Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау

Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосатын шығын құрамы БЕС №7 «Тауырлы-матералдық қор есебі»және оған әдістемелік ұсыныспен реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкесде туристік азық-түліктердің өзіедік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.

Туристік азық-түліктердің өндірістік құнына тікелеи және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.

Тікелей шығындар –бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей қосылуы мүмкін шығындар ескеріледі.

Жанама шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар. Өндірістегі процестегі қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптарды қалыптастырады.  

Туристік азық-түліктерді өндіру шығындарын тапсыру экономикалық мазмұнына және БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:

а) экономикалық элементтермен:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекақы шығындары;
  • аударым;
  • құралдардың тозуы;
  • басқадай шығындар,

ә) шығын баптары бойынша:

  • материалдар;
  • еңбекақы;
  • аудрым;
  • үстеме шығындар.

Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс»калкуляциялық шоттар,8040 «Үстеме шығындар» жинау-бөлу шоты және «Кезең шығындары» 34 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 8010, 8030, 8040 шоттарының сальдосы жоқ және айдың бітуі бойынша бұл шоттарда дебет бойынша жиналған шығындар «Өткізілген өнімдердің өзіндік құны» 7010 шот дебеттінде есептен шығарылады.

БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құнына мыналар қосылады:

1) туристік субъектілерді туристік азық-түлікті қалыптастыратын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету шығындары;

2) аударым;

3) көлік шығындары:тасымалдап қызмет көрсетулер;

4) туристік фирмалардың асырау,қызмет ету және басқару шығындары;

5) жаңа туристік азық-түлікті әзірлеу және игеру шығындары;

6) турды жүзеге асырубойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы субъектілерге төлемақылар;

7) контрагенттерге комиссиялық сыяақы;

8) басқадай шығындар мен төлемдер.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі. Еңбекақы шығыны нормалан- байды және туристік кәсіпорындарда қабылданған есептік саясаттың тәртібіне сәйкес әрекет ететін туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылады.

Туристік субъектілер еңбекақының формасын, жүйесін және мқлшерін ҚРЗ №493-1 (10.12.1999 ж.) «Қазақстан Республикасында еңбек туралы» ҚР Заңына, еңбекақының формасы мен жүйесі тікелеи кесімдіақы, кесімді-сыйлықақылы, ілгері-кесімдіақы, жанамалы кесімдіақы, белгіленген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 12.05.2000 ж. №111-п. Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.12.2000 ж. №1942 «Қызметкелердің орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі туралы нұсқау» және «ҚР еңбек мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар» қаулысына сәйкс дербес белгілейді.

Туристік субъектілерді жұмысшы күшімен қамтамасыз ету шығыны мына жазу бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады:

8012 «Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті

4230 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 60000.

Аударым (әлеуметтік салық)Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және Қазақстан тұрақты тіршілік ететін азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы қорынан Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбекақы қорынан аудару(әлеуметтік салық) сомасына бухгалтерлік есепте мына жазулар жазылады:

8013,8033,8043 «Еңбекақыдан аудару» шоттар дебеті

3150 «Әлеуметтік салық» шот кредиті.

Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасын төлеу 20.06.97 ж.№136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен, ҚР Үкіметінің 16.09.97 ж.№1342 «Зеинетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықта Қазақстан Республикасы азаматтарына Әлеуметтік жеке код иемдену тәртібін бекіту туралы» қаулысымен, ҚР Үкіметінің 15.03.99 ж. №245 «Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және аудару Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және қызметкерлердің еңбекақысының басқа да нормативті құжаттарымен реттеледі.

Мұнда мына жазулар жазылады:

4230 «Еңбекақы бойынша қызметкерімен есеп айырысу» шот дебеті

3220 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырлысу» шот кридиті 6000.

Негізгі құралдар амортизациясына байланысты шығындар туристік фирмалардағы есептік саясатқа қабылданған әдістермен анықталып, көрініс табады:

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110 «Өнімді өткізу шығындары» , 8045 «Негізгі құралдардың тозуы және матералдық емес активтердің амортизациясы» шоттар дебеті

2421-2428 «Негізгі құралдардың тозыуы» шот кредиті  1820.

