Бухгалтерлік балансы және қаржылық талдауы

Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушылырды Халық банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және маңызды ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысндары белгіленген:

  • бухгалтерлік баланс;
  • табыс және шығыс туралы есеп;
  • ақша қозғалысы туралы есеп;
  • капиталдағы өзгеріс туралы есеп;
  • түсіндірме жазбалар.

Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны жүргізіледі. Халық банкі сонымен қатар ай сайынғы және әр күндік балансты да ұсынады.

Қаржылық жағдай туралы есеп беру (баланс)- ол бухгалтерлер жасайтын орталық есеп берудің бірі болып табылады.Бір жағынан активтерді, ал екінші жағынан пассивтерді бейнелейтін, белгілі бір уақыт мерзімдегі Халық банк жағдайын көрсететін оны субьектінің фотосуреті деп қаруға болады. Халық банктің бухгалтерлік балансы – қаржылық есеп берудің басты нысаны.Баланстық есеп беру Халық банктің меншікті капиталдармен міндеттемелер көзіне тең активтер ресурстарын ұстаушы ретінде көрсетеді. Сөйтіп бухгалтерлік баланс Халық банктің қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол банктің қаржылық жағдайын анықтайды

Қазақстан халық банкі”АҚ-ның 2005 жыл мен 2006 жыл арасындағы бухгалтерлік балансы.

  2005 жылғы 1қаңтар 2006жылғы 1қаңтарға
Ауытқуы % (+,-)
Активтер      
Ақша және оның баламалары 81 749 33 123
Міндетті резервтер 8 172 7 578
Саудалық бағалы қағаздар 57 470 34 634
Кредит мекемелері қаржы 1 644 695
Инвестициялық бағалы қағаздар:      
-сатуға жарамдылары 26 301 37 070 +
-өтелгенге ехін ұсталатындары 7 400 11 295 +
Қызмет көрушілерге займдар 280 497 254 590
Ағымдағы салық активтері 819 807
Негізгі қаржы 9 563 9 131
Басқа активтер 438 4 326 +
Активтердің барлығы 474 053 359 886  
Пасив      
Міндеттемелер      
Үкімет қаржысы 233 470 +
Кредиттік мекемелердің қаржысы 77 371 76 492
Қызмет көрушілердің қаржысы 301 108 231 501
Шығарылған берешек бағалы қағаздар 49 612 44 939
Төлеуге дивиденттер 330 330  
Салық міндеттемелері 490 450
Резерфтер 2 286 1 201
Басқа міндеттемелер 5 769 31 359 +
Міндеттемелердің барлығы 437 999 324 624  
Азшылықтың үлесі 299 227  
       
Меншік капитал      
Жарғылық капитал      
— жай акциялар 13 285 13 285  
-артықшылықты акциялар 2 474 2 474  
Қосымша төленген капитал 2 191 2 191  
Сатып алынған акциялар -16 -16  
Резервтер 438 519 +
Бөлінбеген табыс 17 981 16 582
Меншік капиталдың барлығы 36 353 35 035
Міндеттемелердің,меншік капитал мен азшылықтың үлесінің барлығы 474 053 359 886  

Қазақстан халық банкі”АҚ-ның 2005 жыл мен 2006 жыл арасындағы бухгалтерлік баланстарды талдауы.

2005 жылғы бухгалтерлік баланс төмендегідей түрде көрсетілген:

Активтердің құны – 474 053 000 теңге.Оның ішінде:

Ақша және оның баламалары- 81 72 000 теңге

Міндетті резерфтер -8 172 000 теңге.Саудалық бағалы қағаздар – 57 470 000 теңге.Кредит мекемелеріндегі қаржы –1 644 000 теңге.Инвестициялық бағалы қағаз:

— сатуға жарамдылары –2 301 000 теңге

— өтелгенге дейін ұсталатындары –7 400 000 теңге

Қызмет көрушілер займдар,нетто – 280 497 000 теңге.Ағымдағы салық активтері –819 000 теңге. Негізгі қаржы – 9 563 000 теңге.Басқа активтер – 438 000 теңге.

