Шағын кәсіпорын ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпорын құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел – шағын кәсіпорындардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде шағын кәсіпорын бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады.

Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын кәсіпорынға анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын кәсіпорынның 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын кәсіпорынды сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, дипозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері.

Авторлары, шағын кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын кәсіпорынды ірі кәсіпорын принципі түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы.

Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын кәсіпорынның мынадай сипаттамалары ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы, кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі, негізін қалаушылар – тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері, менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған, бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда, акционекрлермен өзара қатынас аз, жалаң сипатқа ие, бизнес әртүрлі компетенция түрлерін таңдауда жоғарырақ икемділік дәрежесіне ие болады.

Қазақстан жағдайындағы шағын кәсіпорынға анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірбиелерді ескере келе, шағын кәсіпорынға келесідей сипаттама беруге  болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды, басқару –нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді, басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

Шағын және орта кәсіпорын, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын  қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр.

Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі кәсіпорындардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс сітеуге бет алуда. Шағын кәсіпорын ірі кәсіпорынға қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары айқын. Бұл – шағын кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілген қызмет түрлерін тез ауыстыру қабылеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабылеттілігі. Соңында шағын фирмалардың еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын кәсіпорынның басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпақ біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын кәсіпорын қайтадан өз мәні мен маңздылығына ие болды. Шағын кәсаіпорын шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және ірі кәсіпорынды салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын кәсіпорынның үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын кәсіпорын тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады.