Шағын бизнестің негізін қалау жолдары

Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес (1-сурет).

ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУ ЖОЛДАРЫ

Жаңа бизнестің негізін қалау туралы мәселелер екінші бөлімде толығырақ қарастырылады. Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу біздің экономикамызда әлі аз танымалы құбылыс бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:

  • Тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ушырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың (тәуекел және тұрлаусыздық) деңгейін төмендетуі.
  • Бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес өлде қашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, бизнестің басқа контрагенттерімен қарым-қатынас орнатылған.
  • Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.

Біздің Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Бұл екі бағытты толығырақ қарастырайық. Алғашқы франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады. 60-70-ші жж., тағамды тез дайындайтын технология («Макдональд» фирмасы) барлық жерге тарала бастағанда, франчайзинг қатынасының келесі дүрлікпесі әр түрлі елдердің өкілдері арасында жасалғандықтан, франчайзинг кең ауқымдық сипатқа ие болды.

ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАРЫМ- КАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕРМИНАЛОГИЯСЫ.

Франчайзинг компаниясы (франчайзер) өзінің франчайзи-мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жана кәсіпорынды ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа бизнеске, бүтінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі — тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажеттілігі бар. (1 сурет).

Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:

1.Франчайзер — өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.

  1. Франчайзер — негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын франчайзиға береді.
  2. Франчайзер — көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанын таңдамас бұрын, кәсіпкер франчайзингтің оң және кемшін жақтарын жете зерттеуі қажет (2сурет). Франчайзингтің негізгі артықшылықтарының бірі бұл фанчайзерден оқып үйрену мен дайындалу мүмкіндігі. Сондай-ақ франчайзер тек өндіріс мәселелерін оқытып үйретуді ғана ұйымдастырып қоя салмай, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін және т.б. да оқытып үйретеді. Оқытып үйрету бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады. Бұл үшін арнайы оқып-үйрету орталықгары құрылады. Мысалы, «Мақдональдс» секілді ірі фирманың қарамағында тұтас бір университет бар, онда 1961 жылдан бері 40.000 бизнесмендер, менеджерлер, жұмысшылар оқып үйренді. Университетте 30 жақсы жабдықгалған аудиториялар бар, 30-дан астам профессор жұмыс істейді.

Тағы бір маңызды артықшылық — бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады, сөйтіп франчайзндің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

Соңында, егер тәуелсіз бизнесті бастау айтарлықтай бастапқы салымды қажет етсе, франчайзинітік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.

Маркетингтік көмектің мәні — бұл франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және айтарлықгай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бүрыннан бері жинақгаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс сітеу мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан жүргізілген бір зерттеу мәліметтері бойынша 5 жыл бұрын негіздері қаланған франчайзингтік фирмалардың 97 % әлі күнге дейін сәтті жұмыс істеп келуі кездейсоқгық емес.

Франчайзингтік қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, ноу-хау» және т.б. пайдалану құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте үстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін және т.б. шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.