Пассив бөлімінде қарастырсақ,

Міндеттемелердің,меншік капитал мен азшылықтың үлесінің барлығы-474 053 000

Үкімет қаржысы –233 000 теңге.Кредиттік мекемелердің қаржысы –77473 000 теңге. Қызмет көрушілердің қаржысы – 301108 000 теңге.Шығарылған берешек бағалы қағаздар –49 612 000 теңге. Төлеуге дивиденттер – 330 000 теңге.Салық міндеттемелері – 490 000 теңге.Резерфтер – 2 286 000 теңге.Басқа міндеттемелер – 5 769 000 теңге.Міндеттемелердің барлығы – 437 999 000 теңге.

Азшылықтың үлесі – 299 000 теңге

Меншікті капитал

Жарғылық капитал

— жай акциялар – 13 285 000 теңге

— артылықшылықты акциялар – 2 474 000 теңге

Қосымша төленген капитал – 2 191 000 теңге.Сатып алынған акциялар — -16.000 теңге.Резервтер – 438.000 теңге.Бөлінбеген табыс – 17.981.000 теңге.Меншікті капиталдың барлығы 36 353 000 теңге.

2006 жылғы 1 қаңтарымен салыстырғанда 2005 жылғы баланстың баптары оның ішінде: ақша және оның баламалары ақшаның аз шығарылуына байланысты 48626000 теңгеге азайған.

Міндетті резервтер 594000 теңгеге азайған.Ал саудалық бағалы қағаздар кем шығарылуын байланысты 22836 теңгеге кеміген. Кредиттік мекемелерінің аз бөлінуіне байланысты 949 теңгеге азайған.

Инвестициялық бағалы қағаздар оның ішінде:

Сатуға жарамдылары сұранысқа байланысты 10769 мың теңгеге көбейген.Өтелгенге дейін ұсталатындары 3895 мың теңгеге көбейген. Қызмет көрушілерге займдар, нетто займның аз шығарылуына байланысты 25907 мың теңгеге азайған.Ағымдағы салық активтерінің төмендігіне қарай 12 мың теңгеге азайған. Негізгі қаржылардың аз бөлінуіне қарай 432 мың теңгеге азайған.

Активтердің барлығы 474053 мың теңгені қүраған.

Пассив бөлімінде қарастырсақ,

Үкімет қаржысы мемлекет тарапынан көп мөлшерде бөлінуіне байланысты 237 мың теңгеге артқан. Кредиттік мекемелердің қаржысының төмендеуіне қарай 981 мың теңгеге азайған. Қызмет көрушілердің қаржылық мөлшерінің азаюына байланысты 69607 мың теңгеге кеміген.Шығарылған берешек бағалы қағаздар сату үшін жайласбауына қарай 4673 мың теңгеге азайған.

Төлеуге дивиденттер өзгеріске ұшырамаған.Салық міндеттемелері 40 мың теңгеге өтелген.Резерфтер күдікті қарыздардың жабылуына байланысты 1085 мың теңгеге азайған.Басқа да міндеттемелердің көбеюіне қарай 25590 мың теңгеге азайған.

Міндеттемелер барлығы –437999мың теңгені құрайды.

Азшылықтың үлесі –72 мың теңге

Меншікті капитал

Жарғылық капитал оның ішінде:

— жай акциялар өзгеріске үшырамаған.

— артылықшылықты акциялар өзгеріске үшырамаған. Қосымша төленген капитал өзгеріске үшырамаған. Сатып алынған акциялар өзгеріске үшырамаған.Резервтер күмәнді қарыздың жабуына байланысты 81 мың теңгеге көбейген. Бөлінбеген табыс 1399 мың теңгеге азайған.

Меншікті капиталдың барлығы 36 353 мың теңге

Міндеттемелердің,меншік капитал мен азшылықтың үлесінің барлығы 114167 құрайды.

Кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беруді

ашып көрсету.

