Шағын бизнесті басқару

Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы қызметаралық және көп профильді проблемалар қатарына жатады. Былайша айтқанда оның шешімі — кешенді және жүйелі көзқарасты, сонымен бірге экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторларды есепке алуды талап етеді. Осы талаптардың бәріне бағдарламалы-мақсаттық тәсіл жауап береді.

Атап айтқанда бейстандарттық және «шекаралық» проблемалардың шешімін іздеу жолында — әсіресе сапа аралықта бағдарламалы-мақсаттық деп аталатын ерекше тәсілдің қажеттілігі туындайды. Ол өмір сүріп жатқан құрылымдар мен процедуралар шеңберінде орын алмайтын проблемалармен байланысты. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің маңыздылығы — жүйені дамыту мақсаттарын қалыптастыру және қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қорлардың үлестірілуінде. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің құралы ретінде мақсатты кешенді бағдарламалар қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мақсаттық-кешенді бағдарламаны дайындаудан бұрын, шағын кәсіпкерлікті  дамыту проблемалары бағдарлама бойынша дайындалатын проблемалар критерийіне жауап бере ала ма? деген мәселені анықтап алу қажет. Ондай критерийлерге көп аспектілілік, күрделілік, проблеманың жаңалылығы, әлеуметтік критерийлер, қарастырылып жатқан проблеманың тиімділігі мен өзектілігі жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалы-мақсаттық басқарудың қолданылуы, көрсетілген критерийлерге жауап бергенде ғана ақталады. Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемаларын көрсетілген критерийлер тұрғысынан талдайық.

Бірінші критерий — бұл көп аспектілілік. Шағын кәсіпкерліктің дамуы, талапқа сай шағын және орта бизнес инфрақұрылымдарының құрылуын, соның ішінде аналитикалық бизнес-орталығын және консалтингтік топтарды қалыптастыру, бизнес-инкубаторларын құру, кәсіпкерлерді дайындайтын, қайта дайындайтын және оқытатын орталықтар ашу; шағын және орта бизнесті қолдау саласында нормативтік-құқықтық қолдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін осы бір қосалқы жүйелерді құруда, кәсіпкерлікті дамыту проблемасының көп профильді және қызметаралық сипатына сай келетін әр түрлі аспектілер талқыланады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын басқару проблемасы жаңалылық критерийіне сай келеді. Былайша айтқанда бүгінгі басқару жүйесінің бұл проблеманы шеше алмайтындығын білдіреді. Шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын шешу жаңа басқару жүйесін құру қажет. Шағын кәсіпкерліктің басқару объектісі басқарудың талапқа сай жүйесін құруға мұқтаж. Бүгінгі күнде Қазақстанда әлі бұл проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті басқарудың тәртіпке келтірілген кешенді жүйесі жоқ.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. -сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Соңында, шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы өзектілік (өткірлілік) проблемасына жауап береді. Өзектілік критерийі бойынша табиғи үйреншікті тәртіпте жұмыс істей отырып, жүйенің қажетті өндіріс деңгейіне шыққанға дейін қоғамның күту мүмкіндігінің болмауы сияқты, анағұрлым өткір проблемаларды шешуге арналған бағдарламалар ерекшеленіп шығуда. Қазақстан үшін экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі, экономиканы жандандыратын және экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды фактор болуы мүмкін. Бұл күрделі мәселенің шешімі кейінге қалдыруды күтпейді. Осы процесті жылдамдату мақсатында шағын бизнесті қолдайтын жергілікті және аймақтық деңгейде анықталған, талапқа сай кәсіпкерлікті басқару жүйесін құру ұсынылады.

Осы талдауды жалпылай келе, шағын кәсіпкерліктің даму проблемасы бағдарлама бойынша дайындалған проблемалардың барлық критерийлеріне жауап береді деп қорытындылауға болады. АҚШ және басқа бір қатар елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әр түрлі мақсаттық бағдарламалар желісі арқылы жүзеге асырылуы кездейсоқтық емес.

Бағдарламалы-мақсаттық тәсіл бірінші кезекте жүйе мақсатының белгіленуін қажет етеді. Мақсаттың 3 сыныбы бар — функционалды, ұқсас мақсаттар және даму мақсаттары. Қол жеткізу тәсілі аталмыш жүйеге белгілі мақсаттар -функционалды мақсат деп аталады. Басқа өндірістік жүйенің әрекеті негізінде қол жеткізілген, бірақ аталмыш жүйенің бірде-бір рет қолы жете алмаған не қолы жетсе де, басқа сыртқы орта жағдайы мен жүйе параметрлерінде орын алған мақсат — ұқсас мақсат деп аталады. Даму мақсаты немесе жаңа мақсат деп, бұрын ешқашан және ешкім қол жеткізбеген мақсатты айтамыз .

Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасының жаңартпашылық критерийіне сай(келуі және шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару жүйесі мақсаттарының сипатын алдын ала анықтауы — бұл даму мақсаттары.

