Люксембург компромисі

Экономикалық интеграциядағы генерал де Голль саясатының негізі, ЕЭҚ жүйесіне ауылшаруышылықты енгізу еді. Рим келісімінде ең алдымен өнеркәсіптік интеграция көзделсе, ал Франция мүдделі болған ауылшаруашылық интеграция мәселелері жалпы түрде қалды. Бесінші республика ауылшаруашылық өнімі үшін бірыңғай нарықты талап етеді. 1963 жылы ауылшаруашылықты «Ортақ нарыққа» енгізуде голлистер ең шиеленіскен кезенді басынан кешірген болатын.

1963 жылы мамырда Женевада Сауда мен тарифтер бойынша бас мүшелерінің конференциясы ашылады. Онда АҚШ өкілдері ЕЭҚ мүшелеріне өнеркәсіп тауарларына баж салықтарын 50%-ке темендетуді ұсынады. ЕЭҚ мүшелері оған қарсы болады. Осылай «Кеннеди раунды» атымен тарихқа кірген ұзақ тіке тірес басталады.

Шарль де Голль және оның жақтаушылары «Ортақ рыноктың» толық құрмастан, кедендік барьерлердің төмендеуі, ЕЭҚ, оның ішінде, жалпы «Еуропалық Еуропа» қалыптастыруға кедергі болады деп ойлады.

1964 жылы 15 желтоқсанда Брюссельде 1967 жылдан бастап бидай мәдениеттеріне бірыңғай бағалар туралы келісімге қол қойылды. Унификациялық бағалар бидайға, арпаға, қара бидайға орнатылды. Осылай Франция өзінің шектен тыс өнімін қымбатқа сатуға мүмкіншілік алды. Бұл тек қана экономикалық емес, сонымен қатар саяси жеңіс еді.

Алайда астыққа бірыңғай бағаларды орнату аграрлық интеграция мәселелері бойынша дауды аяқтай алмады.

Астыққа бағалардың унификациясынан кейін күн тәртібінде қаржы унификациясы мәселесі қойылды.

1965 жылы 25 наурызда ЕЭҚ Комиссиясы 1969 жылдың соңына дейін ауылшаруашылық рыногын қаржыландыру бойынша белгілі бір ұсыныстарды енгізді. 1967 жылы 1 шілдеде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тауарлары үшін жалпы нарық құрылуы тиіс еді. Ауылшаруашылық рынокты қаржыландыруды еуропалық фонд іске асыру керек еді. Комиссия осы фондты еуропалық парламенттің бақылауына беруге ұсынды, ал бұл осы органдардың ұлт үстіндегі сипатын арттырған болар еді. Сондықтан бұл Бесінші республика үкіметінің қарсылығын туғызды. Қауымдастықтың министірлер Кеңесінде осы мәселелерді талқылағанда «Ортақ нарықтық» үшінші және ең шиеленісі пайда болды.

«Ортақ нарықтағы» Францияның тұрақты өкілі кері шақырылады. Алғашқыда қаржы-техникалық мәселелерді шешуде пайда болған күйзеліс саяси сипатқа ие болды және ол 1968 жылдың қаңтардың соңына дейін жалғасты. «Алтылық» қандай бағытта «Мемлекеттер Еуропасы» немесе ұлт үстіндегі қауымдастық ретінде дамитыны туралы мәселе еді.

1965 жылы 9 қыркүйекте пресс-конференцияда Шарль де Голль еуропалық дамудың тұжырымдамасын мәлімдейді: «Жеті жыл бойы біз «Жалпы нарықты» құруға белсенді қатыстық, бірақ бұл әділетті қауымдастықтың болатынына сендік». Еуропалық федерацияның басқа да тұжырымдамасы бар, ол бойынша мемлекеттер өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтады. Ал Франция болса, конфедерация құруды ұсынады.

1965 жылғы 23 наурызда Комиссияның шешімін генерал де Голль ұлттық емес деп айыптап, шешімдерді қабылдағанда көпшілік принципінен бас тартады. 1965 жылы желтоқсанда «алтылықтың» сырткы істер министірлерінің кездесуіді 1966 жылдың қаңтар айына жоспарлаған еді. Люксембургте өткен кездесуде Нидерланды мен ГФР-ның қарсылығынан франция өз мақсаттарына жете алмады, тек 1966 жылдың 30 қаңтарында қабылданған шешімдермен қанағаттандырылуы керек болатын. Ауылшаруашылық интеграциясы мәселесі бойынша Люксембургте жұмыс бағдарламасы қабылданды. 1966 жылы 11 мамырда біріккен ауылшаруашылық саясатының қаржысын реттеу туралы келісімге қол қойылды.

1966 жылы 24 шілдеде 1967 жылы 1 маусымынан бастап Франция талап өткен маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне жалпы бағлар орнатылатыны туралы шешім қабылданды. Батыс Еуропада голлизмнің ықпалымен алты мемлекеттің кедендік одағы құрылды.

1968 жылы қазанда француз үкіметі Брюссельде «алтылықты» нығайтуға бағытталған жоспарды ұсынады, ол тоғыз пункттерден тұрған болатын: 1) кедендік заңлықтың ғармонизациясы; 2) қауымдастықтың шеңберінде тауарларды айырбастау үшін техникалық кедергілерді жою; 3) біріккен ғылыми және технологиялық саясатты жүргізу; 4) салық саясатын және капиталдар қозғалысы туралы заңдықты қиыстыру; 5) өнеркәсіптік меншік мәселесін шешу; 6) еуропалық түрдегі сауда қауымдастық мәселесін қарастыру; 7) құқықтық мәселелрді шешу; 8)біріккен көлік саясаты; 9) біріккен энергетикалық саясаты.

Осылайша  кіші Еуропаның кеңею мәселелері француз басшыларының саясатында маңызды орын ала бастады.