Халық банктің табыстары мен шығыстары жөнінде есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттарының талабына сайкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс баптарын өздеріне қосуы тиіс, біоақ мұнымен шектелмеуі керек:

  • сыйақы түріндегі және ұқсас табыс;
  • сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас шығыс;
  • дивидент түріндегі табыс;
  • комиссиондық және алым түріндегі табыс;
  • комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
  • шығындарды шегергендегі бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;
  • шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;
  • басқа да операциялық табыс;
  • қарыз алумен байланысты шығындар;
  • жалпы әкімшілік шығындар;
  • басқа да операциялық шығындар.

Халық банктің операциясын жүргізу кезінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық бағалы қағаздар нәтижесі жатады.

Халық банктің операциясын жүргізу кезінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвеститциясының баланстық құнының төмендеуімен байланысты шығындар, сонымен бірге жалпы әкімшілі шығындар жатады.

 Сыйақы түріндегі табыс мынадай жағдайда танылады:

  • мәміле жасаумен байланысты банкке экономикалық табыстың түсу ықтималдығы бар болса;
  • табыс сомасы жоғары деңгейлі сенімділікпен бағаланған болса

Бірінші мәмле банктерде конгренттің ақшасын пайдаланғаны үшін шығындар пайда болатын жағдайда ғана сыйақы түріндегі шығын танылады

Екінші активтерден алынған табысты есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс танылады.

Халық банктің табыстары мен шығыстары қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі» бухгалтерлік есептің негізін қалайтын барлық принциптерін ескереді.Төлемі келесі жылдары жүргізілетін жыл үшін Халық банктің табыстары мен шығыстары жылдың аяғында есептелінеді.Табыстар мен шығыстар төменде көрсетілген таза негізінде анықталады:

  1. сатып алуға арналған бағалы қағаздардың шығуы олардың баланстық құнындағы өзгерістер;
  2. шетел валютасымен және қымбат металдармен жүргізілетін дилингтік операциялар;
  3. сатуға жарамды, сол сияқты және өтеуге дейін ұсталатын құнды қағаздардың шығуы және капиталға инвестиция салу.

Халық банк өзінің активтеріне және баланстан тыс міндеттемелеріне сыныптама жүргізіп, оларға қарсы қазақстан Республикасы ұлттық банк белгілеген шарттар бойынша провизияға және резервтерге қажетті соманы анықтайды. Провизиялар толық сомада анықталып қалыптастырылуы керек.және табыстың бар жоқтығына банк шығындарына жатқызылуы керек.

Есептен шығарылып тасталған дебиторлық борыштар қайтарылған жағдайда , келіп түскен сомалар ағымдағы жылы олар қай шоттардың есебінен шығарылса сол баптардың орнын толтырады. Табыстармен шығыстар жөніндегі есепте аздық үлесі 1001 симболы бойынша таза табысты азайтатын көрсеткіш ретінде бөлек бапта көрсетіледі. Бас банкпен еншілес банк арасында кредиторлық және дебиторлық қарыздар бар болса, бас банктің немесе еншілес компанияның борыштарын сол сияқты табыстар , дивиденттер және шығыстар бойынша операцияларды алып тастағаны дұрыс.

Ақша қозғалысымен байланыссыз, таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар түзету қажет:

  1. амортизациялық аударымдар;
  2. провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
  3. есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалмаған шығындар;
  4. сыйақы төлеумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кетпеген шығындар сомасы.

Қазақстан Халық Банкі” АҚ-тың 2005 жылғы 2006 жылғы жағдай бойынша табыстар мен шығыстар туралы топтастырылған есебі.

