Физика курсындағы тілдік білімнің және іскерліктің көлемі мен мазмұны

Физикалық тілді қалыптастыру процессінде басқыстар қатарынан өтеді: алдымен ол арнайы оқытудың пәні, кейін-тану және білім мен дағдыны алу тәсілі.Физика пәнін оқу жедел түрде сапалы жаңа күйге – оқу құралына айналдыру оқытушының ең маңызды мәселелерінің бірі.

Физика тілі туралы білімнің мазмұнында оның үш жағы бейнеленуге тиісті.

1.Семантикалық, бұл физика тілінің мағнасын және функциясын ашу бағытталған. Осы жерде бастысы- физиканың обьектілері мен белгілері арасындағы қарым — қатынасты орнату;

  1. Грамматикалық білім беруші ережелер, жазу әдістері және белгілердің, формулалардың, теңдіктердің, терминдердің,атаулардың айтылуы.
  2. Практикалық – физика тіліндегі меңгерілген білімдердің көрсетілуі және оқу, жазу, тыңдау көмегімен онда байланысты қамтамасыз ету тәсілдерімен бейнеленеді.

Физика тілі физикалық құбылыстардың, процесстердің, заттың және обьектілердің қасиетін тану және әлемдік бейнеленуінің бір құралы. Сондықтан оның мазмұны минималды көлемде физика курсына кіргізілген, бірақ оларды саналы түрде меңгеруге жеткілікті. Оның құрамында физикалық белгілер, терминологиялар және номенклатура және оларды пайдалануды білу білімдері.

Белгілер мазмұны: физикалық формулалар.

Білімдер: физикалық танымдағы формулалардың мағнасы; формулалар түрі; мағнасы; сапалық және сандық өрнегі; формуланы қорыту әдістері. Іскеліктер: шығару; оқу;анализдеу және формулалардыталқылау; фоамула бойынша тұрақты шамалардың физикалық мағнасын анықтау; олардың қолдану шекараларын белгілеу; есептеулур жүргізу.

Терминалогия мазмұны. Білімдер: жалпы ғылыми және физикалық терминдердің мағнасы; олардың ұғымдармен байланысы; терминдердің этималогиялық және мағналық анализі.

Іскерліктер: терминдерді айту және жазу; олардың ұғымдарымен байланысын орнату; термин мазмұнынан ұғымдар анықтамасын шығарып алу; терминді басқа бір мағнасы жағынан жақын терминмен ауыстыру;терминалогиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Жалпыланған түрде физика ғылымының  тілі туралы білімді екі топқа бөлуге болады:

  1. Реалды обьектілер және теориялық ұғымдарды үйренумен байланысты білімдер.Олар тілдің мағнасы және оның жеке белгілері, түсіндіретін мәселелері. Әдетте олар негізгі сабақтың материалына  қосылады және қалыптасатын ұғымдармен бірге меңгеріледі.
  2. Белгілермен әрекетің тәсілдері туралы білім. Олар теориялық материалдармен аз байланысты. Әрекетті көрсету барысында және тапсырмаларды орындауға меңгеріледі. Ғылым тілі туралы  білімдер физика курсының негізінің теориялық және әдістемелік мазмұнының құрамына кіреді.

Іскерлікті үш топқа бөледі.

  1. Грамматикалық сипаттарға іскерліктер алгаритмдердің көмегімен репродуктивті деңгейде жасалынады. Олардың көбі дағдыда дайындалынады.
  2. Терминдердің семантикасымен байланысты, ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз ететін іскерліктер. Олар продуктивті деңгейде меңгеріледі.
  3. Шығармашылық элементтерін өз ішіне алатын күрделі ебдейліктер эврикалық шығармашылық барысында жасалынады және білімдік және іскерлік шығармашылыққа бағытталады.