Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатына туроператорлық,турагенттік,экскурциялық қызметтер,туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады.Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.Лицензия туралы,туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.012002 ж. №06-2-2/3 бұрынғымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.

Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық-құқық сақтандыру келісімшартын бекітіп,он бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.

Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек,қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет.

Активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы алу.

Туризм-Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі,шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу,танымдық,кәсіби-іскерлік және т.б. сапарлары

Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында,ҚР Азаматтық кодексінде,2001 жылдың 13-ші маусымындағы №211-II (22.02.02 ж.№296-II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халыаралық стандарттына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:

  • Негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
  • Ақпаратардың сапалы сипаттамалары(түсініктілігі,орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).

Бұған қоса олар БЕС 30 «Қаржылық есеп белулердің табыс ету» реттемеленіп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңды белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъктілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.

Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық оператцияларын ресімдеуге қолданатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.

Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді.Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып,бас бухгалтер қызмет штатын ашады,алғашқы келісімшартпен мамандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.

Бас бухгалтер субъктінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаментті және ҚР Қаржы министірлігі аудитта жүзеге асырылады.