Туристік қымет көрсетулер және олардың мәні.

Қазіргі жағдайда туризмның дамуы қарқын алып келеді.Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып,туристік бизнесті жолға қойды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:

-келу туизмі-Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған;

-кету туризмі-Қазақстан Республмикасы азаматтарының алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру;

-шоп-туризімі-«желқайықтармен» қызмет ету;

-ішкі туризм-ел ішінде отандық туристермен жұмыс;

-әлеуметтік-мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат;

-өздігінше-туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын,жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.

Бұған қоса,туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар:

-турист-уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп қана қайтатын,денсаулығын түзеуге,ел көріп,жер тануға,кәсіби іссапармен,спорттық,діни немесе ешқандай мақсатсыз,бірақ ақысы төленгендіктен елге келетін азамат;

-туристік индустрия-қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының,көлік құралдарының,қоғамдық тамақтандыру объектілерінің,ойын-сауық құралдары мен объектілерінің,танымдық,іскер,емдеу,спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туроператорлық пен турагенттік қызметті жүзеге асыратын субъектілердің,cондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылрдың қызмет көрсету субъектілерінің жиынтығы:

-тур-туристерді орналастыру,жүктерін тасу,тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің,экскурциялық қызмет көрсетудің,сондай-ақ жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсетуі мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;

-туристік азық-түлік-туристерге өткізуге арналған тура құқық;

-туристік азық-түліктің жылжуы-туристік азық-түлікті өткізуге бағытталған шаралар кешені;

-туроператорлық қызмет-заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру,жылжыту және өткізу қызметі;

-туристік жолдама-туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат;

-туристік кепілхат-тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат;

-туристік кәсіпорын-туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға,ерекшеленген шаруашылық бірлігі.