Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту

Бағдарламалап оқытудың негізін Гарфорд университетінің профессоры Б.Ф. Скиннер қалаған. Оның дамып жетілуіне көптеген елдердің ғалымдары да өз үлестерін қосты. Олардың қатарында бұрынғы В.П.Беспалько, Т.А.Плызина, П.А.Гальперин, Т.А.Ильина, А.И.Раева, Э.Дрефенштендт т.с.с. ғалымдар болды.Олар бағдарламалап оқытудың мазмұнын аша түсуге, оған деген көзқарастарды қалыптастыруға ат салысты. Олардың кейбірі өз еңбектерінде бағдарламалап оқытуды дидактиканың жаңа бір жүйесі, ал екіншілері оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу формасы, ал үшіншілері оқытудың бір әдісі ретінде қарастырады.

Педагогикалық көзқараспен қарағанда бағдарламалап оқытуды былайша анықтауға болады. Оқу материалын бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөлікиерге бөлшектейтін, әрбір оқушының іс-әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын және оқылатын материалды меңгеру барысын үдайы бақылауға көмектесетін жүйе бағдарламалап оқыту деп аталады.

Бағдарламалап оқыту мынадай принциптерді басшылыққа алады.:

а) Оқушыларды меңгеруге және басшылыққа (есте сақтауға) алуға тиісті
оқу материалдарын үқыпты іріктеуге үйрету.

ә) Оқу материалдарын берудің қатаң логикалық жүйелілігін сақтау;

б) Оқу материалын шағын аяқталған үлестерге мүшелеу;

в) Оқушылардың оқу қызметін рет-ретімен бақылау, басқару және кері
байланысты жүзеге асыру;

г) Бағдарламаланған материалдармен жұмыс кезінде оқушылардың дербестігі мен белсенділігін арттыру.

Осы айтылған бағдарламалап оқытудың әлементтерін бастауыш кластардың өзінде-ақ қолдану мүмкіндіктері бар. Енді кейбір бағдарламаланған тапсырмаларды мысалға келтіре кетейік.

Карточка 8-1,1.

1.16 жәшікке 7 кг-нан алма салынды. Егер әрбір жәшікте 8 кг-нан салынса, осы алмаға қанша жәшік қажет болар еді?

  1. Дүкенге 302 нанэкелінді. Ол барлық экелінуге тиісті нанның 1/5 бөлігі
    еді. Дүкенге барлығы қанша нан әкелінуі тиіс?
  2. 37 • 4 + 84 : 7 ; 1250 • 70 — 2160 : 30
    4.638232 және 919884 сандарының 5/7 бөліктерін табыңыз.

Осы тапсырманы өз бетінше шығарып кетеалмайтын оқушылар үшін мұғалім қосымша мынадай керточканы алдын-ала дайындап, өзінде сақтайды. Бақылау немесе өзіндік жұмыстар кезінде класты аралаған мұғалім қажеттапқан оқушыларға осы көмекші карточкаларды таратады.

Карточка 8-1,1 -А 1.

Жәшіктердің сыйымдылығы Жәшіктің саны Барлық алманың салмағы
7 кг 16 Бірдей
8кг ?
  1. Бүтін бөлігі қанша болады?

З.Амалдардың орындалу ережесін пайдалан.

4.Алғашқыда берілген сандардың 1/7 бөлігін, соңынан 5/7 бөлігін тап.

Егер кейбір оқушылар бұл нұсқаудан кейін де жұмысты орындай алмаса, онда екінші кезекте төмендегі үлгідей қосымша тағы бір карточкаларды тьиісті оқушыларға таратуға болады.

Карточка 8-1,1 -Ә

  1. 7 кг-дық жәшіктердегі алмалар салмағы 17 ■ 61 кг
    8 кг-дық жәшіктердегі алмалар салмағы 18 ■ хі кг
  2. Теңдеу құрыңыз және оны шешіңіз.
  3. Содан оңға қарай көбейту және бөлу амалдарынорындаңыз.
  4. Берілген сандарды 7-ге бөліп оның бір бөлігін алыңыз 5/7 бөлігін
    табу үшін бір бөлікті 5-ке көбейтіңіз.

