Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және оны құрастырудың әдістемесі

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты – бас және еншілес банктердің қызметін біртұтас шаруашылық етуші субъект ретінде ұсыну.

Бас банк – бір және бірнеше еншілес немесе тәуелді ұйымдары бар банктер. Еншілес банк – жарғылық капиталын 50%-дан көбі бас банкке тиесілі, екінші деңгейдегі банк.

Қазақстан заңдарына сәйкес еншілес банктердің басқа еншілес банк құруға құқы жоқ, егерде тиісті заңдылықтарға сәйкес еншілес немесе тәуелді ұйымдарға қатысудың барлық үлесі болатын жағдайды есептемегенде.

Тәуелді ұйым – бас банк айтарлықтай әсер ете алатын және оның еншілес ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға.

Шоғырландырылған есеп беру құрамына кіретін банктің және оның үлестес тұлғасының қаржылық есебі ұқсас қаржылық-шаруашылық қызметтің жағдайына арналған бір тұтас есеп саясатын қолдану арқылы дайындалады.

Жинақталған қаржылық есеп беруді ұсынатын бас банк шетелдік, сол сияқты ұлттық барлық еншілес ұйымдар мен банктерді, келесілерді қоспағанда топтастыруы керек:

  • жуық арада сату мақсатымен сатып алған еншілес ұйымдар,
    сонымен қатар тәуелді ұйымдарға инвестициялар (оларға
    жасалатын бақылау уакытша болады);
  • қаражаттардың бас банкке беру қабілетін төмендететін, қатаң
    ұзақ мерзімді шектеулер жағдайларында әрекет ететін
    еншілес немесе тәуелді ұйымдар.

Бақылаудың болуы, еншілес ұйымдардың кызметінен пайда табу мақсатында оның қаржылық және басқа да саясаттарын анықтауға құқық береді. Бақылау тек, инвестициялайтын ұйымның 50% дауыс беруші акциясын иемденгенде ғана жүзеге асырылады, мұндай иемденуден бақылаудың болмайтындығы анық көрсетілген жағдайлардан басқа Банктердің үстінен бакылауды анықтау тәртібі Ұлттық банктің нормативті кұкықтық актілерімен белгіленеді.

Еншілес және тәуелді ұйымдарды тікелей иемдену олардың дауыс беруші акцияларын бас банктің сатып алған кезінде жүзеге асырылады. Еншілес немесе тәуелді ұйымдардың дауыс беруші акцияларын өз кезегінде бас банкке еншілес немесе тәуелді болып табылатын ұйымдар сатып алған кезде жанама иемдену жүзеге асырылады.

Инвестицияланатын ұйымдардың дауыс беру акцияларының жартысын немесе жартысынан көбін алу кезінде бақылауды бас банк келесі жағдайда жүзеге асыра алады:

  • басқа инвесторлармен келісім нәтижесінде жартысынан көп дауысқа ие болуға қол жеткізсе;
  • жарғы немесе шартқа сәйкес инвестиция салынатын ұйымның қаржылық шаруашылық саясатын анықтауға өкілеттігі
    болса;
  • директорлар кеңесі мүшесінің көбісін тағайындай алса немесе ауыстыра алса;
  • директорлар кеңесі жиналысында көпшілігі дауыс беруге құқығы болса.

Қаржылык есептілікті пайдаланушылардың, барлық топтардың қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі және каржылық жағдайы туралы ақпараттарға деген кажеттілігі бірыңғай есеп берумен қамтамасыз етіледі. Бас банк тәуелді ұйымдардың қаржылық есеп беруін, егер оның жарғылық капиталға қатысу үлесі келесі жағдайларды құраған кезде шоғырландырады:

  • 20%-дан жоғары дауыс беру акциясы;
  • 20 және одан да аз пайыз дауыс беру акциясы, бірақ ол
    басқа инвесторлардың келісімінің нәтижесінде маңызды әсер
    етуге құқық алады.

