Экономикалық география курстарында орындалатын практикалық жұмыстары

Қазіргі кезде география пәні мұғалімдерінің өз жұмысында көпте тен оқытудың техникалық құралдарын және оқушылардың өмірін (теледидар, радио, газет-журнал арқылы күнделікті келіп отыратын мәліметтерді қолдануына мүмкіншіліктері көп. Сонымен қатар, басқа да көрнекілік құралдары мен формалары ығыстырылып қалады. Aл географиялық білімді меңгеру барлық көрнекілік құралдар мен мүмкіндіктер үйлесімді қолданылған жағдайда ғана сәтті болады.

Осы орайда оқытудың тиімді құралы ретінде сандық көрсеткіштерді айтуға болады.

Географияға байланысты нақты деректер келтіруде кез келген аймақтың халық санының орташа тығыздығын, қаңтар мен шілде айла рының орташа температураларын анықтауда, биікгік бойынша қысым ылғалдылықты анықтауда, түрлі елдердің шаруашылық салаларының дамуына салыстырмалы сипаттама беруде, т. б. көптеген мәселелерге байланысты нақты көрсеткіштер келтіруде сандық көрсеткіштердің алатын орны зор.

Көп жағдайда сандық көрсеткіштер оқушылардың өз бетімен географиялық ұғымдарды түсінуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар түрлі қима, диаграмма, графикгерге талдау жасай отырып, әр түрл мәселелерге қорытынды бере алады.

Мектепте оқытылатын физикалық және экономикалық география пәндері бойынша қолданылатын сандық көрсеткіштерді жалпы тері топқа бөліп қарастыруға болады.

  1. Жекеше кездесетін сандар — тонна, шақырым, киловатт-сағат пайыз сияқты, т. б.
  2. Шығарылатын кейбір қарапайым есептер.
  3. Диаграмма, график, қима, картограмма, картодиаграммаларды сызу арқылы берілген сандық көрсеткіштер мөлшері.
  4. Әр түрлі мәселені топтастыръщ көрсететін статистикалақ кестелер.

Сандық көрсеткішпен жасалатын жұмыстың бірінші тобына мысал келтірейік. Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Меңделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 бар екендігі анықталған. ТМД-дағы хромның – 94,2 %, бариттің – 81,7 %, фосфориттің-64,7 %, молибденнің – 29,3 %, мыстың – 28,4 %, бокситтің – 22,1%. асбестің- 20,1 %, марганецтің – 13,0 %, көмірдің – 11,9 % қоры республика үлесіне кіреді.

Индонезия жылына 4,5 мың тонна шай жинаса, Үндістан 375 мың тонна, Цейлон 220 мың тонна, Қытай 150 мың тонна шамасында шай жинайды екен.

Сандық көрсеткішпен жұмыстың екінші тобы география курстары бойынша шығарылатын қарапайым есептерге тоқталамыз. Мысалы. жер шары жалпы 360°-қа бөлінген болып есептеледі. Егер жер шары өз бөлігінен 24 сағатта бір айналатын болса, бір сағатта 15°-қа жылжиды.

Сарамандық жұмыс

Мен өз әріптестеріме 9-сыныптағы “Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары” деген тақырыптағы сарамандық жұмысты өткізудегі өз тәжірибемді ұсынып отырмын.

Сарамандық жұмыста белгілі бір аумақтың халқының тығыздығын анықтау және Қазақстанның ұлттық құрамының кестесін пайдаланып, диаграмма құрастыру жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқушылардың теориялық білімін одан әрі кеңейту, Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы, көп ұлтты мемлекет екендігі және орналасу тығыздығы туралы білімдерін толықтыру мақсат етіп қойылды.

Сонымен катар, статистикалық материалдарға талдау жасау, қорытынды шығара білу, графиктер мен диаграмма құрастыру, демографиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру тәсілдері сабақтың дамытушылық әрекеттеріне орайластырылып отырды.

Сабақ тарих, математика, әдебиет пәндерімен өзара байланыста етті.

Көрнекілігі.

