Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі

22.02.02 ж. №296-II «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей,туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айрысуларды келтіруге болады:

Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:

1.Туристік азық-түліктердің құны  2208000.

2.Туристік компаниялардың шығыны (7110,7210) 180000.

3.Жоспарлы рентабельділік-10%  220800.

4.Үстеме  400800.

Үстемелер деңгейі-18%

5.Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым

2608000

6.Салық салынатын айналымдағы ҚҚС  417408.

7.Сату көлемі  30254008.

Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылады:

а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:

 7010 «Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны» шотдебеті

8010 «Негізгі өндіріс» шот кредиті 2208000,

ә)сатып алушыға шотты ұсынғанда:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебиті

6010 «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыстар» шот кредиті

 2608000,

б) ҚҚС сомасына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебиті

3130 «ҚҚС» шот кредиті 417408,

в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:

1040 «Ағымдық шоттағы ақша»,1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шоттар дебиті

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті  3025408.

Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:

а) сатудан түскен түсім сомасына:

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

6010 «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыстар» шот кредиті

2608000,

ә) ҚҚС сомасына:

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

3130 «ҚҚС» шот кредиті  417408,

б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:

3130 «ҚҚС» шот дебеті

1040 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті  417408.

Есептік кезеңнің соңында:

а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:

5520 «Жиынтық табыс» шот дебеті

7010 «Сатылған дайын өнімдердің  өзіндік құны» шот кредиті

2208000,

ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылады:

7010 «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыстар» шот дебеті

5520«Жиынтық табыс» шот кредиті 2208000,

б) қорытынды табыста кемітудің шығындары есептен шығарылады:

5520 «Жиынтық табыс» шот дебеті

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары», 7110 «Тауарларды сату шығындары» шоттар кредиті 180000,

в) корпоративтік табыс салығы есептеледі-30%:

7710 «Корпоративтік табыс салығы бойыншы шығындар» шот дебеті

3110 «Төлеуге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шот кредиті

66000,

г) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылды:

5520 «Жиынтық табыс» шот дебеті

7710 «Жиынтық табыс бойынша шығындар» шот кредиті 66000,

ғ) таза табыс анықталып, есептен шығарылды:

5520 «Жиынтық табыс» шот дебеті

5410 «Бөлінбеген табыс» шот кридиті                                  154000

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!