Физикалық тілді қолдану шарттары

Физикалық тілді жақсы меңгеру және оқу танымдылығының иілгіш құралына айналуы тілдік мазмұны қаншалықты орынды таңдап алынғанына, негізгі программалық материалдармен оқушылардың оқу- танымдық шығармашылығын ұйымдастыруда. Физикалық шамалардың атауларын меңгеруде алгаритм көмектеседі. Бірақта белгілердің мағнасын ашумен байланысты іскерлік күрделі аналитико – синтетикалық эвристикалық шығармашылығына негізделген.

Физикалық тілді меңгеру және танымдылық және бейнеленуі формасы болып табылады. Оны меңгерудің маңызды жағдайы болып жеке қатынас табылады. Жүзеге асыру құралы — өзіндік жұмыс, программаланған тапсырмалар. Іскерліктің қалыптасуы үшін текстерді, графикалық және сандық диктанттарды және басқа да программаланған тапсырмаларды кең түрде қолданған дұрыс.

Физикалық тілді сәтті меңгеру және қолданудың маңызды шарты  болып оқушылардың меңгеруге, танып білуге деген құлшыныстары байқалады. Әртүрлі құралдар арқылы ғылыми тілге деген танымдылық қызығушылық арттырып, оны оқудың маңызды стимуліне айналдыру, алынған білім мен іскерлікті шығармашылыққа және оның дамуына пайдалану керек.