Мақсат — бұл қоғамның келешектегі және ағымдық қажеттіліктерін, объективті әлеуметтік-экономикалық заңдарын, сондай-ақ ұйымның өз ішінде пайда болатын талаптарын есеике алудан шығатын, сандық және сапалық анықтамасы бар, басқарушылар мен атқарушылар ұғынатын қажетті қызмет нәтижесі.

Жалпы мақсаттарға қол жеткізу шарты немесе құралы ретінде міндетті түрде пайдаланылатын жеке нәтиже бейнесіндегі, мақсаттың қандай да бір құрамдас бөлігін қосалқы мақсат дейміз.

Келтірілген мақсаттар анықтамасын олардың бөлшектеп байланыстырылуының бірінші ережесі шығады, оның мағынасы барлық құрамдас міндеттердің (қосалқы мақсаттар) жиынтығы мақсатқа толық жетуді қамтамасыз ету үшін, қажетті және жеткілікті болу керек екендігін білдіреді. Сонымен қатар міндеттің анықтамасы мен тұжырымдамасына, жалпы мақсат анықтамасына қолданылатын талаптарды қолдану қажет. Мақсаттарды нақтылауға тырысу кезінде мақсаттың мәнсіз компоненттері емес, ал сол мақсаттарды жүзеге асырудың баламалы варианттарының тізбегі орын ала бастаса, мақсаттарды бөлшектеу процесі аяқталған болып есептеледі.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсатын қалыптастырайық: экономиканың шағын секторында шағын кәсіпкерлік қызметті белсендету арқылы өндіріс көлемін ұлғайту және экономиканы жандандыру. Мақсатты қалыптастырғаннан кейін біз шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсатты кешенді бағдарламасының анықтамасына жақындай түстік. Кешенді бағдарламалардың сипаттамсы әдебиетте кеңінен көрсетілген. Мысалы, кешендік бағдарламалардың әр түрлі анықтамалары бар. Мақсатты кешенді бағдарлама ретінде бірыңғай басшылық астында жұмыс істейтін, орындаушылардың көмегімен іске асырылатын, ресурстар бойынша балансталған бірыңғай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, уақыт бойынша жоспарланған шаралар кешені түсіндіріледі. Бағдарламалы-мақсаттық құрылымдар -барлық өндіріс жүйесін, жеке мақсатқа бағдарланған бірыңғай объектісі ретінде кешенді басқарудың (уақытша құрылған арнайы органдар көмегімен) ұйымдық түрін білдіреді. Алға қойылған мақсаттың әрбірінің іске асырылуы — сәйкес өндірістік және басқарушы буындар тарапынан шаралар кешенінің орындалу жолымен қамтамасыз етіледі, олардың көлемі мен мерзімі бойынша сандық және сапалық түрде анықталған жиынтығы бағдарламаны құрайды.Сонымен, бағдарлама — бірінші кезекте соңғы мақсатқа жетуге бағытталған шаралар кешені. Шағын кәсіпкерліктің мақсатты кешенді бағдарламасына анықтама бере отырып, кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының мақсатын (ШБ ҚБ) және оған жету құралдарын нақтылап алу керек. Шағын бизнесті дамытудың мақсатты бағдарламалық кешені экономикалық, өндірістік, ұйымдық-құқықтық және нормативті- әдістемелік шаралар кешені болып табылады, олар — өндіріс көлемін көбейтіп, соның базасында жалпы экономиканы жандандыру мақсатында, аймақ экономикасының шағын секторындағы кәсіпкерлік қызметтің жандануын қамтамасыз ететін ресурстар, атқарушылар және орындалу мерзімі бойынша ұштастырыл ады.

ШБ ҚБ әртүрлі классификациялық топтар тұрғысынан қарастырайық(3 кесте). Бағдарламалар мазмұны жағынан әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ұйымдасқан-шаруашылық болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешуге бағытталған. Өндірістік-экономикалық багдарламалар өндіріс саласындағы ірі салааралық проблемаларды шешуге, олардың тиімділігін арттыруға, еңбек, материал және қаржы ресурстарын орынды пайдалануға, жаңа салалар мен өндіріс түрлерін ашуға және басқа да ұқсас проблемаларды шешуге бағытталған.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты кешенді бағдарламасына классификациялық сипаттама

ШБ ҚБ әлеуметтік-экономикалық топқа да, аймақтық бағдарламаға да жатқызуға болатын белгілермен сипатталады. Бірақ ШБ ҚБ-ң квалификациялық тобын анықтаған кезде бағдарламаның негізгі мақсаттылық мазмұнынан шығатын, оның жетекші белгісін бөліп көрсету керек. ШБ ҚБ-сы шағын бизнеске толық жеңілдік жағдайларын жасау арқылы экономиканың шағын секторында кәсіпкерлікті жандандыруды көздейді. Сондықтан шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасын әлеуметтік-экономикалық бағдарлама деуге болады.

