Географиялық объектілердің атаудағы табиғаты қорғау принциптері

Түркі халықтарының табиғатпен өзара қарым – қатынасы әр түрлі діни сенім – шынымдар мен түсініктерде бейнеленген табиғатты құрметтеу, оны анимациялау, яғни пір татудан айқын көрінеді. Мұның негізіне табиғатты қорғауға бағытталған іс әрекеттін жатқаның байқау қиын емес. Өйткені, Ш. Уалихановтың атап көрсеткендей, шамандық сенім – нанымның пайда болуының негізінде табиғатқа деген шексіз махаббат, оны қадір тұтып, қастарлеу жатыр. Қазақ халқы ежелгі түркіден туған жерді, яғни атамекенді құрметтеу дәстүрін еншіледі. Қасиетті жер – суын пір тұтудың ежелгі «глобальды сакрализацияның» нәтижесінде ерекше атаулар қалыптасты. Қазақ халқының табиғатты пайдалану жүйесінде ерекше табиғат объектілерінің шаруашылық айналымынан шығарылғандығының өзі бұл жүйенің экофилдік дәрежесін анықтайды деуге болады. Рухани мәдениеттің ауызша сипаты жағдайында қорғауға тиіс табиғат ескерткіштері ерекше атаулы қажет болды. Гографиялық объектілердің «қасиетті» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен – көлді, таулы аймақтардың табиғи қорларын, ежелгі тарихи – археологиялық ескерткіштерді қорғауға алады.

Спелеононимдердегі (үңгір атаулары)қорғау жөніндегі ақпар «әулие», «ата», «қожа», «жеті» сөздерінің қатысуымен беріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ақмешіт әулие үңгірі Қаратау жотасының оңтүстік – шығыс беткейлеріндегі әктастарда пайда болған. Ұзындығы 150, ені 65 м – ге жететін бұл табиғат ескерткіштерінің қазіргі кезде туристік – экскурсиялық маңызы өте зор. Е.А.Керімбаев Оңтүстік Қазақстандағы Қарлығаш ата, Дуана қожа, Тамшы әулие, Жеті үңгір спелеонимдерінің сакральдық маңызын жоғарыда аталған лингвистикалық компоненттердің болуымен түсіндіреді. Шығыс Қазақстандағы Шағын өзенінің оң жағалауында орналасқан Қоңыр әулие үнгірі де ерекше табиғи объект болып есептеледі. Үнгірде мөлдір сулы, тұщы көл орналасқан. Қазіргі кезде туристік объект болып саналатын осы үңгірді Абайдың, М. Әуезовтың аралағандығы туралы деректер бар. Үңгірлердің ерекше табиғат ерекшіліктері екендігін ескерсек, спелеонимдердің табу – топонимдер сипатын алу оларды қорғау мақсатында туындайды деп есептейміз. Өйткені, әруақтарды пір тұту дәстүрінің өзі киелі, «әулие» аталған жерлерде табиғатқа қарсы әрекеттер жасалынбауына жағдай жасаған. Осы ретте «ата» компонентінің қатысуымен жасалған атаулардың ерекше табиғат объектілері болып табылғандығына дәлелдер келтірілуі жөн көрдік. Орталық Қазақстандағы Бектауата (Әулиетау) тауының көптеген үнгірлер орналасқан және қайынды – көктеректі – талды ормандар мен шалғындар өседі. Мұнда ауданы 500ге жерді алып жатқан Бектауата ботаникалық заказинггі орналасқан. Халықтың «ата», «әулие» атын біреуі нәтижесінде емес табиғаты ғасырлар бойы сақталған таулы өнерде қазіргі кезде демалыс орындары орналасқан. Осы өңірдің су су ресурстарын зерттеген Балқаш гидрогеологиялық станциясы Бекттауатадағы жер асты сулары мен үңгірдегі көл суының шөлейт белдем жағдайларда ерекше сипат алатын тұшы су көздері екендігін анықталған.

