Табиғи ортаны қорғау, оның өзгешіліктерін болжауда топонимикалық деректерді пайдалану мүмкіндіктері

Табиғат пен қоғам арасындағы күрделі қарым – қатынастарды зерттеудің географиялық негіздері табиғи ортаның қазіргі жағдайларына баға беру, болашақтағы жай – күйін болжау, және табиғатты қорғау мәселелерін де қамтиды.

Қазіргі кезде маңызды ғылыми мәселенің бірі қорғаудың тиімді жолдарын іздестіру және табиғи ланшафтардың өзгеру бағытын болжауға қатысты анықталады. Сондықтан дәстүр әдіс – тәсілдермен қатар, соны деректер көзін пайдалану қажеттілігі туады осы тұрғыдан географиялық білім қорын жинақтау дәрежесіне орай, қазақ топонимдерін аталған мақсатта пайдалануға әбден болады.

Бұл табиғат ерекшіліктерін бейнелеудегі топонимдердің «шыңдыққа жанасымдылығымен» және олардың пайда болу мерзімі тарихи – ленгвистикалық әдістер көмегімен шамалауға болатындығымен түсіндіріледі.

Мысалы, Қ.Н.Сербинаның (1950) редакциясымен жарық көрген «Үлкен сызба кітабының) 1627 жылғы нұсқасында мынадай мәліметтер келтірілген: «Урак тауынан ағып шыққан Ырғыз өзені Ақбашлы көліне құяды» П.И.Рычковтың 1762 жылы жазылып, 1887 ж жарық көрген «Орынбор губерниясының топографиясында», А.Левшиннің (1832) еңбектерінде, ескі карталарда бұл қол Ақсақал – барби деп аталған. А.Макшеевтің көрсетуінше, ХІХ ғасырдағы еңбектер мен карталарда көл «белгісіз себептермен» Шалқартеңіз деп аталған. Ғылымның топшылауына, бұл атау, «көлдің едәуір үлкен, суының тұщы болуына байланысты» қойылған. Ал ХХ ғасырдын ортасына сәйкес келетін мәліметтерде Шалқартеңіз көлі Ырғыз – Торғай ауданындағы ең ірі су айдынныретінде ситатталады. Кейінгі географиялық деректерде «шөлейт белдемнің ең ірі көлдерінің бірі болып есептелетін Шалқартеңіз көлі түгелімен дерлік сорға айналғандығы» келтірілді 1985 ж жарық көрген «СССР Атласында» көлдің орнында ірі Шалқартеңіз соры мен Құрдым деп аталатауының өзі табиғат өзгерістерінің хабар береді. Ал Балқаш көлінің ауданының кішірейгендігін батысындағы Қаратеңіз шығанағының аты дәлелдейді.

Қазақ топонимдерін табиғи ортаны қорғау, оның өзгерістерін болжау ісіне дерек көзі ретінде пайдалануға қатысты төмендегідей жұмыстар жүргізу қажет.

а) Табиғат жағдайларын сипаттайтын жергілікті микротопонимдерді жинақтау ісін қолға алу және олардың мағынасының қазіргі географиялық жағдайларға сәйкес келуін анықтау;

ә) Барлығы табиғат көрінісінен хабар беретін атауларды іріктеп, олардың мағыналық жүктемесін құрайтын географиялық ақпарды басқа деректер көзімен салыстыра отырып тексеру;

б) Дихронды сараптаулар негізінде топонимдердің пайда болу мерзімін анықтауға қатысты деректер жинақтау және оларды пайдалану:

в) Мағыналық жүктемесін талдау барысында іріктелген топонимдерді картаға түсіру және ерекше қорғауға алу, дұрыс жазылуын қадағалау;

г) «Арасан», «Ата», «әулие», «баба», «мола» және фито – зоононимдер негізінде жасалған географиялық атауларды тіркеп, аталған объектілер жөнінде географиялық, тарихи деректер жинақтау;

д) Өсімдік және жануар түрлерінің таралу арсалдарын қалпына келтіруде, сирек кездесетін түрлерді қайта жерсіндіру (реакклиматизация) ісіне топонимикалық деректерді кеңінен пайдалану.

Дегенмен, бұл мәселенің де салыстырмалы түрде қиындықтар тудыратын жақтары жеткілікті. Бұл орайда халық жалынан ондаған мың ауыл, мерзімдік қоныс, жайылымдық және шыбындық жерлер, бұлақ, құлық аттарының өшірілуін, яғни байырғы атаулардың ұмыт болуын айтуға болады. Осы тұрғыда Н.Моисеев тің адамзат болашағы үшін алдыңғы ұрпақ тәжірибесінің ролі жайлы мынадай ой түйіндегенің келтіргіміз келеді. «Мәдениет генетикалық естелік сияқты, ол – адам тәжірибесінің «деректер банкі». Мәдениеттің кез – келген элементі жойылғанда орны толмас халық тәжірибесі де келмеске кетеді…». Бұл айтылғанның тақырыбымызға қатысы қазақ қатынасы географиялық атаулар жүйесін халық жүйесін халық мәдениетінің ажырамас бөлігі деп түсінуден туындайды. Қазақ халқының айналадағы орта туралы білім мен тәжірибесі «шоғырланған» халықтын топонимдерді қорғау қажеттілігін өзі ұрпақтар арасындағы ақпар алмасуын үздіксіздігін негізделеді.