Бағдарлы оқтуда практикалық жұмыстары ұйымдастыру ерекшеліктері

Жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын құраушы тұжы-рымдамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес Ы.Алтынсарин атын-дағы Қазақ Білім академиясы қызметкерлері жоғары сатыдағы (10-11 сыныптар) қоғамдық-гуманитарлық мектептер (сыныптар) үшін – 25 және жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп-тер (сыныптар) үшін – 21 оқу бағдарламапарын дайындап, оның алғашқы нұсқасы 2000 ж. жарияланған болатын (03.03 2000 ж. ҚР БжҒМ-ң №179 бұйрығы). 1996 жылғы Үкімет қаулысымен шыққан мақсатты бағдарламаға сәйкес осы 2000 жылы бекітілген бағдарлама бойынша 2001 жылдан бастап екі бағыт бойынша 10-11 сыныптарға арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жазыла бастады. Оқулықтарды баспадан шығару ҚР “Мемлекеттік тапсырыс туралы” Заңына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асты. Мектептің жоғары сатысына арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері тендер бойынша ұтып алған “Мектеп” және “Жазушы” баспаларынан 2001-2004 ж. аралығында шығарылып, республикадағы Білім министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген тірек мектептерден тәжірибеден өткізіле бастады.

Тірек мектептерден келіп түскен сын-ескертпелерге сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары қайта өңделіп (18.10.2005 ж., бұйрық №672) бекітілді. Мұнда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарда география пәнінің аптасына 2 сағат (10-сыныпта – 1 сағ., 11-сыныпта – 1 сағ.) көлемінде оқытылады. Ал жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәні аптасына 4 сағат (10-сыныпта – 2 сағ., 11-сыныпта – 2 сағ.) уақыт берілген. Осыған орай бүгінгі таңда “Мектеп” баспасынан 10-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалып, ол алдағы оқу жылында жаппай мектептерге енгізілмек (06. 01,2006 ж., бұйрық №6 ). Мысалы, география пәні бойынша оқу процесіне екі бағыт бойынша төмендегідей оқулық және оқу-әдістемелік кешендер ұсынылып отыр.

География пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалдарының мазмұны ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік сана-сезімін дамыту сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарына негізделіп берілген. Ал жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқу материапдарының мазмұны оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін қанағаттандыру мақсатында неғұрлым тереңірек беріліп, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мазмұнымен сабақтастыққа бағытталған.

Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігі, оның мұғалімдер мен оқушыларға арнапған оқу құралдарынан тұратын оқу-әдістемелік кешен түрінде шығарылуында.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің типтік оқу жоспары құрылымындағы білім беру мазмұнының өзгермелі (вариативті) бөлігінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептерге (сыныптарға) аптасына 3 сағат уақыт белінген. Демек, әр мектеп өздерінің жұмыстық оқу жоспарында 10-11 сыныптардағы қолданбалы курстар үшін 1-3 сағатқа дейінгі уақытты пайдалана апады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт шеңберіндегі оқыту бағдарлары география-биологиялық, география-биология-экологиялық, биология-химиялық, математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық және т.б. болуы мүмкін. Осыған сәйкес әр пән мұғалімдері өздерінің таңдаған (мы-салы, география пәніне қатысты: картография негіздері, Қазақстанның геоэкологиясы, әлеуметтік экологияға кіріспе және т.б.) қолданбалы курстарының бағдарламапарын дайындап, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Ол жергілікті оқу орнының педагогикалық кеңесімен бекітіліп, оқу орнының құрылтайшыларымен келісіледі. Содан кейін ғана оны оқу процесінде пайдалануына болады.

Бағдарлы оқыту “Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарында” көрсетілген адамзат дамуын қамтамасыз ететін ұлттық білім беру жүйесін құру және оны әлөедік білім кеңістігіне кіріктіру мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз.