Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі

Шағын кәсіпкерлік казіргі кезенде, жоғарыда айтылғанындай, мемлекеттік және қоғамдық қолдауды, оны дамытудың жолдарып тереңдете, методологиялық негіздеуді өте қажет етеді. Сонымен бірге экономиканы реформалау соңғы бірнеше жыл бойы бірқатар проблемалар  атап болып, олар нарықтық қатынастарға көшудің ол үшін пайдаланылатын модельдерінің, әдістерінің және құралдарының, бірдей емес екенін көрсетті.

Осы саладағы мамандар мемлекет алдында түрған негізгі міндеттер мыналар деп санайды:

— негізгі инфрақұрылымдық: шарттық, ақша-қаржылық және инвестициялық механизмдерді жаңа принциптерде жаңғырту жолымен басқарылатын рынок концегщиясына көшу;

— экоиомикалық өзгерістердің қарқыны мен құрылымын селхоз күштермен келісіп алу және халық шаруашылығы салаларының ұйымдық-технологиялық кешенін іріктемелі мемлекеттік және құрылымдық-инвестициялық саясат есебінен сақтау;

— институциялық жаңғыртуларды жалғастыру, соның ішінде жекешелендіруді дәйекті түрде одан әрі жалғастыру, бәсекелестікті, жеке кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы монополиясыздандару және т. т.

Мұның өзі шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және жаңа тиімді жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері мен бағыттарын белгілейді.

Осы саладағы мемлекеттік шаралар арасында шағын нарықтық инфрақүрылымды дамыту басты орын алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерліктің ұлттық экономикада аса маңызды функциялар орындайтынын: сұраныс пен ұсынысты теңдестіру арқылы нарықтық қатынастарды үдетудің ерекше моханизмін қамтамасыз ететінін, жалпыұлттық өнімнің тең жартысынан астамын өндіретінін, жаңа жұмыс орындарының 70 процентке жуығын ашатынын, адам ресурстарының жандандырылуына және инновациялық потенциалға елеулі ықпал жасайтынын дәлелдейді.

Елде шағын кәсіпкерлікті кең көлемде дамыту нарыктық қатынастар қалыптасуының көптеген проблемаларын неғұрлым тиімді шешуге реформалардың әлеуметтік базасын ұлғайтуға, олардың тиянақтылығының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, бәсекелестікті дамытуға, ендірістің ұйымдық құрылымын кеңейтіп, тиімді етуге, адам ресурстары мен үйымдық-технологиялық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіпдік береді.

Осығап байланысты Ресей Федерациясында шағын бизнесті дамыту тәжірибесін зерттеу біздің еліміз үшін пайдалы болады, онда шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің 1996—1997 жылдарға арналған федералдық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпорындардың санын көбейтуге, кәсіпкерлік қызметке жалпы қолайлы жағдайлар жасау арқылы шағын кәсіпкерліктің инновациялық және өндірістік саласының алға жылжу бағытында сапалы құрыльшдық өзгерістерге жетуге, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің кәсіпкерлер үшін қолайлы жүйесін дамытуға, экономиканың бұл секторына инвестициялар тартуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделіп отыр.

Федералдық бағдарламада шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мынадай аса маңызды бағыттары бөліп корсетілген:

— шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтык, негізін жетілдіру;

— шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік саясатын ұйымдық және ғылыми-методикалық тұрғыдан қамтамасыз ету;

— шағын кәсіпорындар қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы мен қауіпсіздігі;

— шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру;

— аймақтарда шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;

— кадрлар даярлау;

— ақпаратпен қамтамасыз ету;

—- шағын кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық қызметі;

— салық саясатын жетілдіру;

— шағын кәсіпкерлікте жеке меншік және басқа инвестициялар үшін жеңілдіктер жүйесін жасау;

— мемлекеттік федералдық және аймақтық инвестициялық бағдарламалар.

Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсатты бастауларын тереңдете пысықтау, белгіленген шаралардың кезеңділігі, шағын кәсіпкерлік саласындағы ұлттық саясаттың негізгі элементтерін жалпы Ресей экономикасын сауықтырудың негізгі проблемаларымен неғұрлым тығыз ұштастыру, оң нәтижелерді орнықтыру және реформаларды одан әрі тереңдету көзделген.

Федералдық бағдарлама шағын кәсіпкерлікті басым дамыту — жалаң мақсат емес, ал Ресейдің экономикалық және элеуметтік түлеуінің негізгі шарты екенін, шағын кәсіпкерлікті кең ауқымды дамыту саяси тұрақтылыққа, Ресейдің түбегейлі мүдделеріне бағдарланған шьнайы демократияның жүзеге асырылуына кепілдік беретінін негізге алып отыр. Азаматтардың экономикалык, инициативасының творчествалық көрінісі ретінде шағын бизнес қызметкерлер мен олардың отбасыларының тәуелсіздігі мен әл-ауқатының іргетасы болып табылады. Жаппай құбылыс ретінде шағын бизнес қоғамға қажетті тауарлар өндіру мен қызмет көрсету тұрғысынан алғанда да, сондай-ақ алуан түрлі өнім тұтыну тұрғысынан да экономикалық өмірдің катализаторы болып отыр.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі — федералдық қатынастардың жаңа экономикалық механизм принциптерінің онда неғұрлым жүйелі жүзеге асырылуы, яғни шағын кәсіпкерлікті қолдау мен реттеу мәселелерінің шешімі үшін федерация мен оның субъектілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігінің ара жігінің неғұрлым нақты ажыратылуы, қолдау көрсету шараларының қаржыландырылуы, федералдық және аймақтық бағдарламалар мен шағын биз-несті дамыту артықшылықтарының ұштастырылуы және т. т. Мұнымен қатар шағын кәсіпкерліктің Ресей экономикасының аймақтық буынын тұрақтандыру мен нығайту жөніндегі мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануға, ұсақ тауар өпдірушілердің қызметін ынталандыруға, өндірісті монополиясыздандыруға және аймақтық рыноктарды молықтыруға баса көңіл бөлінген.

Сонымен бірге бағдарламада дәрменсіз кәсіпорындарға қолдау көрсетуге, өндірісті тек өндіріс үшін қолдауға, жөнсіз мемлекеттік тапсырыстар мен жеңілдіктер беру әдісімен жасанды кең ауқымды сұраныс туғызуға болмайтыны басшылыққа алынған.

Жаңа шаруашылық субъектілері рыноктарға шығатын жолға қойылған кедергілердің кемітілуіне, бәсекелестіктің қалыпты дамуына бөгет жасайтын аймақтық әкімшілік кедергілерінің жойылуына күш салу қажет.

Федералдық бағдарламада оны ұйымдық жағынан ұйымдастыру мен жүзеге асыру механизмі белгіленген.

Бұл бағдарламаның мемлекеттік, тапсырысшысы — РФ ГКАП-ы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры. Федералдық бағдарлама жалпы алғанда шағып кәсіпкерлікке қолдау көрсстумен шұғылданушы федералдық және аймақтық деңгейлердегі барлық үрылымдардың мүдделері мен мүмкіндіктерін барынша біріктіруді көздейді. Федералдық бағдарламаны жүзеге асыру сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат пен аймақтық және жергілікті децгейлердегі бюджеттер қаражатын тартуды қажет етеді.

Бұл шығындар барлық деңгейлердегі бюджеттерге тікелей түсімдер мен шағын кәсіпорындардан алынатын салықтарды көбейту және жұмыссыздарға әлеуметтік төлемдер төлеуге, тиімсіз өндірістерді қолдауға, құлдырап бара жатқан аймақтарға дотацияларды азайтуға байланысты шығындарды қысқарту есебінен өтеледі. Меншіктің барлық түрлерін жекешелендіруден түсетін түсімдер қаржының маңызды қосымша көзіне айналады —5 процентке дейін. Осының бәрі жалпы алғанда 01.01.95 жылғы бағамен 150 триллион рубльге жуық болады. Федералдық бағдарлама бойыпша шығынның басым бөлігін шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын одан әрі қалыптастыру мен дамытуға жұмсау болжанып отыр. Барлық шығындардың едәуір бөлігі шағын кәсіпорындарға кепілдіктер беру мен оларды сақтандыру механизмдерін жасауға жұмсалмақ.

Федералдық шығындар шағын кәсіпкерліктің инфрақүрылымына аймақтық салымдардыц стимуляторы ғана болып табылады деген принциптер бұлжытпай сақталатын болады. Федералдық шығындардың үлесі нақты аймақ-тық әлеуметтік-экономикалық жайына байланысты болады, бірақ қалай болғанда да мақсатты шығындардың жалпы сомасының 50 процентінен аспауға тиіс.

Федералдың бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері Ресей Федерациясьшың экономикасын дамытудың орта мерзімді перспектпваға арналған тенденцияларымен айқындалатын болады.

Экономиканың көзделіп отырғандай тұрақтануы, инфляцияның төмендеуі, инвестициялық процестердің жандануы жағдайларында: шағын кәсіпорьгадар санының 1,7 есе (болжамды бағалаулар бойынша) кебеюіне; жаңа жұмыс орындарының ашылуына сәйкес жұмыс істейтіндер санының 30 млн. адамға дейін өсуіне; шағын кәсіпоорындардыц өндірістік және инновациялық саладағы қызметінің,

соның ішінде капиталды бір саладан екінші салаға ауыстыру арқылы, жандануына; шағын кәсіпкерліктің көлегей экономикадан шығуына; шағын кәсіпкерлікті дамытудағы аумақтық сәйкессіздіктердің кемуіне қол жеткізілетін болады.

Бағдарлама шараларын жүзеге асыру нәтижесіндегі аталған оң процестерді орнықтыру үшін шағын кәсіпкерлікке федералдық деңгейде қолдау көрсетудің бірыңғай жүнесі жасалатын болады.

РФ аймақтарында инфрақұрылымның шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы және ақпараттық консультациялық, маркетингтік қолдау көрсететін жеткілікті элементтері жасалатын болады. Кадрлар даярлау шағын кәсіпорындардың 1 миллионнан астам басшылары мен қызметкерлерін қамтиды.

Федералдық бағдарлама орташа және ірі кәсіпорындардың бірігуге, шағын кәсіпорындардың кеңінен қатысуымен жаңа өндірістік-технологиялық тізбектер жасауға деген ынта-ықыласын арттыруға, барлық деңгейлердегі бюджеттің кіріс бөлігін көбейтуге мүмкіндік береді.

Шағын кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ұлғайтылуы рыноктардағы сұраным құрылымын қоғамның нақты әлеуметтік қүрылымына жақындатуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның жекелеген бөлімдері шеңберінде мынадай негізгі шаралар көзделген.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру. Федералдық бағдарламаның бұл бөлімі кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құдықтық қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытуға, Ресей Федерациясының және Ресей Федерациясы субъектілерінің заң актілері мен нормативтік актілерінде шағын кәсіпкерлік мүдделерін білдіруге, «Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікке мемле-кеттік қолдау көрсету туралы» федералдық заң ережелерін дамытуға бағытталған. Неғүрлым ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің экономикадағы жайсыздау бәсекелестік жағдайын жою мақсатьшен оның субъектілөрінің ерекшеліктерін құқықтық актілерде көрсету, олардың әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарьшыц дамытылуы мен байқалуына жәрдемдесу, жаңа кәсіпорындардың рынокқа шығуы үшін қолайлы қүқықтық жағдайлар қалыптастыру және олардың қызметін дамыту жайында айтылып отыр.

Федералдық бағдарламаның өзге де мамандандырылған бөлімдерінде әзірленуі мол қабылдануы көзделген нормативтік-қүқықтық актілермен қатар шағын кәсіпкерлік , дамуының ортақ жағдайларының жасалуын және оған тіркеу, лицензиялау, шағын кәсіпорындардың неғұрлым ірі кәсіпорындармен өзара қатынасы секілді мәселелерде мемлекеттік қолдау көрсетілуін ңамтамасыз ететін актілер әзірлепетін болады. Заңдарды тұрақтандыру және кә-сіпкерлік қызметті реттеу шағын кәсіпкерлік субъектілерімеп өзара қатынаста атқарушы билік органдарының озбырлық пен қиянат жасауын елеулі шектеуге мүмкіндік береді.

Осы бөлім шараларының жүзеге асырылуы шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетілуін заңмен және нормативтік актілермен қамтамасыз етудің «қосдеңгейлі» құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Онда осы салада шағын кәсіпкерлікке федералдық деңгейде қолдау көрсетудің мемлекеттік саясатының жалпы принциптерін, нысандары мен бағыттарын белгілеу және оларды Ресей Федерациясьшың субъектілері деңгейінде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере нақтылау көзделген.

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды ұйымдық және ғылыми-методикалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетілуін ұйымдық және ғылыми-методикалық тұрғыдан қамтамасыз етудің негізгі мақсаты — шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөнінде осы бағдарламада айтылған шараларды жан-жақты, ғылыми негізде және жоғары тиімділілікпен ұйымдастыру.

Федералдық бағдарламаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру, съездерді, тақырыптық конференцияларды, басқа да акцияларды дер кезінде және нәтижелі өткізу қажет. Федералдық бағдарламада белгіленген шаралар Ресейде шағын кәсіпкерліктің дамытылуы туралы, шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің шетелдік практикасы туралы, Ресейдегі шағын кәсіпкерлікті экономикалық реформалардың барысын ескере дамытудың ықтимал тенденциялары, перспективалары туралы, федералдық және аймаңтық деңгейлерде мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді шаралары туралы жүйеленген талдау деректеріне сүйене отырып жүзеге асырылуға тиіс. Белгілі бір шаралардың қолданылуы пысықталған тиісті методикалық ұсыныстарға негізделуге тиіс.

Екі негізгі бағыттар бойынша методикалық және талдау материалдарын әзірлеу көзделген:

— федөралдық және аймақтық деңгейлердегі мемлекеттік қолдау көрсету институттары үшін;

— кәсіпкерлер, олардың одақтары, қауымдастықтары және бірлестіктері үшін.

Осы бөлімдегі шараларды жүзеге асыру барысында кәсіпкерліктің дамытылуын мемлекеттік басқару жүйесін жасау жұмысын жалпы алғанда аяқтау белгіленген. Шағын кәсіпкерліктің дамытылуына мүдделі барлық ұйым-дардың өзара іс-қимыл жасауы үшін ұйымдық алғышарттар қаланатын болады. Шағын кәсіпкерлікке федералдық және аймақтық деңгейлерде мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер жүргізу және методикалық ұсыныстар әзірлөу»көзделіп отыр.

Шағын кәсіпорындар қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы мен қауіпсіздігі. Ресейде шағын кәсіпорындардың даму және қалыптасу процестері, оларда жұмыс істейтін адамдардың тез көбеюі олардың әлеуметтік қорғалуының проблемаларын барынша ашып көрсетті.

Оның өзі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігіндө, ірі кәсіпорындардағыдай емес, қажетті қаражаттың, әсіресе өз қызметінің бастапқы кезеңінде, жоқ болуына, өз әлөумөттік инфрақұрылымының іс жүзінде құрылмағанына, өндірістік-технологиялық жабдықталу деңгейінің өте төмен екеніне, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жағдайыньң нашар екеніне байланысты.

Шағын кәсіпорындар жұмысшыларының өндірістік жарақат алуы, соның ішінде қазаға ұшырауы және кәсіби ауруға шалдығуы көбейді.

Осы бөлімде көзделген шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде 1996—1997 жылдары мемлекеттік зейнеткерлік, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесі елеулі реформаланады, оның мәнісі — нарықтық эконо-микасы бар елдерде қолданылатын саңтандырудың үш дөңгейлі (мемлекет — жұмыс беруші — жалдамалы қызметкер) жүйесіне көшу және сақтандырудың мемлекеттік емес түрлеріп дамыту үшін жағдайлар жасау.