Бағдарламалап оқыту әлементтерін пайдаланудың машинасыз тексеруін перфопапкілер мен первокарталарды пайдалану арқылы жетістіруге болады.

Первопапкіні барлық класс оқушыларына бірдей өлшемді қалыңдау Қағаздан дайындау қажет. Мысалы, 12 см х 10,5 см өлшемді етіп салуға болады.

Айдарбеков А
\ Ж

с \

1 2 3 4 5 6
1            
2            
3            
4            
5            
6            

Бағдарламаланған тапсырмада бақылау жұмысына қатысты бірнеше есептер мен мысалдар беріледі де, әрбір есеп пен мысалдың 4 немесе 5 жауаптары келтіріледі. Жауаптардың тек біреуі дұрыс ал қалғандарына оқушылардың қате ойлауынан кейін келетін жауаптар таңдалады. Перфопапкіде баған бойынша сұрақтардың реті көрсетіледі де, жатық жолда жауаптардың нөмірі беріледі. Мысалы, бірінші сұрақтың үшінші жауабы дұрыс болса, онда оқушы 1-қатардағы үшінші тор көзді қосу таңбасымен белгілеуі керек. Ал екінші сұрақтың төртінші жауабы дұрыс болса. Онда оқушы 2 қатардың төртінші тор көзі белгіленуі тиіс т.с.с

Мұғалімде берілген сұрақтардың жауаптырының дұрысын ашық тор көз етіп алынған первопапкінің өлшемімен бірдей карточка болады. Оны первокарта деп атайды. Первокартаның көмегімен тапсырманы орындап болған оқушының жұмысының дұрыстығын сол сэтте тексеруге мүскін болады.Осылайша оқушылардың өз жұмыстарының нәтижесін тез арада көрсетіп олардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады.

Бағдарламаланған тапсырмаларды төрт вариантта дайындалып, бірақ әрбір оқушыға жететіндей етіп тапсырмалар көбейтілуі тиіс. Бақылау жұмысын орындау барысында оқушы өз варианты кімде екенін білмей қалуы ұпіін тапсырмаларды рет нөмірімен белгілеп кете беру қажет. Ал мұғалімде төрт вариантқа төрт первокарта дайын тұрады. Қай оқушы қай варианттағы тапсырманы орындағанын табу үшін, оқушының вариантының нөмірін төртке бөлу керек.

Және ескеретін бір мәселе төрт вариантта дайындалған тапсырмалардың қиындық деңгейі төрт түрлі болып, кластағы оқушылардың жеке қабілеттері ескеріледі. Мүгалімнің ұйғарымымен кейде алты вариантта да тапсырмаларды дайындауға болады.

Первопапкі мен перворкарталарды былайша да пайдалану тиімді.
Мысалы тапсырманың мынадай сұрағын қарастырайық:
Мына өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетіп, оның нәтижесін
есепте: 4 26 + 65 : 13 — 8. Сұрақтыңі төмен жағына жауаптар жазылады.
1) Қосу                             4)Көбейту

2) Бөлу                           5)5

3) Азайту                         6) 101.

Мұндағы баган (тік жол) бойынша амалдардың орындалу реті, ал жатық жол бойынша ол амал жауаптарда нешінші болып жазылғаны белгіленуі тиіс.Мысалы берілген мысалда бірінші болып көбейту амалы орындалуы тиіс, ол жауаптарда төртінші нөмірге ие. Олай болса, 1-ші қатардан 4-шітор көз қосу таңбасымен белгіленеді. Екінші болып бөлу амалы орындалуы тиіс, ал ол жауаптарда (төртінші нөмірге ие) екінші бөлек жазылып тұр.Яғни екінші қатардың екінші тор көзіне таңба түседі. Қалған амалдар да сол сияқты белгіленеді. Ал бесінші қатарға өрнектің дұрыс мәнін белгілеу қажет. Берілген өрнектің мәні 101-ге тең болғандықтан, бесінші қатардың алтыншы тор көзі қосу таңбасымен белгіленеді. Ягни дұрыс жауап төмендегі кестедегідей болады (2-сурет)

 
  1 2 3 4 5 6
1            
2   +        
3            
4     +      
5         +  
6            
             

2-сурет

Сондай-ақ, бастауыш кластағы геометриялық материалдарға қатысты мынадай бағдарламаланған тапсырманы даярлауға болады. Мысалы, мына сызбадағы (3-сурет) фигураларды реті бойынша атаңыз.

Сызбаның төменгі жағына мынадай кезекте фигуралардың аттары

жазылады:

І.Квадрат                            4.Тіктөрбұрыш

  1. Бұрыш 5. Төртбұрыш
  2. Кесінді 6. Үшбұрыш

Осыдан кейін оқушыларға:

«Сызбадағы фигуралардың нөміріне жауаптағы (аттары жазылған) нөмірлердің қайсысы сәйкес келетінін табыңдар» деген тапсырма беріледі. Бұл суреттің жауабы 4- суреттегідей кескінделеді.

Аты-жөні
  1 2 3 4 5 6
1     +      
2   +        
3           +
4   +        
5       +    
6            
             

4-сурет

Бастауыш кластарда жауаптардың нөмірін атау үшін әртүрлі тиісті жалаушаларды немесе нөмір жазылған карточкаларды пайдалану мумкіндігі бар. Мысалы, олардың қолындағы жалаушалардың көк түсін —1 ал, жасылды —2, ақты -, сарыны — 4, қызылды — 5, деп келісуге болады.Енді жалаушаларды қалайша пайдалануға болатындығына қысқаша тоқтала кетейік.

Мысалы, 24+18: 3 — 27 өрнегінің төрт немесе бечс жауаптары төменгі жағына былайша жазылады.

1)84; 2)16; 3)0 4)196

Бұл жауаптардың екіншісі дұрыс. Сондықтан оқушылар өрнектің мәнін есептеп болған соң жасыл жалаушаны көтеруі қажет. Қай жалаушаны көтерген оқушының жауабының дұрыстығын мұғалім кластағы оқушылардың басым көпшілігі сабаққа қатысқан соң мұғалім дұрыс жауабын атаған бір оқушыны тақтаға шақырып, мысалдың шығару жолдарын жаздырады., ал қалғандары өз жұмыстармен салыстырады.

Басқалардан көп ерте мысалды шешіп қойған оқушыларға қосымша басқа тапсырма дайын тұрғаны тиімді. Ол оқушылардың қарап отырып қалмауына және басқаларға кедергі бермеуіне септігін тигізеді.

Бағдарламалап оқыту әлементтерін пайдаланудың өрісін былайша өрбітуге болады. Оқушылардың алдына 0-ден 9-ға дейінгі сандардың барлығы жазулы түрады. Мысалы шешуде қай оқушы дұрыс жолға түскендігін байқап отыру үшін мұғалім бірінші амалдың нәтижесін көрсетуін сұрайды. Оқушылар алдарындағы сандар бойынша өз нәтижелерін көрсетеді. Дұрыс жауапты көрсеткен оқушыларға әрі қарай жалғастыруға тапсырма беріліп, ал қате жіберген оқушыларға өз қателерін іздестіруі жүктеледі.

Бағдарламалап оқытудың бастауыш сынып математика курсында әлементтерін пайдалану арқылы оқушылардың ойлау белсенділігі арттырылады. Бағдарламалап оқытуды қолдану арқылы оқушыларды жоғары оқуға түсу кезінде көп көңіл бөлініп отырған тестік жүйемен қабылданатын емтиханға да дайындау мүмкіндігі іске асады.