Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының тараптары

Егер шарт жасасу кезінде клиентке борышқордың талапты орындамауына мүмкіндік беретін мән-жайлар белгілі болған болса және шартта қаржы агентінің клиентке қатысты регресстік құқығы көрсетілген болса ғана, клиент жауапты болады. Бұл жағдайда, талап соммасын алдын-ала толық емес төлеттіру көзделеді. Сомманың қалғаны талап бойынша борышқордың төлемдерді төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Факторинг шарты бойынша қатынаста тек ақшалай қаржыландырып талап қоюдың тараптары ғана емес, сонымен қатар, борышқор мен клиент бір-бірімен тығыз байланысты.

Клиент борышқормен жасасқан шарты бойынша міндеттемесін бұзатын болса, қаржы агентінен борышқор сомманы қайтаруды талап ете алмайды. Басқаша айтқанда, егер ол өзіне жүктелген міндеттемені бұзған болса, борышқор берілген талап ету міндеттемесі бойынша клиенттен белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ете алады. Мұндай жағдайда,  борышқор  қаржы  агентіне төлеген  ақыны қаитаруды талап етуге құқығы жоқ.

Тұтынушының тұрақты қажеттілігіне байланысты, мысалы: дайындаушы — кәсіпорынды тұрақты қаржыландырушы банк шарт бойынша өзіне ақшалай талапты беріп қаржыландыру міндеттемесімен қоса, әртүрлі қаржылық қызметтерді, соның ішінде бухгалтерлік шот қызметін көрсетуге міндеттенеді. Себебі, мұндай жағдайда оның тұтынушының дебиторлык қарыздарын немесе онын төлемдік талаптарын сатып алатындықтан, осы операцияның аяқталуына мүдделі болады. Осылайша факторингтік қызмет көрсету бойынша талапты берумен қоса міндеттемесі де пайда болады, сондықтан бұл шартты кешенді қатынастар ретінде қарастыруға болады. Шарттың заңды табиғатын анықтау үшін экономикалық мәнін детальды түрде қарастырған жөн. Факторинг экономикалық категория ретінде — қызмет және тауарларды көтерме түрде жеткізетін компаниялармен көрсстілетін қаржылық қызметтердің кешені және екі жаққа да мерзімдік қасиеті бар стратегиялық мүдделі болады.

Қазақстан Республикасы Заңдылығы бойынша мұндай қызметтерді көрсетуге банк және өзге де несиелік ұйымдар, осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар өзге де коммерциялық ұйымдардың құқықтары бар, қазіргі Қазақстан Республикасы нарығында мұндай қызмет түрлерін тек қана қаржы агенті ретінде Банктер ғана жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасы Заңдылығына сәйкес факторингтік қызмет көрсету бойынша банк және қаржы агенті арасындағы шарт бойынша клиент банкке ақшаны басқа тараптың билігіне беруге міндеттенеді, ал банк ақшалай қаржыны беруге міндеттенеді. Әр түрлі қаржылық институттар клиент жеткізу және факторингті толығымен әр түрлі түсіндіреді. Кейбір банктер ақшалай талапты өзінің номиналынан слсулі төмен баға бойынша жеткізеді. Мұндай жұмыс нысаны тауарлар мен қызметтерді әкелушілердің шеңберін төмендетеді. Себебі, Банктің факторингке мұндай қатынасы тек қана қаржы агентін алдын ала белгілі тиымсыз дебиторлық борышқор әкелуіне итермелейді. Осының нәтижесінде, банкте қосымша тоқтаулар және белгілі бір мерзімге қаржыларының жиналмауы негіздері пайда болады. Осындай жолмен, факторинг — қаржы агенті үшін ашық орындарды бекітуші құрал ретінде қалыптасады.

Нәтижесінде, банк және қаржы агенті арасындағы қатынастар азаяды, біраз уақыттан кейін банк және қаржы агенті арасындағы қатынас мүлдем тоқтауы мүмкін.