Егер бас банкке еншілес ұйым түгелімен емес, бір бөлігі ғана тиесілі болса және сыртқы акционерлер болатын болса, онда аздық үлесі жағдайы пайда болады. Аздық үлесі – бас банктің иемденбейтін, еншілес ұйымдардың таза активтердің және қаржылық-шаруашылық қызметшінің таза табысының қатысу үлесіндегі бөлігі.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бас банктердің тәуелді ұйымдарға салған инвестициясы үлестік қатысу әдісімен есептелінеді, ол келесі белгілермен сипатталады:

  • инвестициялар сатып алу сәтінде сатып алу құнымен есептелінеді;
  • тәуелді ұйымның таза табысының үлесі инвестицияның
    баланстық құнын көбейтеді, ал шығындар үлесі азайтады;
  • тиесілі дивидендтер сомасы, инвестицияның баланстық құнының азаюы ретінде қарастырылады.

Бас банк тәуелді ұйымға айтарлықтай әсер ете алмаса, үлестік қатысу әдісін қолдану тоқтатылады. Қалған инвестициялар банктің қаржылық инвестициясы ретінде есептелінеді.

Банктің бөлек қаржылық есебінде оның тәуелді ұйымдарға салған инвестициясын бейнелеу үшін келесідей жағдайларда құн әдісі қолданылады:

  • тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар болашақ кезеңде
    сатып өткізу мақсатымен сатып алмаса (сатып алынған күннен бастап алты айдан аспаса);
  • тәуелді ұйымдар қатаң үзік мерзімді шектеулер жағдайында
    қызмет етсе.

Шоғырланған қаржылық есеп беруді құру тәртібінде анықталғандай, ұзақ мерзімді шектеулердің қатаң жағдайы болып келесілері табылады:

  • оның дивидендтік саясатына қатысу кұқы бар тәуелді ұйымдар үкіметтердің қадағалауында болуы мүмкін;
  • тәуелді ұйымдар өз қызметтерін, таза табыстарын шетелге
    аударуға шектеулер қойылған елдерде жүзеге асырады;
  • тәуелді ұйымдардың қызметіне қойылған шектеу саяси
    жағдайлардағы өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Топтар мүшесі бас банкке шоғырланған қаржылық есеп беруді ұсынбауға құқы бар, егер соңғысы оны талап етпесе және оған аздық үлес иемденушілерінің келісімі болса. Бас банктің оның еншілес, тәуелді ұйымдарының шоғырланған қаржылық есеп беруге кіретін есептері белгілі бір күнге құрылуы керек. Ол қаржылық есептіліктерде, арасы үш айдан аспайтын кезеңдердегі әр түрлі күндерге негізделуі мүмкін.

Ондай қаржылық есеп беруді шоғырландыру мақсатында маңызды операциялардың немесе осы даталар аралығында жүргізілетін басқа да оқиғалар нәтижесінде болатын өзгерістерге түзету енгізіледі.

Шоғырланған есеп беру нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық банк белгілеген мерзімде ұсынылуы керек және міндетті түрде тәуелсіз аудиторлармен расталуы керек. Бас банк мәліметтердіҰлттық банк белгілеген тәртіпте және тиісті талаптарға сай жариялайды. Еншілес ұйымның шығуынан алынған сома мен оның активтерінің есептен шығару күніндегі міндеттемелерді шегеріп тастағандағы баланстық құндарының арасындағы айырма табыстар мен шығыстар жөніндегі шоғырландырылған есептілікте табыс немесе еншілес кәсіпорынның шығуынан болған зиян ретінде танылады.

Халықаралық стандартқа (ҚЕХС-27) сәйкес бас банктердің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі, активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, табыс пен шығыстың ұқсас баптарын қосу арқылы жолма-жол біріктіріледі.

Біріккен қаржылық есептіліктегі акпарат біртұтас ұйым ретінде топ туралы ұсынылуы үшін келесілер қажет:

  • әрбір еншілес ұйымдарға салынған бас компания инвестициясының баланстық кұны және бас компанияға тиесілі әрбір еншілес ұйымның капиталының бір бөлігі есептен шығарылады (22 ҚЕХС);
  • косылған еншілес ұйымдардың есептік кездегі таза пайдадағы аздық үлесі, бас компанияның иелеріне тиесілі таза
    пайданың сапасын көрсете отырып, топтар пайдасын түзету
    үшін пайдаланылады және есептеледі;
  • қосылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі аздық
    үлесі жиынтық баланста бас компаниялардың акционерлерінің капиталымен міндеттемелерінен бөлек көрсетіледі және есептелінеді.

