Шығармашылық тапсырманы орындау-өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу жолы.

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу-олардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтандырады. Ол үшін баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес, сабаққа қызықтырып отыратын әртүрлі көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды әрі көп, әрі ұтымды пайдалану керек.

Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары тек өткен сабақты қайталау, жаңа материалды бекіту кезінде ғана емес, сабақтың барлык кезеңдеріне де қатысты. Яғни сабақтың мақсатына қарай, өздігінен жү_мыс істеуді сабақтың басында да, соңында да жүргізіп, оған бөлінетін уақытты сабақтың мазмұнына қарай өзгертіп отырған жөн.

1-класта оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына мұғалім тікелей басшылық жасап, оның барысын қадағалап отыруға тиіс. Мүмкіндігінше аз уақыт ішінде бірнеше жұмыс түрлерін жоспарлау Қолайлы. Жалпы төмен класс оқушыларын өзбетімен жұмыс істеу тез жалықтырады. Сондықтан мұғалім оны ұзаққа созылмайтындай, әрі Қызықты етіп ұйымдастыру жолдарын іздестіруі қажет.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мынадай Қағидаларды есте сақтау керек.

  1. Өздігінен орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы қойылатын талапқа сәйкес болуы керек.
  2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуы тиіс.
  3. Өзіндік жұмыстың формасы және мазмұны әртүрлі болуы керек.
  4. Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы тиіс.

Енді осы жағдайларды ескере отырып шығармашылық тапсырмаларды оқушылардың орындауын қарастырайық.

Айталық сандардың құрамын балалардың естеріне түсіру мақсатында жүргізілетін жаттығуларды ойын түрінде беруге болады. Мысалы, мұғалім қолына доп алып, балалардың зейінін өзіне аударады.

– Мен сендерге сан айтамын, ал сендер сол санның қандай сандардан
құралатынын айтасыңдар. Сегіз (мұғалім допты отырған баланың біреуі не
лақтырады). Оқушы допты қағып алып, есепті шығарып, 6+2= 8 деп,
мұғалімге қайтадан лақтырады.

Мұғалім допты басқа балаға лақтырады. Оқушы 4+4= 8 деп допты мұғалімге қайтадан лақтырады. т.с.с.

Осы сияқты, әр тақырыпты өткенде жаттығу түрлеріне қозғалыс ойын әлементтерін оқушылардың өздігінен орындауына да болады.

Математика сабағында оқушыларды өзіндік немесе шығармашылык жас ерекшеліктерін, ой-өрісін, ойлау, қабылдау қабілетін ескеріп, оқулык көлемінде шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Мәселен, он көлеміндегі сандарды қосып , алу кезінде оқулықта берілген есеппен сәйкес. Аягөзде 8 түрлі қарындаш бар, Айгүлдің одан 2 қарындашы артық. Айгүлде қанша қарындаш бар? деген есепті оқушылардың өздеріне құрастыруға болады. Мұғалім бұл жерде тек сұрағын қойып, беруі керек. Оқушылардың ойлауына, есептеуіне мүмкіндік беріп, өзбетінше шығаруын қарастырған жөн. Аягөз, Айгүл сол сыныпта оқитын болғандықтан, оқушыларға бұл туралы есептер қүрастыру қызықты болады. Айгүлде 10 қарындаш бар деген жауап алады. Мұғалім бұл жерде:

Қане, қандай амал қолданамыз деген сұрақ қояды. Оқушылар: қосу амалын қолданамыз, – деп есептің шығару жолын тақтаға жазады. 8+2= 10 қарындаш Айгүлдікі.

– Айгүлдің неше қарындашы артық? Оқушылар: 2 қарындаш артык-
Деп, жауап береді.

– Аягөздің неше қарындашы кем?- деген сұраққа да: 2 қарындашы
деп жауап береді. Бұл жерде артық болса көп екенін түсінеді .
Шығармашылық жү_мыс класс оқушыларының ойлауын дамытады.

 күнделікті сабаққа дайындалу жоспарына жазылып, сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай қарастырылады. Бүған ойын есептер, өлең есептер, жүмбақ, жаңылтпаш есептері жатады.

