Диференциалды оқыту элементтерін өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда қолдану

Жаңа бағдарламаның, жаңа оқулықтардың, әртүрлі дидактикалық материалдардың және басқа да оқу құралдарының енуімен мұғалімдер сабақта өзбетінше жұмыстар ұйымдастыруда ерекше көңіл аударуда.

Әр оқушының ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып,, өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыруда жеке тапсырмалар беру, яғни дифференциалды әдісті пайдаланған жөн. Ол үшін сабақта тәрбиелей және дамыта оқу негізінде өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш класс оқушыларында төмендегі қасиеттерді қалыптастыруды көздедік.

І.Қоғамның өмір қүбылысын айыра, түсіне білу қабілетін қалыптастыру.

2.Бағалай білуін қалыптастыру; өз білімін бағалай білу; сабақта, талқылауларда өз жолдастарының жауап-пікірлерін таразылай алуы, көрген кинофильмдеріне баға бере алуы;

  1. Сөйлеуін дамыту, баяндауды түрлендіре қолдана алуын; текст негізінде жоспар құру, әңгімелей алу т.б. Сондықтан да математиканы оқытудың мақсатын анықтау — бұл жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын математика арқылы және оқушылардың жан-жақты дамыған, әрі әлеуметтік толық жетілген адам болуына керекті арнаулы қасиеттерді көруге болады.

Біз өзіміз қатынасып өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерімен танысқан сабақтарымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету мүмкіндігін бақыладық.

Мұнда жеке тапсырмалар әр оқушының білім дәрежесін немесе сол тақырыпты қалай игергенін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар білім шамаларына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырмалар даярланады.Дифференциалды әдісті пайдалану жеке оқушылармен жұмыс жүргізуге жол ашады. Өзіндік жұмыстарда белгілі тақырыпты өткеннен кейін карточка арқылы немесе варианттарға бөліп, есептер тапсырылады. Оған арнайы сағат берілмейді. Ол сабақтың қажет кезеңдерінде 10-15 минуттық жұмысболып орындалады.

Балалардың өзбетімен жұмысқа назар аудару және ойлау қызметін ояіу үшін, тапсырмалар мақсатты болуы керек.

Өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда дифференциалдық әдісті коддануға байланысты қойылатын талаптарды мысалдармен дәйектеп көрсетейік.

Сабақтың мақсатын толық ұғына алмай баяу айналатын оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыс мына үлгі бойынша ұйьмдастырылады. Мысалы: 56-32=56(30-2)= 26-2=24

 баған түрде жазуға болады.

56

32 24

Түсіндіру:

  • Ондықтарды ондықтардың астына, ал

6-2=4 4-

3) Ондықтардан ондықтарды шегереміз
5-3 = 2

2-ні ондықтардың астына жазамыз.

4) Жауабын оқимын: айырма 24-ке тең.

5) Бұл сияқты тапсырманы орындауда оқушы ең қарапайым үлгімен
көрсетілген тапсырмаларды өзбетінше шығарып үйренеді.

Енді біртендеп күрделенетін   жаттығуларды қарастырайық.Кітапта, қосымшада берілген жаттығу жұмыстарын епті қолдана білу талабына мысал қарастырайық. (мат. 2-кл.99 -б) 1-мысал

4-8 + 24                                      9- (56-48)

9-4-27                                       (75-39):9

4-7 + 36                                   8-(81-78)

Оқушылар бұл мысалды орындауда амалдар тәртібін дұрыс епті қолдана білуі керек.

Енді оқушылардың мұғалім басшылғымен талдау процесін келтірейік. Мектеп бауынан 38 оқушы алма жинады. Оның 20-сы қыз бала. Бауда қанша ер бала алма жинаған?

  • Есепте не жайында айтылған ? (Есеп оқушылардың алма жинағаны
    жайлы айтылған)
  • Есепте не белгісіз? (Бауда барлығы 38 оқушы жұмыс істеп. Алма
    жинағаны және олардың 20-сы қыз бала екендігібелгілі)

— Есепте нешебелгісіз? (Қанша ер баланың алма жинағаны белгісіз)
Шарты :  Қыз бала — 20 -.

I 38

Ер бала — ? } Шешуі: 38-20 = 18. Жауабы: 18 ер бала.

Егер сесепті осылайша оқушылардың өздері толығымен талдай алса, °нда өз бетінше жұмысты олардың дұрыс орындай білуіне кепіл болады. ^онымен бірге дифференциалды тапсырма беру арқылы үлгерімі әртүрлі оқушылармен жеке-дара жұмыс істеу орынды.

(Математика 3-класс) Пысықтауға арналған жаттығулардың мысалдары ан 2-нұсқалы тапсырма қарастырдық.

1-нұсқа                                           2 нұсқа

60-70 -7-39;                                   16+(48+24);

78+13-8-8;                                    53-(26+13);

32:8-9+18;                                     (68+28)-38;

63: (18:2) -8;                                 42:7

27:3 • (35:5);                                 59:9;

45:(36:4) -6                                    56:3

Мұнда 1-нұсқадағы мысалдар үлгерімі жақсы оқушыларға, ал 2-нұсқадағы мысалдар үлгеріме нашар оқушыларға беріледі.

Енді оқушылардың өзбетімен жұмыс істеуінің жоғары деңгейін сипаттайтын мысалды көрсетейік. 3-класс.97-б.

Класта 10 адам спортпен шұғылданады Бұл кластағы барлық оқушылардың үштен бір бөлігі. Класта қанша оқушы бар? (Жауабы: 30 оқушы)

Осы сияқты есептерді әр оқушының өздігінен шығаруын олардың өз бетімен жұмыс істеуінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Көбінесе сабақ үйге тапсырма берумен аяқталады. Математика оқытуда үйге тапсырма беру өте маңызды, мұнда да дифференциалды әдісті пйдалануға болады. Үй тапсырмасын орындау барысында алынған дағдылар бекиді. Балалар мұғалім басшылығымен алынған білімдерін өз беттерінде қолдана алуға жағдай жасалады.