Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі.

Кәсіпорын процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.

Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпорын процесі – бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа кәсіпорынның шешуші қызметі тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, білетін, жаттыққан пікірлестер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыру беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.

Жоғарыда кестеленген кәсіпорын процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірбиелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгелдеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіңліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндірісм факторларын ұтысмды түрде біріктіруге қабылетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.

Команда негізде және жетілген саласына сәйкес  еңбек тәжірбиесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.

Кәсіпорын процесінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпорын жарылыс нәтижесінде пайда болған «үнсіз» төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпорын түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады.

Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабылетіне ие кәсіпорын табысты кәсіпорын болып саналады. Кәсіпорын қызмет саласын таңдауын тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзекшеленеді.

Кәсіпорын процесінің үшінші қозғаушы күші – бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын көзқарастың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелікке жету.

Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпорынның 7 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз  алдына мектеп болып табылады және кәсіпорын мен кәсіпорын процесіне өздерінің түсініктемелерін береді. Оларға жататындар:

  1. Кәсіпорынның жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі.
  2. Кәсіпорынның психологиялық мектебі.
  3. Кәсіпорынныңң классикалық мектебі.
  4. Кәсіпорынның жетекші ұстанымындағы мектебі.
  5. Кәсіпорынның ішкі мектебі.
  6. Кәсіпорынның маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
  7. Кәсіпорынның менеджменттік ұстанымындағы мектебі.