Шығармашылық есепке қатысу оқушылардың шапшаң меңгеру, түсіну, қабылдау зейінін қалыпқа келтіруге үйретеді. Оқулықтағы дайын есепты шығара отырып, өзіндік есеп қүрастыруға үйретеміз. Бастауыш  оқушылары ойынға қүмар келетіні белгілі. Сондықтан оларды ойын есептер шешуге қарастырып шығарғанымыз жөн. Ойын есеп оқушының ойына қонымды, білім дәрежесіне лайық әрі қызықты болуын қарастыру керек.

Математикалық ойын «Қызықты квадрат»

4  
 57
 1 

482
357
816

Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі. Олар 2,3,6,8,9 цифрларын пайдаланып, квадраттың бос көздерін жатық жол, тік жол және үзік сызықтар бойынша есептегенде 15 болатындай етіп толтырады. Қай команда бұрын толтырса, сол команда ұтады. Команда өкілдері класқа қарап тұрып, бастаушының «Кірісіңдер!» деген белгісі бойынша бастайды. (Жауабы: оң жақтағы суретте).

Оқушылар тез қабылдап, зейінін қалыпқа келтіру үшін, жаңылтпаш есептің де пайдасы бар.

Класта барп 30 оқушы,

Үштен бірі бақташы.

Қалғанының жартысы бақшашы

Жартысы қақпашы

Бақташы нешеу? Бақшашы нешеу?

Қақпашы нешеу?

Оқушылар тез-ақ ойланып шығарады. Тақтаға бақташы – 10. бақшашы – 10, қақпашы – 10 деп жазады.

Тақтаға жазылған сұраққа есеп қүратып, сабақ өту барысында да оқушыларға өзбетінше есеп шығаруға болады. Шығарылған есептің шартына лайық мазмұны бөлек есептерді тапсырмаға беріп, қосымша материалдар немесе карточкалар бойынша өзбетңнше есептер шығарып, шығармашылық танымын дамытуға болады. Оқушыларға шығармашылык тапсырма беру оқушының дүниетанымын кеңейту, патриоттық сезімге бөлеу болып табылады. Сондықтан құрастырған есептің тәрбиелік мәніне Де көңіл бөлген жөн. Қазіргі заманымыз-космос заманы. Сондықтан ғылымның кереметін мақтан ететіндей, ғылыми жаңалыққа оқушы ойын жеткізе білетіндей есептер құрастырып, олардың ойын жетілдіріп отыру керек.

Мәселен көрнекілікті пайдалана отырып, Союз – 3 космос кораблі секундына 8 км жылдамдықпен ұшса, кораблдің ұшу траекториясы 56 мың км деп есептесек, қанша уақытта жер шарын айналып шығар еді?

56000:8 = 7000;    7000 : 60 = 117(минут) = 1 сағ. 57 минут Бұл бастауыш мектептің соңғы класының оқушылары үшін қиын есеп емес. Немесе ауданды есептеуге жеке оқушыларға өз үйлерінің ауданын есептеп және әр отбасы мүшесіне неше шаршы метрден тиетінін біліп келу тапсырылады. Мысалы, Нұржан есепті төмендегіше шешіп келді.

Отбасында 6 адам бар. Үйдің ұзындығы – 9 м, ені – 8 м 98= 72 (кв.м)

72 кв.м : 6 = 12 (кв.м)

Мұндай тапсырма оқушы өз үйінің көлемін есептеуге, өзіне тиесі бөлек туралы түсінуге, ұқыптылыққа, затты пайдалана білуге бейімдейді және өзінің сол отбасының мүшесі екендігін сезіндіреді. Өзіндік және шығармашылық жұмыстар орындағанда техникалық құралдар пайдалануға болады. Оқушы өз еркімен шығарған есептерін эпидиаскоппен көрсететін өзгеше мақтана қараса, одан артық қуаныш бар ма? Оқушылардың ішінде тез, ауызша есептеуге құмар, жылдам, тез қабылдағыштары кездеседі, Мұндай оқушыларға қосымша тапсырмалар беріліп, оның дарындылығын дамытып отырғанымыз дұрыс. Оқушылар өзіндік қабілетін, дүниетанымын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру мақсатында шығармашылық жұмыстың пайдасы зор.