Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері

«Білім негізі — бастауышта» — деп тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден алынған сөз. Ия, білімнің берік негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Яғни, болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.

Бастауыш мектептер ішінде шағын комплектілі деп аталатын мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Осы мектепте ерекше көңіл аударатын оқу-тәрбие жұмысының бір саласы оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Мұғалім оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күні бұрын жоспар жасап әр тақырыптың ауыр, жеңілдігіне қарап ұйымдастыруы тиіс. Сонда ғана әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы сапалы болады. Яғни мектептің бастауыш сыныптары білімнің негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де қалыптасуы қажет.

Атап айтқанда: есепті өзбетінше дұрыс талдай алу, есепке қойылған суретке түсінуі, өзбетінше шығаруы, өрнектерді түрлендіруі, теңдеулерді шешу, т.с.с. Осындай іскерлікті қалыптастыруы, оқу барысында бір мақсатқа бағытталған жүйелі жаттығулар арқылы іске асырылады. Мұндай жаттығуларды өзбетінше орындаған жөн.

Оқушының өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүисіне отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын оаиқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісін  дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ элде оқушының шығарған есеошщ қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.

Сондықтан шағын комплектілі мектепте мектеп мұғалімінен оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу талап етіледі. Шағын комплектілі мектептің оқу тәрбие жұмысында уақытты дұрыс пайдалана білуге көп көңіл бөленеді. Уақытты дұрыс пайдалана білу үшін мұғалім күні бұрын орындатылатын жұмыстардың мысалдарымен сұрақтары есептердің, жаттығулардың үлгілеріне түрлі-түсті суреттер, сызба кестелер арқылы дайындау керек.

Уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын , қабілетін арттырады. Оқушылар өзбетінше жұмыс жүргізу үшін бір сыныпқа 5-10 минут шамасында орындалатын тапсырма беріледі. БІр сыныпта әңгіме өткізілсе, екінші сынып оқушылары өздігінен орындалатын жұмыстармен айналысады. Бұл кезде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарды қалай орындағандықтарына бақылау жасап тексеріп, бағалап отыруы қажет.

Шағын комплектілі мектептердегі сабақтың шамасы 20-25 минутында балалар мұғалімнің басшылығынсыз өзбетінше жұмыс істейді.

Бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалім кей сабақтарында өзбетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақ өзбетінше жұмыс көбірек істелінеді.

Шағын комплектілі мектептер жұмысының жемісті болуы сабақтардың өзбетінше жұмыстар орындауға берілген уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты.

Өзбетінше жұмысқа берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр, жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дү-рыс.Өзбетінше жұмысты сабақтың кез-келген кезеңінде тапсыруға болады.

Шағын комплектілі мектептердің математика сабақтарында өзбетінше орындайтын жұмыстардың оқып үйренетін, машықтанатын, тексеретін түрлерін ұйымдастыруға болады. Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтейік.

а)Оқып-үйренетін өзбетінше жұмыс

Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса бұл оқып-үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.

Өзбетінше жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру барысында қандай дидактикалық мақсат алдын-ала анықталғанда, сол жаңа материалды өту үстінде жүргізіледі.

Мысалы, «қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді» деген тақырыпта I — сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады. (27- бет)

3+1              1+3

Бірінші қосылғыш неге аз? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең? Екінші өрнекте бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең. Осыған толық жауап беріңдер. Оқушыларға өзбетінше шешуге осы тапсырманы беруге болады. Мысалы «қосуды тексеру» деген тақырыпта II — сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады. (10 бет)

Қосындының және айырманың мәндерін тауып жаз 6+3

Қосылғыштарды ата, қосындының мәнін ата, қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайт. Қандай сан шықты? Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтқанда ше? Қандай қорытынды жасауға болады? Осы сұрақтарға толық жауап беріңіз. Осы тапсырманы өзбетінше беруге болады.

Барлық оқып-үйренетін өзбетінше жұмысы сияқты бұл тапсырмаға ерекше мән-мағына беру керек. Осыдан тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды оқушының өзі табуына, байқауына жол ашылады, тек сұрақтар жүйесі мұқият қарастырылуы тиіс. Соньшен бірге бұл тапсырманы орындағанда кейбір есептер әдістерін қолданамыз. Орындаған өзбетінше жұмыстарға қорытынды жасау өте мағызды.

Яғни қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Ендеше қосуды азайтумен тексеруге болады.

Осындай қорытынды жасау барлық мысалдарды сапалы түрде орындау үшін де және өтілген тақырыптың негізгі білімділік функциясын ашу, ондағы қорытылатын түжырымды дәлелдеу үшін де қажет.

б)Машықтанатын өзбетінше жұмыс

Өзбетінше жұмыстың бұл түрі қарапайым математика операцияларын немесе алгоритмді пайдалану кезінде жүргізіледі. Әуелі өзшдік жұмыстың бұл түрі мұғалімнің көмегімен тақтаға жазумен жүргізіледі.. Бұл кезде материал толық игеріледі деуге болады. Тек оқушылардың жаттығуларды өзбетінше орындаулары ғана осындай тұжырымға келтіре алады. Машықтанатын өзбетінше жұмысы әрбір сабақта өткізіледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған болса, онда оқу материалының мазмұны жаңа білімді әртүрлі тапсырмалармен толықтырылып, қорытындылайды.Сондықтан сабақты жоспарлағанда жаттығу тапсырмаларында анықтау керек. Онда: түсіндірме- демонстрациялық  мақсатта  қандай  тапсырма немесе  мысал даланылатынын тақтада не шығарылатын және түсіндірілетін, өзбетінше орындауға қандай жұмыс берілетіндігін анықтау керек.

