмек болады.
  • Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақты басқа да ғылым салаларымен және пәндермен байланыстыра оқыту, ақпараттық құралдарды қолдану тиімділігі. Сабақты басқа пәндермен байланысты ра жүргізу оқушылардың терең жан-жақты білім алуына , білім деңгейін кеңейте түсуіне ықпалын тигізеді. Мұғалім оқушыларды өздігінен ақпарат іздестіруге талпындыру қажет. Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттердің ұйтқысы болу міндет.

Шетел тілін оқытудағы мақсат оқушылардың оқып үйреніп жатқан тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеріп, оны шынайы контексте қолдануын көздейді. Қорыта келе айтқанда бүгінгі таңда шетел тілінің жалпы білім беретін пән ретінде орта мектепте атқарар қызметі – оқушыларды өздері тілін үйреніп жатқан халықпен түсіністікке, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, білім тәрбие беріп, әрі жеке басын, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамыту болып саналады.