Өз кезегінде таза активтегі аздық үлес келесілерден тұрады:

  • «Ұйымдардың бірігуі» 22 ҚЕХС сәйкес есептелген бастапқы
    бірігу күніндегі сомалар;
  • бірігу күнінен бастап жүргізілген ұйымдардың капиталындағы өзгерістердегі аздық үлесі.

Бас және еншілес компаниялардың жеңілдетілген балансы

Банктың атауыБас компанияЕншілес компания
Ақша қаражаттары20000035000
Басқа активтер84000070000
Активтер жиынтығы1040000105000
Кредиторлық қарыздар10000020000
Акционерлік капитал: атаулы құны 1000 теңге қарапайым акциялар90000075000
Бөлінбеген пайда4000010000
Міндеттемелер мен капиталдың жиынтығы1040000105000

Бас компания еншілес ұйымның 100% акциясын ұйымның баланстың құнына толығымен сәйкес келетін бағамен сатып алады делік. Еншілес ұйымның баланстық құны 85000 тг. құрайды (105000-20000). Бас компанияның бухгалтерлік есебінде бұл операция келесідей көрсетіледі:

Дт 1471 «Еншілес ұйымдарға инвестиция» 85000

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 85000

Бас және еншілес компанияның баланстағы мәліметтеріне түзету енгізу үшін келесі жұмыс кестесін кұру керек.

Шоғырланған баланс құруға арналған жұмыс кестесі.

БаптарБас компанияның балансыЕншілес компания балансыТүзету жазбаларыШоығр-ланған баланс
Дебеткредит
Ақша қаражаты1150005000 50000150000
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар85000  85000 
Басқа да активтер84000070000820000 910000
Барлығы1040000105000  1060000
Кредиторлық қарыз10000020000  120000
Акционерлік капитал9000007500075000 900000
Бөлінбеген пайда400001000010000 40000
Барлығы104000010500085000850001060000

Шоғырланған балансты дайындау кезінде еншілес ұйымдарға салынған инвестицияларды коспау керек (22-кесте). Бұл операция «Түзету жазбалары» бағанында (графасында) көрсетіліп, ол шоғырланған балансты құру кезінде активтер мен акционерлік капитал шоттарының қайталануына жол бермейді. Шоғырланған, баланстағы акционерлік капитал бас компанияның акционерлік капиталына тең.

Шоғырланған баланста аздық үлесі екі ұсынылуы мүмкін: біріншісі – оларды ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капитал арасында орналастыру, екіншісі – (23-кесте) акционерлік капиталды бас компанияның капиталынан және акционерлердің аздық үлесінен тұратындай ұсыну

Сатып алу күніне шоғырланған баланс құруға арналған

жұмыс кестесі.

БаптарБас компанияның балансыЕншілес компанияның балансыТүзету жазбаларыШоғыр-ланған баланс
дебеткредит
Ақша қаражаты1320035000  167000
Ұзақ мерзімде қаржылық салымдар68000  68000 
Басқа да активтер84000070000  910000
Барлығы1040000105000  1077000
Кредиторлық қарыз10000020000  120000
Акционерлік капитал9000007500075000 900000
Бөлінбеген пайда400001000010000 40000
Аздық үлесі   1700017000
Барлығы104000010500085000850001077000

Қаржы-шаруашылық қызметінің (пайда және шығын жөніндегі есеп) шоғырландырылған нәтижесі, бас компанияның қаржылық нәтижелерін еншілес компаниялармен біріктіру жолымен біртұтас шаруашылық ұйымдастыру үшін құрастырылады, бұл кезде шоттар кайталанбауы үшін, шаруашылық ішілік мәмілелерге түзетулер енгізіледі.

Шоғырландырылған есепке келесідей шаруашылықішілік операциялар әсер етеді:

  • баланс және еншілес компаниялар арасында жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу;

қарыздар, дебиторлық борыштар, осы компаниялар арасындағы облигациялық міндеттемелер бойыныша пайдалар мем шаруашылықішілік мәмілелер бойынша пайдалар мен

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!