Өзбетінше жұмыстың машықтанатын типі бағдарламалық білім берілген соң және сол білім толық игерілуі үшін жүргізіледі.

Мысалы: «Белгісіз көбейткішті табу» тақырыбында белгісіз көбейткішті табу үшін 2-4 тапсырма ұсынып, оны қолданудың дағдылары игеріледі. Тапсырма мазмұны бір немесе бірнеше варианты беріледі.

5-2 = 9-3 =   2- 8=   4-25=
10:5 27:9   16 : П   20: П
10:2 27:3   П : 5   П: 5
□ •6 = 7-П = 35 П • 8 = 56    
8-П =16 5-П = 45 п • 9 = 27    

Тапсырманы орындау барысында нашар үлгеретін оқушыларға мұғалімнің көмегі өте қажет.

Тапсырма өзбетінше жұмысты аяқтау барысында, сабақ үстінде тексерілгені дұрыс. Себебі ол оқушыларға өздерінің жіберген каиесін жөндеуге мүмкіндік береді.

в)Тексеретін өзбетінше жұмыс

Тексеру жұмысының 2 түрі бар. Бақылау жұмыстары және тексеретін өзбетінше жұмыстар. Бақылау жұмыстары бұл багдарламадағы өтілген тараулардың қаншалықты игерілгені туралы қорытынды жасайды. Осының қорытындысы бойынша оқушылардың оқыту кезеңіндегі білімнің сапасы, ептілігі, шеберлігі, дағдысы байқалады. Бақылау жұмыстары мектеп жұмысының жоспарымен іске асырылады. Бақылау жұмысында өткен материалдарға байланысты орындалатын тапсырмаларды тақтаға вариантпен немесе кеспелерге жазып, әр оқушыға жеке үлестіріп беру керек. Бұл жұмыс 20-25 минут уақытқа шақталып беріледі. Олардың орындалу сапасы жөніндегі бағасы класс журналына қойылады.

Тексеретін өзбетінше жұмыстары тақырып бойынша оқыту, бағдарламалық қорытындылауды аяқтау мақсатымен немесе бағдарлама сұрақтарынан алған білімін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл оқыту мақсаты тақырыппен байланыстырылған бір немесе бірнеше сабақтың нәтижесін байқауға мүмкіндік береді.

Тексеру өзбетінше жұмысына уақыт жетпеген кезде, оны келесі саоақта өткізуге болады. Тексеру жұмыстарының мазмұны тек сабақта каиталанған, өтілген және қорытындыланған материалды қамтуы керек. мұның қорытындысы жаңа білімнің игерілгенін және педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді. Енді «Белгісіз көбейткішті табу» тақырыбына    тексеретін өзбетінше жұмыстың текстін құрайық. Бұл кезеңде біз оқушылардың дағдысын,белгісіз көбейткішті табудың ережесін қалай меңгергенін тексереміз.

1 Бос орынды толтырыңдар

Көбейткіш 6   4 7   6  
Көбейткіш   3 2   4   9
Көбейтінді 18 15   21 20 12 18

  1. Теңдеулерді шешіңдер х-5=10

8- х=10

  1. Мысалдарды орындаңдар.

5’4                                          2-7

4-9                                       45:5

Бұл мысалдарды шешуде оқушылар көбейтінді мен бөліндіні таба білу және белгісіз көбейткішті табу ережесін қолданады.

Тексеру жұмысы үлгермеушілікпен екінші жылға қалдыруды болдырмау үшін, қай оқушыға өз уақтында, дер кезінде жеке көмек керектігін анықтау үшін де қолданылады. Тексеру өзбетінше жұмысы 5-15 минуттан артық өткізілмеуі керек. Осы тақтаға жазылған мэтін немесе кеспе бойынша бірнеше вариантты орындаған ыңғайлы. Бұл жұмыстар бүкіл класпен немесе кейбір арнайы іріктелген оқушылармен жүргізілуі мүмкін және оның нәтижесі міндетті түрде бағалануы керек.

Сабақтың мазмұнына байланысты, үлгермеушілер мен озат оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, әр оқушының қабілетін ескеріп, кейде жеке оқушы, кейде бір топ оқушы, кейде бүкіл класс оқушыларын қамтитын өздігінен орындайтын жұмыстарды жүргізу керек. Сонымен бірге оқып-үйрену, машықтандыратын және тексеруге бағытталған оқушылардың өзбетінше орындайтын жұмыстарын бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарастыру орынды. Қорыта келгенде, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі оның білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.

Оқушының өзбетінше жұмысы психологияда да, дидактикада да, оасқа әдістемелік әдебиеттерде ең жетекші қасиеттің бірі ретінде сипатталады. өзбетінше жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, біз мынадай нәтижеге жетуді көздедік.

  • Әр оқушы алда түрған жұмысты жоспарлауды мұғалімнің көмегімен іске асырады.
  • Мақсат қою мұғалімнің көмегімен іске асырылады, ал ол жұмысты
    жоспарлауды оқушының өзі орындайды.
  • Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушы өз бетімен алда тұрған
    жұмысты мақсат қойып жоспарлайды.
  • Жұмыс оқушының өз инициативасы бойынша іске асады. Демек ол мұғалім көмегінсіз алда түрған жұмыстың мазмұнын, мақсатын, жоспарын анықтап, өзбетінше орындайды.

Сонымен оқып-үйренетін, машықтанатын, тексеретін өзбетінше жұмыстарды бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарау орынды.

Қорыта келгенде, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеуі оның білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады. Яғни математика сабағында оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыстың негізгі үш түрін шебер ұйымдастыру оқу-тану міндеттерін нақты шешуге бағытталған окыту процесінің мақсатты әлементі болып табылады.