Қазақстанда шағын бизнестің қалшггасуы мен дамуы

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі — шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар зкономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысқа жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қыз-мет жасауына кажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітілген:

— шағын кәсіпорындар кез келген ауыл- шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.

— өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;

— ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 300 адамға дейін;

— өндірістік сфераның басқа салаларында: жұмыс істейтіндер саны 25 адамға дейін;

— бөлшек саудада: жұмыс істейтіндер саны 5 адамға дейін.

Шағын кэсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік, ұжымдар, біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары,мемлекеттік органдар құрады. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап занды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылык қызметін жүргізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз иелік етеді. Қазакстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема, ол халықтын өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет ету» режиміне ауыстыру кажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл инициатива, толык еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюнктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін талдау.

Республикамыздағы шағын бизнестің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік кызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі қүқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.

 Қазақстанда шағын кэсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті корғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.

Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

— Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын кұру,жеңілдік жағдайымен несиелеу,

— шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға темендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;

— шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;

— інағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;

— шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалык қызмет, пен айналысуға кәмек көрсету.

Кәсіпкерлікті қолдауды, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймактық құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық орталықтары мең инновациялық орталықтарды жатқызуға 6олады.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді, Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқьқ-тық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардыц іс жү-зінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кә-сіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.

Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып саналады. Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасамай, онын қолдануына сүйенбей ілгері басу мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасау және оған мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін береді.

Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру

Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялык әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, қүқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

Республикада қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі — ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері, тіпті дамыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.

Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады.

Шғын бизнесті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:

— кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау тексеруші органдардың санын азайту;

— рұқсат беруші құжаттардың санын азайту

Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі ңесиелік ресурстарды алудың қиындығы.

-Кәсіпкерлер банктен несие алудан бес түрлі себеппен бас тартады:

— пайыздық өсімнің жоғары болуы;

— кепілдік талаптың тым қатаң болуы;

— акпараттың жетіспеушілігі;

— несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;

— банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алшақтығыЛ Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік колдаудың негізгі қағидалары:

— шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;

— шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

— инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;

— алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттігі Экономикалық зерттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың _1999-2000 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасады. Бағдарламада бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген: Бағыт кэсілкерлікгі каржы несиеелік және иивестицияльқ қолдау.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизмдеріне көшу қажет. Қазір банктер сату-сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамыту қажет.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажет.

Салык салу және кеден саясаты.

Шағын бизнес субъектілеріне салық,салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принципі жалпы экономикалық мүдделердің фискальдық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ механизмі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеуі керек. Кәсіпкерлердің табысына бірыңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем кәсіпкерлердін жүмысын жеңілдетеді) Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің қазіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бә-секеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін табыс салығын есептеген кезде салык салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттарының бірі кеден баждарын төлеу кезінде шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импорттаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру қажет.

Салалык бағдарламаларды жетілдіру.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды жағы салалық министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және коммуникация салаларында, сондай-ақ жекелеген кәсіпорын-дарда жасалынған.

.Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфракұрылымдарын дамыту.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын калыптастыру үшін болашақта Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет.

Нарық инфрақұрылымын дамыту шағын кәсіпкерлікті дмытудың маңызды белігі болып келеді. Шағын бизнестің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консал-тингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы-несие институттары, сақтандыру компаниялары әр түрлі оқу орындары жатады. Сонымен қатар бұл нарық инфрақұрылым субъектілерінің өзіндік проблемаларын шешу қажет. Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгрессі, Кәсіпкерлер мен өңдеуілілер одағы.

Лизинг және франчайзингті калыптастыру.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайға лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады, Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын қолдау жөніңде бірқатар шараларды қабылдау кажет.

Франчайзинг шағын кәсіпкерлік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым-катынасының тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие Қазақстанда франчайзингтің дамуы үшін:

франчайзинг ассоциациясын, франчайзингтің оқу консультациялық орталығын құру қажет.

Акпараттық камтамасыз ету.

Бұл орайда бағдарлама бойынша шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жасау жоспарланған. Осы жүйе шенберінде заңдық-нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер инфрақұрылымның басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құрылады. Шағын кәсіпкерліктің Республикалық ақпараттық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс.

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерін корғау инфрақұрылымын кұру.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік өзінің құқықтық мәртебесі жағынан жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге асыру керек. Кәсіпорынды тіркеу процесі бастаушы кәсіпкерлерге өз ісін бастауда үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындардың тағы бір проблемасы -бұл жарғылық корды төлеу мәселесі. Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі. Кейбір кәсіпкерлер бұл талапты орындай алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық жағынан қайта қарау қажет.

Шағыи жэне орта бизнесті каржыландыру мэселелері.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі — ол мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялык саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр.Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін таппай тұр:

— несие алудың шектеулігі;

— коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;

— берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы және қысқа мерзімділігі;

  • — шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдыльщ негізінің жоқтығы;

— банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.

Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті- қаржылай қолдаудың басты бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарту. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-несиелік саясат салалық, аймақтық басымдылық тауарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу жүйесіне негізделуі қажет.