Уақыт ұзақтығы бойынша кешенді бағдарламалар ұзақ мерзімді (ұзақтығы 5 жылдан жоғары), орта мерзімді (5жыл не одан аз уақытқа созылатын) және қысқа мерзімді жылдық бағдарламаларына бөлінеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай ұзақтығы 2 жылға созылатын орта мерзімділері ШБ ҚБ-да кеңінен тараған. Бұл бір жағынан қысқа мерзімді жылдық бағдарламалар дайындаудың тиімсіз болуымен түсіндіріледі, себебі уақыт кеңістігін кеңейту келешекті жақсы көруге, қорларды ұтымды жұмсауға және шағын бизнестің инфрақұрылымын құру бойынша барлық дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ уақыт аралығын онан ары қарай созудың заңды болуы екіталай. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың көп түрлілігінің нәтижесінде пайда болатын болжамдаудың қиындығымен, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жандандыруды жылдамдату процесінің өте маңызды екендігімен түсіндіріледі. Сондықтан шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын құру жұмысын 5 және одан көп жылға созу қолайсыз.

Мақсатының ауқымы бойынша ШБ ҚБ мемлекеттік, аймақтық және локалдық сипатта болуы мүмкін. Мақсаттардың саны бойынша ШБ ҚБ — көп мақсатты, яғни оның іске асуы бір емес, бірнеше мақсатқа жетуді қамтиды. мысалы, аймақтық экономиканы жандандыру, қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту, аймақта орналасқан кен орындарын игеру және аймақтық нарықты тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету, басқа да қызмет көрсетулермен толтыру сияқты.

ШБ ҚБ орындаушылардың құрамы бойынша — жалпы жүйелік, яғни оның іске асырылуына әкімшіліктің нарықтық қатынастар бөлімі ретіндегі жергілікті билік органдары; әділет басқармасы, сақтандыру банкілері, коммерциялық банктер, білім беру мекемелері және басқалар сияқты әр түрлі функционалды қосалқы жүйелердің қатысуы.

Бағдарламалы шаралар мен оларды орындаушылар арасындағы ұйымдасқан техникалық байланыстардың сипаты бойынша ШБ ҚБ — кешенді-дискретті бағдарлама, яғни оның мақсаттарына әр түрлі орындаушылардың түрлі деңгейдегі дербес әрекеттерінің жиынтығы арқасында қол жеткізіледі. ШБ ҚБ-дағы көптеген қосалқы бағдарламалар — дербес және басқа қосалқы бағдарламалардың шешілуіне тәуелді емес, бұл олардың дайындалуы мен іске асуының параллельді жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Мақсаттардың бағытталу сипаты бойынша ШБ ҚБ — мақсатты даму бағдарламасы, өйткені ол нақты — шағын бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін шешуге бағытталған. Әсер ету объектісі бойынша ШБ ҚБ — объектіге бағытталған бағдарламаға қарағанда, проблемалық бағдарламаға жақын болып келеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттарын бөлшектегенде оның қосалқы мақсаттары айқындалады. Ол — мақсатқа жету құралы. Қосалқы мақсаттарға сәйкес ШБ ҚБ әр түрлі деңгейдегі қосалқы бағдарламалардан тұрады. ШБ ҚБ-ң қосалқы бағдарламаларға бөлінуі, оларды дайындау мен іске асыруда бағдарламаны дайындаушылар мен іске асырушылар арасындағы жауапкершілікті нақтылап белгілеу арқылы оларды әзірлеу мен жүзеге асыру ісін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Қосалқы бағдарлама, бағдарламаның бір немесе бірнеше мақсатын іске асыруға бағытталған міндеттер мен шараларды қамтитын бағдарламаның дербес бір бөлігі болып табылады. Бағдарламаның ауқымы мен оның күрделілік дәрежесіне байланысты, қосалқы бағдарламалардың жиынтығы бағдарламаны тұтасымен немесе оның негізгі бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Әрбір косалқы бағдарлама өз кезегінде өте төмен деңгейдегі қосалқы бағдарламаларға(мақсаттар) бөлінуі мүмкін. Қосалқы бағдарламалардың саны кешенді бағдарламаның ауқымы мен күрделілігіне тәуелді, бірақ өте үлкен болмауы керек. Негізі қосалқы бағдарламалар бағдарламалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, нақты мақсаттар мен шаралар жүйесін білдіреді.

Қосалқы бағдарламалар негізгі және қамтамасыз етуші болады. (Сурет 3.). Негізгі қызметтің қосалқы бағдарламалары, жалпы бағдарламаның соңғы қалыптасқан мақсатына жататын нәтижені орындауға бағытталған, ал қамтамасыз етуші қызметінің қосалқы бағдарламалары негізгі қызметгің қосалқы бағдарламаларының құрамына кіретін шараларды сәтті орындауға қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.