Факторингтің мұндай нысаны өте қолайсыз және зиянды болып келеді, сауда компаниялары үшін перспективалары жоқ қызметтердің кешені ретінде қарастырылады. Факторинг шарты үшін Банк қаржы агентіне көрсеткен қызметінің номиналы бойынша белгілі бір соммасын төлеуге міндеттенетін, ал қалған қаржы соммасын нақты тауарды өткізгеннен соң шотына аударуға міндеттенетін болса, прогрессивті факторинг шартының формасы болып есептеледі. Мұндай жағдайда, банк қаржы агенті алып келген клиенттің тауарлық кредитін аванстайтын түлға ретінде және қалған сомманы біраз мерзімнен соң төлеуші түлға ретінде қатынасқа түседі.

Факторингтік қызмет көрсетудің сызбасы төмендегідей болады:

1) Тауарды кейін ақысын төлеу жағдайында беру;

2) Банкке беру бойынша қарызды талап ету қүқығын беру;

3) Тауарды жеткізгеннен соң тез арада ақы төлеу;

4) Келтірілген тауарға ақы төлеу;

5) Комиссияны қоспағанда құралдардың қалдығы үшін ақы төлеу.

Осындай жолмен, тасымалдаушы өзінің қаржылық ағымдарын төлем тәртібінен тәуелсіз жоспарлауға мүмкіндік алады.

Тасымалдаушының айналымын, сатып алушының айналым құралы болмауына байланысты, үлкен ауқымды тауардың көлемін төлей алмайды, ал тасымалдаушының тауарлық кредитті үлкейтуге қажетті айналым құралының жетіспеуі шектейді. Факторингтің мұндай нысаны тасымалдаушыға клиенттерге тек сатып алушы мүмкіндігіне сәйкес келетін тауар кредитін ұсына алады.

Бұл жерде ерекшелік ретінде факторингтің мұндай нысанында банктің қаржы агентінен кепіл сұрауына негіз болмайды.

Жоғарыда аталған үш ерекшеліктер де қабылдау мүмкіндігіне ие. Себебі бул қатынаста банк қосымша тәуекелге бармайды, тасымалдаушылар банктің сатып алушылары ретінде қатынасқа түседі. Банк өзінің тәуекелдерін қаржы агенттері арасында бөліседі. Мұндай жағдай банк үшін кепілден бас тартуға мүмкіндік береді.

Факторинг бойынша банк тұтынушының айналым қаражатын қаржыландырумен қатар, оның тәуекелінің бір бөлігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда:

— Несиелік тәуекелдер

— Валюталық тәуекелдер

— Пайыздық тәуекелдер

— Тарату тәуекелі.

Тасымалдаушы және банк арасындағы қарым- қатынастарды реттеу үшін регресс түсінігін енгізу қажет. Регресс дегеніміз — тиісті уақыт өткеннен соң, егер факторинг шарты бойынша тасымалдаушыны қаржыландыратын Банк, алынуға тиісті қаржыны қаржы агентінен өзі талап ету құқығы.

Факторинг шеңберінде валюталық тәуекелдерді көбейту тұтынушыларға басқа несие қызметтерін пайдаланудан бас тартуға ықпал етеді.

Факторинг бойынша қаржы агенті өзінің пайыздық тәуекелдерін жабады. Мұндай тәуекелдер өз қызметін несие негізінде қалыптастырушы банктерде пайда болады. Аталған құралдардың бағасы өзгеретін болса, тасымалдаушының тауарының бағасына қысым күшейеді. Ал факторинг шарты бойынша тасымалдаушыға, егер тиісті қүралдарға баға өзгеретін болса да, төлемнің тұрақты болуын Банк қамтамасыз етеді. Факторингтік қызмет көрсетудің бұл аспектісі тасымалдаушының бизнесін тұрақтандырушы фактор болып табылады.

Тарату тәуекелдері қажетті шығындарға қаржының жетіспеуі салдарынан, кассалық жетіспеушіліктерге байланысты пайда болады. Кассалық сәйкессіздіктер сатып алушыдан түсетін ақшалай ағымдардың, тасымалдаушының ағымды қарыздарының орнын жабуға жетпеуге байланысты. Факторинг бойынша тасымалдаушы тасымалдау бойынша құралдарды тасымалдау уақытында Банктен алады, сондықтан кассалық тәуекел банкке жүктеледі.