  1. Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Көрімбаева, Б.Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметгік географиясы.
  2. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік нұсқау.
  3. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Жұмыс дәптері.
  4. Е.Қаженбаев. Географияны оқыту әдістемесі.
  5. География және табиғат. №3, 2003.
  6. I. Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу.
  7. II. Қызығушылығын ояту. “Миға шабуыл”.
  8. Оқушылар, Қазақстан туралы не білесіндер?
  9. “Демография” деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы сұрақтар жайлы бір-біріңмен ой бөлісіп талқыландар, пікірлесіндер. Әр топ өздерінше талдап болған соң, көшбасшыға сөз береді.

1 топ.

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруғa арналған тапсырмаНұсқау
1. Картаны сипаттау жоспарын пайдалана отырып, “халықтар тығыздығы” атты картаға талдау жаса.Атлас, оқу-лық. 13-бет,
Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу:

а) 1-диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, – 1989 және 1999 жылдардағы халық санағын салыстырып, халық санының азаю себебін түсіндіріңдер;

ә) халық санының өсу динамикасы кестесіне талдау жасандар және статистикалық мәліметтер бойынша диаграмма құрыңдар;

б) қала және ауыл халқының арақатынасы туралы өз ойыңды айт. Ол қалай өзгерген, қаңяай себептерге байланысты. Кестедегі дерекгер бойынша диаграмма құрастыр.

Қолдарыңнан келе ме?

Қазақстан халқының тығыздығы картасы бойынша халықтың ең тығыз жене ең аз қоныстанған аудандарын анықтау.

Оқулық.

12-бет.

 

 

 

Жұмыс дәптері.

1-кесте.

12-бет.

 

1-кесте.

 

 

 

Атлас, оқу-лық. 13-бет.

2 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналған тапсырмаНұсқау
2-Диаграммаңы пайдалана отырып, халықтың қай салада көп жұмыс істейтінін анықтап, оның себебін түсіндіріңцер.Оқулық.

17-бет.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 2-кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығын диаграмма түрінде көрсет;

ә), 3-кестедегі деректерді пайдаланып, халықтың жас ерекшелігі бойынша халық санының диаграммасын құрындар;

б) осы диаграммаға талдау жасаңдар.

Қолдарыңнан келе ме?

1. Кестедегі деректер бойынша өз облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың халқының өзгеруіне талдау жасан, диаграмма құрастырыңцар.

Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері

2-кесте.

13-бет.

3-кесте.

13-бет.

 

 

Кесте.

 

3 топ

Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналган тапсырмаНұсқау
Астана мен Алматы қалаларына салыстырмалы сипаттама беру.Оқулық.

174-бет.

15-кесте.

Шығармашылық деңгей.

Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.

а) 15-кестедегі мәлімеітерді пайдалана отырып, халықтың ұлттық құрамы туралы және оған әсер ететін себептер туралы өз ойыңды айт;

ә) 15-кестедегі деректерді пайдаланын, халықтың ұлттық құрамының өзгеруі туралы график құрастырындар;

б) Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қон динамикасы бойынша берілген мәліметтерге талдау жасап, қорытынды шығарыңцар.

Оқулық.

12-бет.

Жұмыс дәптері.

 

 

16-бет.

4-кесте.

Қолдарыңнан келе ме?

Кулагино селосының ұлттық құрамы туралы пікірлеріңді айтып, кестедегі дерек бойынша диаграмма құрастырыңдар.

Кесте.

Оқушының ой-өрісін дамытуға арналған тапсырма.

Қосымша әдебиеттермен және оқулықпен жұмыс “Ғалымдар не айтады?”, “Жаңа терминдер”.

Жаңа ұғымТүсініктеме
Туу 
Өлім-жітім 
Табиғи өсім 
Вңбек ресурсы 
Миграция 
Эмиграция 
Агломерация 

Атлас, кескін картамен жұмыс.

  1. Кескін картаға:

а) 300 мыңнан 1 млн-ға дейін тұрғыны бар; ә) 100 мыңнан мыңға 200 дейін тұрғыны бар қалаларды белгілеу.

  1. Халықтың ең сирек және ең тығыз орналасқан аймақтар белгілеу.

Үйге оқулықтағы §3, 4 тапсырылып, оқушыларға сабаққа қатысқанына байланысты баға қойылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!