Шағын және орта бизнестегі проблемалар

Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі -адамдардың рынокті қабылдауы, рынокті түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нэтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тэжірибеде де осыны дэлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.

Елімізде элі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» сияқты жап — жақсы Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерстер енгізілді. Алайда, олардың бэрі де, тұгас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нэтижесінде еңбек рыногіндегі жағдай бұрынғыдай күрделі боп отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфлияция да (ақшаның қүлсыздануы да) сақталуда. Мұның бәрінің себептері эралуан.

2001 — 2002 жылдары шағын және орта дамыту мен оған қолдау көрсету жөніндегі жаңа бағдарламалар жасалды. Алматыда қалалық әкімшілік осы жұмысқа кірісіп, тиісті жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Онымен әкімшіліктің шағын кәсіпкерлік жөнінлегі департаменті, табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменті шұғылданды.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамытуға бөгет болып отырған және алдағыуақытта жасалатын бағдарламаларда өз шешімін табуға тиісті мэселелер баршылық. Солардың бастысы ең шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қолдарының жете бермейтіндігі, мүмкіндіктерінің шектеулігі.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажетті инфрақұрлымнын; нашар дамуы, оның ішінде ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Сонымен бірге отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлардың шетел инвесторларына қарағанда баяу жасалуы, салық жөнінлегі заңдарының жетілмегендігі, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерінің болмауы, статистикалық, бухгалтерлік есептердің күрделілігі кәсіпкерлер үшін қолға байлау сияқты. Әрине, осының бэрі де қайта қаралуын, түзетілуін, жетілдіруін қажет етеді.