Фирма ішілік жоспарлау теориясы

Жалпы экономикалық теория фирма ішілік жоспарлаудың мәніне, міндеттеріне, мқсаттары мен кезеңдеріне көзқарастардың біртұтастығы әзірше жоқ.

Сондық оның жүзеге асуының жалпы қабылданған негізгі элементтеріне тоқтаймыз.

Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.

Оның негізгі элементтері қатарына мына элементтер кіреді:

-болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамарына сүйене отырып, фирма өзінің болашақта дамуын зертеуді қарастырады;

-жалпы міндеттерді қалыптастыру, бұл фирманың даму болжамдарының негізінде оның орындалуымен ресурстармен қамтамасыз етілуінің белгілі уақыты мен жүзеге асады;

-фирманың әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау бағдарламаларын жасау, бұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалдары дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткеру операцияларын есепке ала отырып байланыстыу;

-фирмалар бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу фирманың ақшалай табыстары мен шығындары балансын құру бағдарламаларын жасау, онда шикізат, материлдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орны алады.

-осының негізінде фирманың әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процесстермен операцияларды орындауды жауапты адамдар анықталады;

-аяқтаушы кезек – фирманың төменгі буындарына қабылданған шешімдерді тарату мен нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.

Фирма ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар: жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға.

-жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы схема бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарларына енгізіледі.

-төменнен жоғарыға қарай жоспарлау.

Жоспарлаудың осы схемасын қолданғанда фирманың төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.

Жоспарлаудың кез келген схемасын қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарларының өндірістік және өткеру операцияларын жалпы үйлесімі мен сәйкестігі қажет.

Фирма ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілеті пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары. Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.

Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.