5-сынып «қазақ тілі» сабағында синонимдер сөздігімен жұмыс жасауға жолдары.

Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» екінші рет 1975 жылы жарық көрді. Бұл сөздік мұғалімдер мен оқушыларға арналған болатын.

Осы сөздікке арналған бірнеше ғалымдардың пікірі газет беттерінде жарфяланды. Атап айтсақ, Ш.Ахметов, А.Ибатов, Жумашев, О.Мусин, А.Дербишалиевтардың мақалаларында осы сөздіктін жетістікері мен кемшіліктері айқын айтылды.

5 сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында оқушылар «синоним» деген ұғыммен танысады. Бастауыш сыныпта олар «мағынасы жуық сөздер» ретінде таныс болатын.

Оқушыларды синонимдермен мына кесте арқылы таныстырамыз.

Синонимдер

Зат есімнен:

өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай

 

Сын есімнен салмақты, сабырлы, байыпты, ұстанымды

 

Етістіктерден:

амандасу, сәлемдесу, есендесу

 

Үстеуден:

тез, жылдам, шапшаң, лезде

Сода

Содан соң олар ережемен оқулықтың 32 бетін оқи отырып танысады.

Синоиндік қатарды табу оқушыларға қиын соғады. Сол үшін біз оқушыларды синонимдер сөздігімен жұмыс жасауды қалыптастыруымыз керек. Ол үшін синонимдер сөздігін оқушыларға таратып береміз де, оның лұғаттық мақаласымен таныстырамыз (Айта кету керек, синонимдер сөздігі жоқтың қасы. Оқушыларды сөздікпен қамту үшін, біз оларға сөздіктің көшірмесін таратамыз – ксерокөшірмесін).

Бұл сөздік 1302 синоимдік қатарды қамтыған. Әрбір қатарға қазақ, орыс және шетел әдебиеттерден мысалдар келтірілген.Сол сөздіктен мысал келтірейік:

МҰҒАЛІМ, ОҚЫТУШЫ, ПЕДАГОГ, ҰСТАЗ

Мұғалима Керімбала рояльдің тілдеріне нәзік саусақтарын жүгіртіп ойна бастады (Омаров). Совет оқушысы өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болуы керек (Көбеев). Талайдан бері жас буынды тәрбиелеген педагогадамның жан-күйін білуге үйренген (Сыланов). Ұлы ұстазымыз, қырағы басшы, қымбатты жолдасымыз қайтпас жолға сапар шекті (Майлин).

Енді біз оқушыларды синоним сөздігінің лұғаттық мақаласымен таныстырамыз:

Синонимдік қатар   Иллюстративтік мысал

Біз осы жұмысты тиімді орындау үшін оқушыларға төмендегідей жұмыстар орындатамыз.

I.Оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға үйрету мақсатта, біз оларға мынадай тапсырмалар береміз:

1.Төмендегі сөздерге синоним тауып жазыңдар: бостандық, боз, үлкен, сәлемет,қол алысу.

  1. Ұждан деген сөзге синоним тауып жазыңдар.

3.Әшекейлеу сөзінің синоинмін табыңдар.

4.Бала сөзінің синонимдік қатары неше сөзден тұрады?

5.Сөздіктен синонимдік қатары 31 сөзді құрайтын сөзді табыңдар.

  1. Сөздіктен синонимдік қатары 10-12 сөзді құрайтын сөздерді табыңдар
  1. Синонимдердің құрылымын еске салу мақсатта біз мынадай тпсырмалар береміз:

1.Сөздіктен лексикалық синонимдерді тауып жазыңдар.

  1. Сөздіктен стилистикалық синонимдерді тауып жазыңдар.
  2. Сөздіктен контекстуалдық синонимдерді тауып жазыңдар.

4.Азат, бағыт, жалған сөздердің доминанттын тауып жазыңдар.

