Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі

Массив анықтамасында айтылғандай, массив дегеніміз құрылымына және қолдану тәсіліне байланысты, бір типті нөмірленген тізімдідер. Егер әртүрлі типтегі мәліметтер берілген болсын. Осы тізімнен белгілі бір жлыдар аралығында туған оқушыларды сұрыптап бөліп алу керек болсын.

Мәліметтерді сақтау үшін оған екі массмвке орын бөлуімізге болатын еді. Бірінші массив (snring типті) оқушылардың аты жөнін сақтауға, екіншісі сақтауға арналған. Егер бізге қосымша мәліметтер (мысалы: сыныбы, ұлты, т.б.) енгізу керек болса, онда енгізуге тура келеді. Бір мезгілде бірнеше массивпен жұмыс істеу және оларды смпаттамалары бойынша сұрыптауға, әрине болады, бірақ үлкен жұмысты талап етеді. Сонымен қатар бұл мәліметтерді файлда сақтау керек болса не істейміз?

Файлдар туралы сұрақтарды талдағанда айтылғандай, файл элементтері тек бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді әрбір типке – жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұмыс істеуіміз керек.

Мәліметтерді сақтай аламыз, бірақ болашақта бұл мәліметтермен жұмыс істеу жеткілікті қиындық туғызады.

Бұл қиындықтан шығу үшін мәліметтердің құрама типі қолданады. Мәліметтердің бұл типі жазба деп аталады. Жазбалар әр түрлі типтегі элементтер жиынтығынан тұрады. Жазба элелменттерін құраушыларды өріс деп атайды да, әрбір өрістің өзіндік атауы болады. Әрбір жазбаның бірегей атауы болады.

Жазба атауы

Тізім

Өрістің атауы

Фамилия

Аты

Туған жылы

Өрістер мәні Ахметов Алдияр 1980

Жазбаны өңдеу элементар объектә түрінде шығады. Мұндай объект типі – record (жазба) деп аталады. Олай болса, мәліметтердің типтеріне байланысты шектеулер алынып тасталады.

Жазбаларды сипаттау үшін, оның атауы, берілген өрісте сақталатын мәліметтердің атауы және типі көрсетілуі керек. Жазбалардың жалпы түрде сипатталуы келесідегідей:

Type<жазба атауы>=Record

<1 өріс>:<1 тип>;

<2 өріс>:<2 тип>;

……………………

<n өріс>:<n тип>;

end;