Сакральды атаулармен аталатын географиялық объектілердің басым көпшілігінің емдік маңызы бар.

Орталық Қазақстандағы Атасу менеральды суларының құрамына емдік компоненттердің (фтор, бром және т.б.) негізінде сауықтырушы органдар ашылып, «Сарыарқа» деп аталатын материалды су шығарылады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Баршатас селосының маңында орналасқан темірлі, сульфатты, магнийлі мениралды сулардың көзі Әулиеқыз деп аталады. Судың емдік қысиеттерін бағалау тұрғысынан «әулиелік» ат берген қазақ халқы шашады су көзін ластаудан сақтап, қорғау мақсатын да көздеген.

Қостанай облысындағы Әулиекөл облысындағы Әулиекөл ауданының территоиядағы өсімдік балшықтарға бай көлдер тобының ірісін Әулиекөл деп аталады. Жергілікті халық көлдің бұл сипатын ежелден бөліп, пайдаланған. Мұның өзі лимнонимде бейнелеген деуге болады.

«Әулиелік сипатқа ие болған басқа су объектілерінің «Әулие бұлақ, әулие және т.б.) малына мал батпаған, суын ластамаған. Бұл топонимдердегі ақпар арқылы географиялық объектілерді қорғау ісінің жүзеге асырылғанын дәлелдейді. Табиғаттың айрықша объектілерінің тобынудың, өзара ерекше ат берудің өзі соқыр сеніммен емес, табиғатты қорғау қажеттілігін сезінуден туындаған. Кезінде «арасан» аталған шипалы бұлақтар негізінде қазіргі кезде ірі сауықтыру орындары ашылған Арасан бұлақтардың маңында шаруашылық әрекет жүргізілмеген, мұндай объектілер табиғар сыйы ретінде қабылданып, мекшіктік сипатқа да не болмаған. Қазіргі кезде Қазақстанда Алмаарасан, Жаркентарасын, Барлықарасан, Қапаларасан, Қуарсан сияқты ірі сауықтыру орындары жұмыс істейді.

Қазақ халқында ағаштарды ағаштары қорғау мақсатында оларды «қасиетті»деп жариялап, тиуісуге болмайтын табыну объектісіне айналдыру жиі кездеседі. Мысалы, Кетпен асуы маңындағы жалғыз торанғы ағашын қорғап қалу мақсатын көздеген бір қарттың оны «қасиетті ағаштар айналдырып, шүберек байлағаны нәтижесінде отыз жылдай бойы, сол ағашқа ешкім тиіспегені туралы мәлімет бар. Жаркент өңіріндегі әйгілі үлкен ағаштың жергілікті Үлкенағаш топониміне негіз болып, ерекше қорғалып, сақталғандығын да халықтың айрықша табиғат ескерткіштеріне табынуының нәтижесі болып табылады. Жергілікті тұрғындар бұл алып ағаштың сынған бұтақтарын да пайдаланбайды.

Жер аттарында кездесетін «мола» сөзі де халықтың жергілікті жердегі табиғат объектілерінің қорғауға бағытталған әрекетінің нәтижесі болып табылады. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі аруақтарды құрметтеу, олардың «тыныштығын бұзбау» сияқты сенім – нанымдар негізігде «мола» аталған жерлер қасиетті деп таңылған. Сондықтан айналасындағы территориядан белгілі бір ерекшеліктері арқылы ажыратылатын жерлердің аттарында (Ақмола, Қарамола, Қумола және т.б.) «мола» сөзі кездеседі бұл тұрғыда Ш.Уәлихановтың жазбаларынан мынадай деректерді кездестірдік: «Сахараның (қазақ даласы – Қ.Қ.)он бойында көптеген көне әрі жаңа молалар… бытырап жатыр. Қазақ тұрмысының бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрігеографиялық жағынан анағұрлым маңызды, себебі жүрленген адамдар аттары ел аузында мәңгілік сақталып қалады да, қазақ өзінің жол бағдарын осы молалардың тұсына қарап айқындайды».

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!