Географиялық оқытудағы практилалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы

География ғылымы өзінің даму жолында үш кезеңнен өтті.

  1. Баяндаушы (описательный) кезең.
  2. Түсіндірмелі (объяснительный) кезең.
  3. Қазіргі конструктивті өзгертуші (конструкгивно-преобразовательный) кезең.

Конструктивті география — табиғат пен қоғам арасындағы әрекетті түсіндіретін, табиғатты ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын бағыты. Географияның бұл бағытын зерттеген ғалымдарға И.Г.Герасимов, B.C. Преображенский, В.В. Максаковский, В.М. Лаппо, т.б. жатады. Конструктивті географияның зерттеу сферасы бүгінгі танда кешеңді физикалық географиямен тығыз байланысты. бұл дәстүрлі жоспарлау алдындағы картографиялау және табиғи ландшафтардың инвентаризациясы (тізімге алу), олардың қайта өзгеруі, қолданылуы, сақталынуы, территориялық жіктелу іс-шаралар сияқты негіздері.

Кейінгі кезде географтар тораптар, қалалар, рекреациялық аудандар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесін жобалауға арналған көптеген әдістемелер, нұсқаулар, кепілдемелер, нормалар және ережелер әзірлеуге кірісті. Мұндай жобалаудың мысалы ретінде табиғатты қорғаудың аймақтық кешенді сызбанұсқаларын қарастыруға болады.

Конструктивті географиялық зерттеулерде маңызды орынды бағалау алады. Кез келген шаруашылық іс-әрекеті үшін геожүйенің пайдалылық дәрежесін анықтауды технологиялық бағалау деп атайды. Мұндай бағалау географиялық жоспарлау мен жобалауда кеңінен қолданылады.

Антропогеңді әсер етудің салдарына қатысты экономикалық және экономикадан тыс бағалау бар. Экономикалық бағалау деп экономикалық іс-әрекет ауқымындағы салдарды бағалауды, сондай-ақ түрлі салдардың бүтіндей айқындалуын (мысалы, шығынның алдын алу немссс орнын толтыру, адам денсаулығын, табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығын) түсінеміз. Түрлі әрекеттерде пайда болатын салдардың экономикадан тыс бағамы бағалаудан басқа (аурудың көбеюі немесе азаюы) кез келген түрде анықталады. Ол әлеуметтік, медициналық, биологиялық және биоэкологиялық салдарды қамтиды.

Географиялық жоспарлау мен жобалаудың барлық кезендері үшін географиялық болжаудың рөлі зор.

Болжау — географиялық жүйелердің болашағы, олардың негізгі қасиеттері мен ауыспалы күйлері туралы ғылыми ұсыныстар. Болжау болжанатын геожүйелердің тарихын білу мен оның болашақ даму тенденцияларының сараптамасына негізделген.

Қазір болжау тәжірибесі гидрология, метеорология және климатология сияқты гсографиялық ғылымдарда кеңінен тараған. Олар геофизикалық үрдістерді сандық анализге негізделген әдістер жүйесін құрайды. Географиялық болжау практикасына аса қажет кешенді болжау әдістері, яғни болашақ табиғи кешендер, аймақтық өндірістік кешендер, аймақтық жүйелердің даму болашағын алдын ала айту.

Болжауды құруда жалпы географиялық зерттеулер мен (салыстырмалы, тарихи және т.б.) қатар жеке әдістер де қолданылады, мысалы аналогиялар (ұқсастық) әдісі мен экстраполяциялық әдісі. Математикалық модельдеудің жаңа әдістері маңызды болып келеді. Болжау жасау үшін кең әрі нақты ақпарат қажет. Сондай-ақ болжанатын геожүйелердің элементтерінің арасындағы байланысты жетік білу, олардың өзгеру зандылықтарын да жақсы білу қажет.

Соңғы жылдары географтардың айрықша зейіні мониторинг жүйесін жасауға, яғни, геожүйелердің жағдайларын бақылау мен бағдарлауға бағытталып отыр. Мониторинг деректері жобаланған, жоспарланған сипаттамалардың даму жүйесінің қатты ауытқуларын уақытында байқауды немесе оның қызмет ету режиміндегі қауіпті бұзылуларды дер кезінде анықтауға арналған. Жүйеге әсер ететін факторлар деректері мұндай ауытқулардың себебін табуға немесе ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі танда жер бетіндегі болып жатқан өзгерістерге, экологиялық апаттарға әсер етуші басты фактор — антропогендік фактор. Ландшафтқа антропогендік әсердің артуына байланысты ландшафтанушылардың алдында тек теориялық-методологиялық жағынан емес, табиғатты дұрыс пайдалану мәселесі қойылып отыр.

Қазақстан жерінде антропогендік әсерлер салдарынан Ландшафтың табиғи келбеті түбегейлі өзгеріп, ландшафтаралық ішкі байланыстар бұзылуда. Ландшафтаралық байланыстардың бұзылуы адам өміріне, оның денсаулығына, жергілікті жер климатының өзгеруіне әкеліп, экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Бұл өз кезегінде қоршаған ортадағы табиғи кері әсерлердің күрт өсуіне, топырақ эрозиясына құм көшуіне, олардың тұздалуына, жайылымдардағы өсімдіктер жамылғысының күрт нашарлауына және т.б.жағдайларға әкелді. Мұндай ауыр экологиялық жағдайдың қалыптасуы, негізінен, бұл жерлерде антропогендік әсерлердің шамадан тыс дамуының нәтижесінде, соны мен қатар табиғатты үнемді пайдаланудың ғылыми тұрғыдан қарастырылмауы, ауыл шаруашылығының күрделі де тез дамып отырған салаларына және де кен өндіруде интенсивті жолдың дамуын дұрыс баға берілмеуінен болып отыр. Сондықтан біз жер ресурстарын бағалаудың ландшафтық-экологиялық тәсіліне көңіл бөлуіміз керек.