Германияның әлеуметтiк саяси бағыты

«Спартак одағы» Кеңестің I съезінде жеңіліс тапқаннан кейін, революцияның сабақтарын ескере отырып, маркстік партия құру керек екенін түсіне бастады. 1918 жылдың соңында желтоқсан айының 30-ы күні партия конференциясында Германия коммунистік партиясының құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында РЛюксембург партияның бағдарламасы туралы соз сөйлеп, ГКП-ның негізгі мақсаты – социалистік революция арқылы пролетариат диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз сөйлеген К.Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа    көзқарасы    туралы    айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту) жариялады.

Коммунистік партия конференциясында қабылданған шешімдер сол кездегі тактикалық қателіктерге апарды. Бұқара халық үшін күресте өздерінен өздері оқшауланды. Кейіннен В.И.Ленин бұл қателіктерді «солшылдардың балалық ауруы» деп бағалады.    Германия      коммунистік    партиясы Еуропа елдерімдері  тұңғыш маркстік партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құрылып, марксизм-ленинизм ілімін жақтап неміс пролетариаты арасында кең түрде   үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтеріліске шақырып, үгіт-насихат  жұмысын  белсенді  түрде  жүргізді.  Буржуазия революциялық қозғалыстан сескеніп, жұмысшы табына қарсы күреске шығуға дайындалды.  Кеңес  съезінде жеңіліс тапқан революциялық топтар билікті қарудың күшімен алуға шықты. Халық көтерілісінің басталуына Берлин қаласының полиция бастығы  Э.Эйхгорнның жұмыстан  босатылуы  себеп  болды. Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және ГКП үкіметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуілге шақырды. Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын        талап етті, контрреволюцияға Қарсы қайтадан қарулы көтеріліске шақырды. Қаңтар айының  5-і күні Берлин қаласында 100 мың адам демонстрацияға шықты. Олар Эбердің үкіметтен кетуі, Халық уәкілдер    кеңесін    тарату    туралы    саяси    талаптар    қойды. Революцияны  басқару  үшін  ТСДП   басшылығымен  қимыл комитеті кұрылды. Тәуелсіз социал-демократ партия басшысы үкіметпен келісімге келіп, халық қозғалысын басуға шақырып отырды. ГКП-ның мүшелері де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтіп, каңтар  айындағы  ереуіл    біртіндеп  жеңіліс  таба  бастады. Революциялық  өрлеуді  Германияның  Брауншвейг,  Гамбург, Галле,  Бремен  қалаларындағы  жұмысшы  тобы да  қолдады. Берлин қаласындағы ереуілді басу үшін қаңтардың  12-і күні Германия  әскер  басшысы  Носкенің  басқаруымен  еріктілер әскерлері келіп, ереуілге қатысушылар мен үкімет әскерлерінің арасындағы соғыс қимылдары бірнеше күнге созылды.1919 жылы қаңтардың 15-і күні контрреволюцияшылдардың қолынан Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция жеңіліс тауып, караша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды. Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп, Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезеңі 1919 жылғы 19 қаңтардағы Ұлттық жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық күштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі – 1918 жылы қаңтардың 9-ы күні К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі – революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы – шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәні жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі – қараша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы; екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін; үшінші кезеңі -желтоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін; төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республикасының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті.

Веймар Республикасының құрылуы және оның Конституциясы. 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент)  буржуазиялық депутаттар  сайланды.  Сайлаудан кейін  ақпан  айының  6-ы  күні  Веймар  қаласында  Ұлттық жиналыстың сессиясы  өз жұмысын  бастады.  Елдің   Веймар Республикасы    болып    аталуы    Веймар    қаласының    атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол  1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз қолына  алғанымен,  Германия  бірінші  дүниежүзілік  соғыста жеңілгендігін    мойындады.    Саяси    қиындыққа    қарамастан, Ұлттық  жиналыс  депутаттары  Германияның  жаңа  үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен      Ф.Шейдеман      бастаған      үкімет құрылды.  Үкіметтің  құрамына  ГСДП,  Центр  және  Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.

Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердін ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.

Веймар    Конституциясы    Германияны    республика    деп жариялады. Халық – өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, білім алуға Констигуция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға  бірдей  сайлау  құқығы  берілді  және  референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді.  Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті – Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент – ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат  сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі  палатадан тұрды.  Рейхстаг – жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат – жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекітуге құқылы. Рейхсрат-бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.

Конституция бойынша атқарушы билік президенттің колында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуте құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.

