Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы

Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік негізгі тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 60-70%-ын құрайды. Жалпы жұмысшылардың 75-80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары құрайды. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.

Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, Ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпыхалықтық меншіктің стереотипін бұзып, құлатып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, үлкен мәселені шешу керек еді – қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік кәсіпкерлік жетістіктер мен экономикалық жетістіктердің айғағы болатындығы жайлы жаңа көзқарасты бекіту керек еді.

Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.