Педагогика ғылымының даму кезеңдері, оның қазіргі кезеңдегі міндеттері

Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен ке-йін А. В. Луначарский, М. II. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.

Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, кұнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупская-ның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.

Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқулы өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.

Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына осы әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», ав-торы А. П. Пинкевич, А. Г. Қалашннковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928); И. А. Каировтың (Москва, 1939) және П. II. Груздева-ның (Ленинград, 1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.

Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888 — 1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйініп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983 — 1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын үйымдастыру әдістемесі», «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», тағы да көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.

Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі — Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зерттеп оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. Бұған А.С. Макаренконың мұрасын тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола ала-ды. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Коянбаев қатысты. Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары. Гюнтер (Германия), А.Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Въетнам), т. б. А. С. Макаренконың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы бірыңғай тұтас пікірлер де болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.

А. С. Макаренко педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері, оның идеяларын меңгеру — педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы.

Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану — тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудың басты жолдары.

Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірден үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сан тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.

Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланыстың зерттейді, тәрбие ісінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда енбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (І993), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.

Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа алып, оқушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.