Шағын бизнестің даму тарихы

Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялык шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; баскару — нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте шағын кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. Әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің «Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы» қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің сәйкес N432 қаулысы қабылданды. Шағын кәсіпорындар жіктеу кезінде, оңда жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін басқа тұлғалар тарапынан, мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әртүрлі заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін еді.

Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.

Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жылдардан бері, келісім-шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жүмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындасында) 53,5-тен 65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981 ж. 85,7 %-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемініңлоіес салмағы 90-шы жылдардың басында 80 %-ке жетті.

Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық — монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Спецификалық функцияларды істей отырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін-бірі толықгыруда деуге болады. Сондықтан, шағын және ірі қүрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері — бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл — шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақгы емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын бизнестің басты ерекшелігі — кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан кұтылып кетуге болады, себебі негізін қалауы мен менеджер — бұл ереже бойынша бір адам. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес кайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының,табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.

Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу непзі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен «Көкшетаустрой» Көкшетаустрой-1″, Көкшетаустрой-2″ трестері сияқты кұрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.

 Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру — жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.

Экономиканың бұл күшті қорегін жоғары дамыған етдерде елемеи кетпейді, олар шағын бизнесті, сайып келгенде кез-келген ірі бизнестің негізі деп, өздеріне есеп беруде себебі кез-келген ірі кәсшорын екі адамның бастапқы аздаған капиталмен өз ісін бастау идеясынан басталады. Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіншілігіне айналады Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан өрісуше әкеледі, демек өндірістің әріқарай даму мүмкіндігі пайда болады. Шет елдегі шағын кәсіпорыннан млн айналымы бар компанияларға айналатын ірі фирмалардың бастапқы тарихы осындай.