III.Тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар төмендегідей жаттығулар орындайды:

1.Қарамен жазылған сөздердің синониммын тауып жазыңдар:

Әбден түймелеп, мундирді нәшіне келтіріп киіп алған кезеде, қоқырайған, қызыл жиекті жаңа қажының бұғағын бұрынғыданда төмен түсіріп, ісіндіріп жіберді. Басына түріктің көк қара шашақты қызыл пәсін (биік тақиясын) киді.Сөйтті де, айнаның алдында ерсілі-қарсылы жүріп көрді.

Сол күнгі байшыл романтик кәрі «Асан-қайғы» түркі шайырының бір ауыз өлеңі есіне түсті.

  1. Мына сөйлемдерде нүктенің орнына синонимдерді қойып жазыңдар:

Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге … (Мақал). Жаздың көркі … жыл қысымен, Жайраңдасып жаз келер құрбысымен (Абай).

IV.Енді біз оқулықтағы тапсырмаларға көшейік. Мына жаттығуларды орындау барысында оқушыларды синонимдер сөздігін қоладнуға жұмсаймыз:

83-жаттығу. Көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазыңдар.

Мен 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданының Боралдай ауылында … . Отбасымызда үшінші бала болып … мені ата-анам үлкен қуанышпен қарсы алыпты. Өйткеі менің …. атам мен әжемнің 60 толған мерейтойларына тарту секілді қабылдаған екен. Сондықтан да үй ішіме «ақжолтай бала» атаныппын. Қазір менің жасым 11-де. Өзім … жерді, елді қастерлеуді, өскен ортамды сыйлауды парыз деп санаймын.

84-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін сөздіктен тауып жазыңдар. Синонимдерге сөзді де, тұрақты тіркесті де алуға болады.

  1. Дәрігер, футболшы, ұста, тракторшы, мұғалім.
  2. Жазу, қорқу, үрейлену, қуану, мақтану.
  3. Шебер, әзір болу, сыйласу, көп сөйлеу, ажарлы

85-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінің синонимдерін сөздіктен тауып жазыңдар.

  1. Жүрегі жарылу, бүршік жару, бос сөйлеу, биіктен төмендеу, күдік келтіру.

2.Ауқымы кенң, жүзі жылы, тас жүрек, береген адам, әдепті бала.

  1. Тірек схемалармен жұмыс:
  2. Тірек схема бойынша лұғаттық мақаланы табыңдар:

а)

Синонимдік қатар

  Иллюстративтік мысал

Б)

Синоним   Синонимдік қатар   Қолдану стилі

В)

Тірек сөз

  Синонимдік қатар

VI.Тестімен жұмыс

1.Синоним дегеніміз не?

А.қарама-қарсы сөздер

В.дыбысталуы әр басқа, мағынасы жақын сөздер

С.тұрақты сөз тіркестері

Д.сөзді әртүрлі мағынада қолдануы

Е.айтылуы бірдей, мағынасы бөлек сөздер

2.зат есім синонимдерді тап

А.шыдам, сабыр

В.есепсіз, сансыз

С.ескі, көне

Д.бойшаң, сұнғақ

Е.беймаза, мазасыз

3.Синонимдерді тап

А.көз, қас, бақ

В.ол, саған, біз

С.алыс, қашық, шамай

Д.оннан бір, үш

Е.кеше, ертең

4.Синонимдік қатарды тап

А.қыс, жаз

В.күз, көктем

С.соқ, күз, түс

Д.мекен, жету

Е.әдемі, сұлу, көрікті

5.Синонимдік қатарды тап

А.жағымпаз, жарасақ

В.күндіз-түні

С.жаңғыру, бұрталу, жетілу

Д.жиылыс, жиын, табыс

Е.кейде, кеден, кезең

Жоғарыда берілген тапсырмалар оқушыларды синоним сөздігімен жұмыс жасауға үйретеді. Ал синоним сөздігі оқушылардың тіл байлығын арттырады, сөзді талғаммен қолдануға үйретеді. Сөздік қорын молайтады.

Әдебиеттер тізімі

1.Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –Алматы:Атамұра, 2005.

  1. Болғанбаев Ә.Қазақ тілінің синонимдер сөздігі.-Алматы, 1962.