1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің құзырында болды. Көмір өндірісіндс жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін басқару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталган мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында Ұлттық жиналыс өндірісті    басқаруда    фабрика-завод    комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару құқына  ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі – мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде    жүргізе    алды.    Әлеуметтік    реформа      қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.

1919 жылғы қаңтарда өз жұмысын бастаған Париж конференциясы Германияда саяси дағдарыстың күшеюіне әкелді. Версаль бітімі жеңген елдердің Германиямен арадағы келісімі неміс халқы үшін ең ауыр сын болды. Германия келісім  барысында өзінің отарларынан айрылды. Олардың қатарында Эльзас және Лотариния кемір бассейндері де бар. Германия жеңген елдерге 132 млрд алтын марка репарациялык, төлем төлеу керек болды. Версаль бітімі Германияда неміс халқының Ұлттық намысына қатты соққы болып, Германияның саяси дамуы барысында пайда болған Ұлтшылдық барыттағы саяси ұйымдар халықты кек алуға шақыра бастады. Оңшыл саяси топтар мен консерватор-милитаристік күштер бірігіп үкіметке қарсы    күреске, Версаль    бітіміне    қол    койған    адамдарды жазалауға шақырды. Арандатушы-милитаристік күштер фашистік топтар құруға кірісті. Алғашқыда халық арасында оларды қолдаушылар аз болды. Фашизмнің әлеуметтік негізі – люмпендер, соғыстан қайтқан солдаттар, жұмыссыздар, жастар және орта топқа жататындар, қоғамнан әлі де болса өз орындарын таппаған адамдар. Үкіметке қарсы реванш Ұлттық әскери ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдардың негiзгі қызметі террор, кек алу еді. Олардың алғашқы құрбаны 1918 жылгы қараша айында Компьен  орманындагы  келісімге  қол қойган  Центр  партия-сының басшысы М.Эрнбергер. 1922 жылы Рапалло келісіміне қол қойған Сыртқы істер министрі В Ратенау болды. 1919 жылы Мюнхен қаласында «сыра бұлігін» бастаған А.Гитлер алғашқы фашистік  ұйымдарды    құруға    қатысып,    фашизм    біртіндеп нацистік  (Ұлгшылдық) идеологияға  айнала  бастады.  Елдегі саяси дағдарыстың күшейіп тұрған кезінде, 1920 жылы тұңғыш парламент  сайлауы өтті.  Жаңа  үкімет  кабинеті  құрылды. Канцлер болып Ференбах тағайындалды.  Бірақ елдегі саяси дағдарыс үкіметтің жиі алмасуына әкелді. 1921 жылы мамырда канцлер Ференбах репарация төлеуден бас тартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1922 жылы Центр партмясының басшысы И.Вирт  үкімет  құрды,  бірақ  үкіметтік дағдарыс И.Виртты отставкаға  кетуге  мәжбүр  етті. 1922-1923  жылдары  жаңа үкіметті Куно құрды. Жаңа үкіметтің репарациялық төлемнен бас тартуы 1923 жылы Франция-Бельгия армиясының Рур көмір бассейнін басып алуға алып келді.

1923 жылы қаңтардың 11-і күні Франция мен Бельгия әскерлері Рейн-Рур облысын басып алды. Ол Батыс Германиядағы ең ірі өндіріс орталығы болатын. Көмірдің 70%, болат және шойынның 50%-ы Франция мен Белгияның қолына көшті. Олардың Рур облысын басып алуы немістердің ашуызасын келтіріп, елде саяси дағдарыстың тереңдеуіне әкелді. ГКП-сы халықты революцияға шақырып, біртұтас жұмысшы майданын құру арқылы буржуазиялық үкіметке қарсы күреске шақырды. Неміс буржуазиясы халықты отан қорғауға, «Отанға қауіп төнді» деген ұрандармен Ұлттық бірігуге бастады. Куно бастаған үкімет халықты жаулап алған жерді қайтарып алуға шақырды. ГСДП және кәсіподақ ұйымы үкіметтің саясатын қолдап, жұмысшы тобы бірлігіне шақырып, Ұлттың санасын оятып, елді жаудан қорғауға үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізді. Рур оқиғасы Германияның экономиялық дамуына кері әсер етті, өндіріс өндіру көлемі азайды, инфляция дамып, жалақы төмендеді. Елдің қаржы-ақша құрылысы алтын қорының азаюына әкелді. Үкімет екінші жағынан бұл саясатқа сылбыр келісіп, өзіндік саясат жүргізді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!