Жалпы шарушылықтың шығындарына келсек, туристік азық-түліктердің өзндік құнындағы субъектілерге қосылмай, қорытынды табысты кеміту есебінен орны толтырвлатын кезең шығындары ретінде танылады. Олар өндіріс көлеміне тәуелді емес және нақты туристік өнім түрлерімен байналысы жоқ тұрақты шығындар ретінде анықталады.

  • Көлік шығындары:тасымалдаушының қызмет көрсетулері мұнда мынандай жазу жүзеге асырылады:

а) алынған жол құжаттарының сомасына

8048 «Басқадай үстеме шығындар»шот дебеті

4110 «Төленуге тиісті шоттар», 4170 «Басқадай кредиторлық берешек» шоттар кредиті

ә) жол құжаттарының төлемақысы:

4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1060 «Ағымдық шоттағы ақша»,1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1070 «Чек кітапшасындағы ақша», 1251 «Еңбек беретін адамдармен есеп айрысу» шоттар кредеті              459000

  • Туристік фирманың асырау,қызмет ету және басқару шығындары.
  1. Материалдық шығындар:

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті

1310-1315,1317 «Материалдар» шоттар кредеті

2.Басқарушы қызметкерге еңбекақы есептеледі:

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

4230 «Еңбкақы бойынша қызметкерлермен есеп айрысу» шот кредеті

3.Басқарушы қызметкердің еңбекақы қорына аудару сомасына:

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

 3150 «Әлеуметтік салық» шот кредеті

  1. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары:

 7110 «Тауарларды өткізу шығындары» шот дебеті

 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.

  • Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың сбъектісіне төлемақылар.

Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер-қонақ үйлермен,пансионаттармен,санаторийлармен,демалыс үйлермен және т.б. қызмет көрсету,оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісімшартқа сілтеме жасай отырып,тариф бойынша орын толтырады:

а) тұрғын үшін

8015 «Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

4110 «Төлеуге тиісті шоттар» шот кредиті  3060000,

ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:

4110 «Төлеуге тиісті шоттар» шот дебеті

4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1060 «Ағымдық шоттағы ақша»,1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1070 «Чек кітапшасындағы ақша», 1251 «Еңбек беретін адамдармен есеп айрысу» шоттар кредеті          3060000.

  • Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына менеджерлерге таныстыру турының шығындары,қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары,басшылардың келісімшартқа қол қоюына қызметтік іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.

а)жүзеге асырылған шығындар сомасына:

1620 «Басқадай алдағы кезең шығындары» шот дебеті

4110 «Төлеуге тиісті щоттар» шот кредеті

ә)ептептеу принцптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:

8015 «Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

1620 «Басқадай алдағы кезең шығындары» шот кредиті.

  • Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге коммиссиялық сыйақы:

а)туристік азық-түліктерді сату:

8015 «Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә)комиссия келісімшарты бойынша сыйақы төлеу:

3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1060 «Ағымдық шоттағы ақша»,1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1070 «Чек кітапшасындағы ақша», 1251 «Еңбек беретін адамдармен есеп айрысу» шоттар кредеті

  • Басқадай шығындар мен төлемдер.

Визалық қызмет көрсету-туристік фирмалар әдетте туристік азақ-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп талады.Мұнда мына жазулар жүзеге асырылады:

а)туристердіен консульдық алымды өндіріп алу сомасына:

1010 «Касадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:

2150 «Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот дебеті

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті

б) аванстық есеп берудің негізінде:

3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

2150 «Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот кредиті

  • Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік агенттік болып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді.

Агенттік келісім-жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындағаны туралы және сенімхат бойынша принципал атынан оператцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндет түрлеріндегі принципал мүдесіндегі келісімшарт түрі. Агенттік келісімге қол қоюда агентке сақтандыру полюсының бланкілері беріледі. Туристік фирмаларда блакілер 006 «Қатаң есеп берудің бланкілері» балансталған шотына кірістеледі. Бланкінің жылжу есебі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агенттің берешегімен камиссиондығын сақтандыру келісімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат-бордероны  алудағы келісімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:

∙ туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

∙ туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:

6010 «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыатар» шот кредиті.

∙ сақтандыру кампанясы төлеген белешектер сомасына:

3390 «Басқадай кредиттолық берешек» шот дебеті

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті.