Шағын бизнестің ерекшеліктері

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

— кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол — шаруашылык қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

— кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

— кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық кұрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік — қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы -ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі — жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.|

Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор — ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Бұл жағдайды төмендегі кестенің керсеткіштерінен айқын байқауға болады.

Шағын бизнеске катысушылардың жалпы жұмыска камтылғандар санындағы әр елдегі үлесі

Ел аты Үлесі Ел аты Үлесі
Италия   Румыния 27%
Үлыбритания 76% Венгрия 24%
Жапония 73% Словакия 23%
Бельгия 72% Польша 23%
Франция 69% Ресей 10%
Германия 64% Беларусь 6%
АІШ 53% Хорватия 22%

Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы өнімнің қырық пайызы және еңбекке қабілетті халықтың елу үш пайызы оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының қырық пайызға жуығы тиеселі екен.

Кесте деректері дәлелдеп отырғандай, шағын бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экокомикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек керсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:

-қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық катынастардың қалыптасуы;

— тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарылауы;

— экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;

— өндіріс пен қызмет керсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;

— жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;

— қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық денгейінің төмендеуі;

— адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

— енбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;жерді, шикізат қорын және ірі ендіріс қалдықтарын

пайдалану;

— мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.

Шағын бизнестің осындай, басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіп-орындар ғылыми- техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұньщ өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік әртараптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет керсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.

Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын бизнестің дамуы үлкен орын алып отыр. Егер 1950 жылдары АҚШ-та орташа шамамен жыл сайын 130 мың фирма тіркелсе, 60 жылдары — 220 мың, ал 70 жылдары — 350 мың, ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа шамамен тіркелген. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми- техникалық прогресс барысында өндірістік құрал-жабдықтардың жетілділігімен және аралас экономикадағы әр турлі меншік формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес — шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижелерге толық экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта және жігермен сипатталады.

Нарықты экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипаты» зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:

— жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

— шағын бизнес субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

— шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

— салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;

— жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

— қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

— капитал айналымының жоғары болуы- Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында түрады.

 Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:

— тәуекелдің жоғары болуы;

— нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;

— ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;

— басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі;

— қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтары;

— істі басқарудіғы жетіспеушіліктер.

Әрине, шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады.

Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық білімнің төмен болуына байланысты. Жүмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:

— біліктіліктің төмен болуы;

— тәжірибенің жоқтығы;

— коммерцияда, қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің аздығы;

— бизнеске салқын қарау;

-кәсіпкер денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет-қылықтары;     алаяқтық;

— табиғи апаттар, өрт және тағы басқалар.

Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық карызды өтеудегі қиындықтарды көрсетеді. Сауда саласына жоғарыда аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын басқарудағы қиыншылықтар жатады.

Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет. Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы мүмкін.