мың теңге (кесте – 2)

  2005 жылғы қаңтар 2006жылғы 1 қаңтарға Ауытқуы (+;-)
Сыйақы алумен байланысты табыстар:      

Займдар бойынша

9 276 432 5 429 920
Бағалы қағаздар бойынша 1 043 329 741 303
Басқа банктердегі салымдар бойынша 323 712 254 137

Барлығы

10 642 6 425
Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар    
Қызмет көрушілердің салымдары бойынша 2 860 010 1 892 076
Басқа кредиттік мекемелердің салымдары      
мен займдары бойынша 770 073 622 219
Шығарылған берешек бағалы қағаздар бойынша 1 008 440 209 606

Барлығы

4 638 523 2 723 901
Құнсыздану резервіне аударымға дейін сыйақы алумен байланысты таза табыс 6 004 950 3 701 459
Құнсыздану резервіне аударым 2 693 619 1 121 339

Сыйақы алумен байланысты таза табыс

3 311 331 2 580 120
Комиссиялық және алымдар түріндегі табыс 3 359 834 1 818 921
Комиссиялық және алымдар түріндегі шығыстар 303 061 258 776

Комиссиялық пен алымдар

3 056 773 1 560 145
Саудалық бағалы қағаздар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар 24 255 38 693 +
Сатуға жарамды бағалы қағаздар бойыншашығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар 641 31 445 +
Шетелдік валютамен операциялар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар:      
дилинг бойынша 297 388 270 289
бағамдық айырмашылық -71 293 182 529 +
Қымбат металдармен сауда операциялары бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар 669 821 +
Басқа табыстар 329 680 125 666
Сыйақымен алумен байланысты емес табыстар 581 340 649 443 +
Жалақы және қызметкерлерге шығындар 2 457 814 1 496 537
Ғимараттар бойынша амортизация 313 269 253 675
Табыс салығынан өзге салықтар 245 438 201 573
Әкімшілік және операциялық шығыстар 1 226 705 818 697
Резервтерді басқа сторнациялау (резерв) 490 855 — 15 327
Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыстар 4 734 081 2 755 155
Табыс салығы және азшылық үлесі бойынша шығыстарды есептегенге дейінгі табыс 2 215 363 2 034 553
Табыс салығы бойынша шығыстар 665 593 203 290
Табыс салығын төлегеннен кейінгі таза табыс 1 549 770 1 831 263 +
Таза табыстағы азшылықтың үлесі 81 200 -11 239

Таза табыс

1 468 570 1 842 502 +

Енді Қазақстан Халық банкінің 2005 жылғы 2006 жылғы жағдайы бойынша табыстармен шығыстыр туралы топтастырылған есебін талдап көрейік.

Сыйақы төлеумен байланысты шығындары өткен жылы 4638 мың теңге болып,2006 жылы 2723 мың теңгені құрап,өткен жылмен салыстырғанда 1915 мың теңгеге кем шығын шығыстар шығарылған.Құнсыздану резерві өткен жылға қарағанда 1572 мың теңгеге кемейген.Сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстар өткен жылмен салыстырғанда 30359  мың теңгеге көбейген. Шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша шығыстарды шегеріп тастағандағы табыстары диллинг операциясы бойынша 27 мың теңгеге кемейген. Ал бағамдық айырмашылықтары бойынша табыстары 110 мың теңгеге азайған.Басқа табыстары 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 204 мың теңгеге кемейген.Ал сыйақы алумен байланысты емес табыстар өткен жылмен салыстырғанда 68 мың теңгеге көбейген.Жалақы және қызметкерлерге шығындар өткен жылмен салыстырғанда 961 мың теңгеге төмендеген.Ғимараттар бойынша амортизация өткен жылмен салыстырғанда 60мың теңгеге кем есептелінген.Табыс салығына және өзге салықтарға 44 мың теңгеге азайған.Әкімшілік және операциялық шығыстар 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 408 мың теңгеге кем сарыпталған.Табыс салығы бойынша шығыстар өткен жылмен салыстырғанда 462 мың теңгеге кемейген.Табыс салығын төлеген кейінгі таза табы өткен жылмен салыстырғанда 282 мың теңге артық сарыпталған.Жалпы таза табыс өткен жылы 1468 мың 2006 жылы 1842 мың теңге болып өткен жылмен салыстырғанда 374 мың теңге артық табыс алған.