Шағын кәсіпорынды дамыту проблемалары

Кәсіпорын қызметінің табыс критерийіне болып кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс табу қабылеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тұра келеді. Әлемдік тәжірбиеде көрсетіп отырғандай, кәсіпорынның көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпорын әлемінде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7% алғашқы 4 жыл ішінде 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:

  • Экономикалық факторлар – 47,4%,
  • Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%,
  • Кәсіпкерлік тәжірбиенің болмауы – 7,1%,
  • Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4%,
  • Басқалар – 3,7%.

Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сиптақа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция, жаңа бәсекелестіктің пайда болуы, саладағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсчіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджементпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:

  • Стратегиялық сипаттағы қателіктер
  • Жалпы менеджмент проблемалары
  • Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.

Осы бағыттардың әрқайсысын 1.15 кестеде жете, толық қарастырамыз.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігі дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшырауымен байланыстырады, басқалар банкротқа ұшырауымен қатар кәсіпорынның бірігіуі, басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да қосады.

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері.

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері Фирмалардың баннкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі
1. стратегиялық сипаттағы қателіктер 1.1. Маркетингтік мүмкіндіктерді жете бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына ұшырайды.

1.2. Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.

1.3. Маркетингтің тек жақынды ғана көруі. Бизнестің нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.

1.4. Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынының көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің таратылуының нәтижесінде ақша қаражатына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының бар екендігіне көз жеткізу қажет.

1.5. Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін төлемдердің кідіруінен немесе тапсырыстардың қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін жоспарлау қажет.

2. Жалпы менеджмент проблемалары 2.1. Басқарушының шеберлігі мен тәжірибесінің және «ноу — хау» — дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары қажет.

2.2. Қаржы менеджментіндегі жетіспеушіліктер. Жаңа фирмаларда ереже бойынша қаржылық міндеттер жәй бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан кәсіби қажыгер болу керек.

2.3. Менеджменттердің негізгі қызметкерлерінен айырылуы көбінесе сындарды болуы мүмкін, әсіресе қандай да бір өндіріс әдістері саласына ған тиісті білімді қажет ететін кәсіпорындар үшін.

3. Есептік — қаржы жүйесі мен тәжірибедегі кемшіліктер 3.1. Баға қалыптастыруда салалық стандаттар мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының дәрежесі мен оның пайдалалық дәрежесін алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.

3.2. Фирманың экономикалық жағдайын басқару талдауының жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқ болуы (тауар – материалдық құндылықтардың, жұмыстардың орындалу көлемін және т.б. талдау)

3.3. Кассалық бюджетке көңіл аударудың орнына қателесіп, аудару тәсіліне көңіл аудару, бизнесті айтарлықтай қаржы проблемасына әкелуі мүмкін.

Егер кәсіпорын тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз фирмалар қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастыруды қалайды:

  1. Банкротқа ұшырауымен байланысты.
  2. алдағы заңдардың алдын алу мақсатымен.
  3. Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты, мысалы, салынған капиталдың пайдалылық процентінің төмен болуы.
  4. Зейнеткерлік жасқа жетуге немесе денсаулық жағдайына байланысты кету, пайда табу мақсатында немесе басқа бизнесті бастау мақсатында бизнесті сату  сияқты себептерге қатысты.

Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке бизнеспен айналысуға ұмтылу сипатына ие болады. Бірақ бүгін сол құрылған фирмалардың азы ған пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғанын айта кету керек.

Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:

  • әлеуметтік — экономикалық,
  • саяси,
  • құқықтық,
  • психологиялық,
  • кадрлық,
  • ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік – экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері мен коммерциялық тәуекелдерді сақтандаыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады.

Саяси факторларға кәсіпорынның дамуына мемлекеттік қоланудың жетіспеушілігін, бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға болады. Әлеуметтік сауалнама бойынша кәсіпорынның көпшілігі, реформаны республикалық министрліктер мен жергілікті билік органдары ұстап отыр деп есептейді. Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші кезекте салық жүйесінің жетілмегендігі және нормативті – құқықтық базадағы қарама — қайшылықтар жатады. Заң базасында жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге деген сенімсіздікті тудырады, осыдан барып ұзақ мерзімдік болашақ емес, бір күндік пайдаға бағдарланушылық орын алады. Өткір бәселестік күресте артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпкерлік құрылымдардың құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл болып отыр.