Шағын және орта бизнесті дамытудың бағдарламасы

ШБ ҚБ-н басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға ҚР-ң шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде – шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бағдарламаның концепциясын калыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу. 2. Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау. 3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын көсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын дайындауды төмендегідей құрылымға сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.    1.Кіріспе 2.Мақсатты анықтау және негіздеу З.Бағдарламаның тапсырмасы 4.Бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз ету 5.Бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру.

Кіріспеде шағын кәсіпкерлікті қолдау проблемаларьш шешу кезінде бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің пайдаланылуы мақсатқа лайық екендігін негіздеу және бағдарламаның дайындалу сәтіндегі шағын бизнестің даму деңгейін талдап шығу қажет.

Бағдарламаны дайындауда бағдарламаның мақсаттарын қалыптастыру, маңызды кезең болып табылады. Мақсат -бұл міндетті түрде алдын ала анықталған нәтижеге жетуді көздейтін ең қажетті нәрсе. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатын таңдау және негіздеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

  • Шағын кәсіпорындардың сандық және сапалық құрамы бойынша мәліметтерді жинау және талдап қорыту;
  • Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды айқындау;
  • Республика мен аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті қолдауды талдау;
  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасын дайындау;
  • Қажетті ресурстар мен проблеманың шешілуі мүмкін мерзімді анықтау;
  • Мақсаттардың ресурстармен үйлесуі және соңғы мақсатты таңдау;
  • Бағдарламалық мақсатты іске асырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын талдау.

Жаллылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын құру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі – мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтыланатындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты — аймақга шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудың орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру; аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның келесі бөлімі – ресурспен қамтамасыз ету. Кешенді шағын бизнесті дамыту бағдарламасындағы ресурстық пысықтау, бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарға деген қажеттілікті анықтаудан, яғни келесі түрлерге бөлінетін, құрамын және ресурспен қамтамасыз ету құрылысын анықтаудан тұрады: нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық, ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрбір шара бойынша ресурстарға деген қажеттілікті анықтау қажет. Сонымен қатар айтарлықгай материалдық, еңбек және қаржы шығындарын талап етпейтін шараларды енгізу мен ішкі қорларды көбірек пайдалануды бағдарлану маңызды болып табылады. Мысалы: шағын кәсіпорынды тіркеу процесін оңтайландыру айтарлықтай материалдық және қаржылық шығындарды талап етпейді, ал оның енгізілуі шағын кәсіпорынды құру жолындағы көптеген бюрократиялық шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны дайындау кезінде жаңартаашылық және өндірістік қызметке бағдарланған жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететін — кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға алып баратын бағдарламалық шараларға ерекше көңіл бөлу қажет.

Тереңірек негізделу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне деген қажеттіліктерді де белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес қаражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің, шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.