Бәсекелес елу елдің қатарына Қазақстанның ену процесіндегі кәсіпорынның қосар үлесі

Бұрынғылар айтады екен, «әреке кірген жерде береке болмайды» деп. Біз бәсеке бар жерде береке бар деп, бүгінгі жаңа Жолдауды жан-жүрегімізбен қабылдағанымызды ашып айтып, ашық көрсетер едік. Президенттің бұл аса маңызды саяси құжаты «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге түсе алатын үздік 50 елдің қатарына ену стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы алға жаңа серпін жасаудың табалдырығында» деп аталады. Бәсекеге қабылетті 50 елдің қатарына кіру жолымыз – даңғыл жол. Тек осы жолда сөз аз, іс көп болсын.

Қазақстанның әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енуі, яғни Бүкіләлемдік Экономикалық форум сарапшыларының мұндай шешімі  еліміздегі тұрақтылықты халықаралық деңгейде мойындау болып табылмақ, ал ол дегеніміз, қазақстан экономикасының дамып келе жатқан салалрына шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға мүмкіндік туады деген сөз. Соңғы жылдардағы Қазақстанның тұрақты түрдегі даму тәжірбиесін ескерсек, алдағы 10 жылда әлемнің бәсекеге қабылеті 50 елінің қатарына ену жөніндегі жаңа Стратегиялық мақсаты экономикалық жағынан нақты орындалатын міндеттер екендігі айқын, өйткені, ол жалаң жерден туа салған мақсат емес, мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі даму принциптерінің негізінде жасалып отыр.

Жолдаудың негізгі үш бағыты – экономика, әлеумет, саясат. Президент өз Жолдауында негізгі басымдықтарды ұсынған болатын. Солардың бірі – Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру.

Ел экономикасындағы өрлеудің тұрақты әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.

Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу керек деп санаймын.

Кәсіпорынға кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту.

Шағын кәсіпорынды дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.

Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

Өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпорын корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік «локомотивтерін» жасақтау.