Француз революциясы кезіндегі коммунистік утопистік ағым және оның өкілдері

ХҮІІІ ғасырда Францияда жеке меншікті сынайтын және коммунизм принцпін жақтайтын ерекше еңбектер көп шықты. Алайда олардың барлығы дерлік түрлі көзқарастағы жекелеген жазушылардың тек қоғамдық принцпке байланысты ғана шығармалары болатын. ХҮІІІ ғасырдың соңында революция дәуірінде коммунизм алғаш рет Бабефтің айтуынша саяси күрестің лозунгі болды.

ХҮІІІ ғасырда Францияда бірнеше бағытта қоғамдық идеологиялық көзқарастар қалыптасқан болатын. Осылайша осы кезде Францияда ерекше коммунистік утопистік ағымда қалыптасады. Бұл ағым Францияда революциялық дәуірге дейін де жұмыс атқарған болатын, алайда дәл революция кезінде ол ерекше дами түседі және қоғамнан қызығушылық қолдауын табады. Жалпы Францияның революциялық дәуірі кезіндегі коммунистік утопистік ағымның даму бағытын анықтаудың алдында оның ерекшелігі мен Франциядағы алғашқы қадамдарын атап көрсету қажет.

Франциядағы утопистік коммунизмнің ерекше өкілі Морелли болып табылады. Морелли Франциядағы революциялық кезендегі утопистік коммунизмнің көрнекті өкілі болған Бабефтің оқытушысы мен жол сілтеушісі болды. Коммунизмдік ой-пікірдің дамуын зерттеген ғалымдар үшін Морелли – «Базилиада» және «Кодекс природы» еңбектерімен қызықтырады. «Базилиада» — ХҮІІІ ғасырдағы француздік утопизмнің ерекше қызықты романы болып табылады. Мұнда бір фантастикалық мемлекетте  дана заң шығарушы басшы коммунистік тәртіп орнатуы жөнінде жазылған. Ал «Кодекс природы или истинный дух ее законов» еңбегінде коммунизм принциптерінің теориялық негізін жасаған трактаті болды. Жалпы Мореллимен Франциядағы революциялық кезеңде белгілі болған бабувизм ағымының байланыстары ешқандай сынды көтермейді. Морелли сонымен қатар тек ХҮІІІ ғасырдың утопистік коммунизімінің жетекшісі ретінде ғана емес сонымен қатар бұл ағымның кейінгі дәуірлердегі ұстазы дәрежесін иемденді. Морелли – утопистік коммунизімнің дамуындағы сол кезге тән болған рационалистік бағытының иесі болды. Морелли прогрестің теориясын белсенді түрде жақтайды, оны табиғаттың заңдылығы деп тапты. Мореллидің теориясына жүгінсек халықтар өзінің өмірінің басында қандай қоғам бәрінен жақсырақ болатынын білмеді. Олар барлық жаратылыс жағдайының игіліктерін пайдаланды және оның жетістікке бет бұратынына мән бермеді. Тек жүздеген жыл өткенен соң адамдардың жасаған заңдары, басқарудың түрлі формалары, олардың игіліктің неде екенін түсінуге мүмнкіндік береді. Осылайша адамзат санасыз коммунизмнен болашақта саналы коммунизмге өтеді деп түсінді. Болашақтың коммунистік қоғамы дәл «Кодекс природы» еңбегіндегідей бірегей, орталықтанған шаруашылық бүтінді құрап шаруашылық жоспарменен басқарылады, қоғам өз мүшелерінің қажеттіліктерін анықтап, жұмыстың бөлінуін бақылайды. Мореллидің көрсетуінше табиғаттың әрекетіне байланысты құрылымның принципіне үш «киелі заңдары» жатады. Біріншісі жеке меншіктің жойылуы, екінші заңы азаматқа «тіршілік етуге құқы» және «еңбек құқын» беру, үшінші заңы екіншісін толықтырады, азаматтардың  құқықтарының орнығуына байланысты қоғамдық еңбектегі міндеттерін анықтау болып табылады. Мореллидің әлеуметтік философиясы және оның болашақ қоғамның экономикалық ұйымдастырылуы коммунизмнің тарихтағы сәтінде белгілі болады және сондықтан оның әрмен дамуында үлкен ықпал еткен болатын.

Франциядағы революциялық кезеңге дейінгі утопистік коммунизмнің қалыптасуына ықпал жасаған қарама-қайшы тұлғалардың бірі Дидро мен Мабли болып табылады. ХҮІІІ ғасырдағы бір-бірінен алыс келетін қоғамдық ойдың  өкілдері болған олар «қоғамдық тәртіпті» ерекше терең және кең қарастыруға тырысады, сонымен қатар утопистік коммунистік ойларды дамыта түсті.

Коммунизмге деген үлкен ықыласты, кейде тіптен  қоғамдағы тәртіптілікті әнұран еткен, ХҮІІІ ғасырдағы француздік ағартушылықтың үлкен өкілі болған – Дидродан табамыз. Міне дәл оысндай сипатпен коммунистік идеаларды қорғаған және өзінің заманында атақты тарихшы, үлкен саяси қызметкер, аббат Мабли иемденді.

Дидроның шығармаларының ішінде әлеуметтік құрылыстың мәселелері қарастырылды, әсіресе қоғамдық немесе жалпылық принциптеріне үлкен көнілділік байқалды, бұл «Добовление к путешествиям Бугенвиляда» көрінді. Бұл шығармада орталық орында таилықтардың еуропалықтармен таныспай жатқанға дейінгі өмірі мен дәстүрлерін көрсету тұрды. Бұл ХҮІІІ ғасырдың ең жарқын утопиясы болды, көркем очерк, үгіттеу мақсаттарын қойған және мұны Дидро жасыруға тырыспады.

Маблидің айтуынша көп ойшылдар табиғи тәртіптілік адамдардың бұл жүйемен танысуынан кейін ақ орнайды деп түсінеді, алайда бұл жүйе адамның табиғатына тән келеді сондықтан оған адамдар ең алдымен ұмтылуы қажет деп табады. (25) Қоғам таптарға бөлінген, ал таптар қарама-қайшы қызығушылықтарды иемденеді. Мұндай қоғамдағы тәртіп ешқандайда тапты қанағаттандырмайды. Коммунизмнің мекемесін құратын материалдар жоқтығында атап өтеді. Мабли таптардың қызығушылықтарының қарсылығын айқындап көрсетеді, бұл жалпы революцияға дейінгі ең жарқын таптық идеясының айқындалуы болып табылады.

Буржуазиялық радикализмнің өзіндік шегі болды. Өзінің теориялық құрылымындағы батыл ойлар буржуазиялық мәселерді шешуде шыға алмады. 1789-1791 жылы құрылған көптеген клубтардың ішінде әлеуметтік мәселелерге көңіл аударған Фоше мен Бонвиль құрған топ болатын. Бұл клубтың бағдарламасын орта дәрежелі теңестіруші болып табылады, алайда оның бірқатар өкілердері өзінің баямандаларында социалистік ойларды да айқын атайды. Фоше адамның табиғи құқықтарының бар екенін атап өте отырып, барлығының жер алуға құқы бар деп тапты. «Қоғамның құқығы жекеленген адамдардың құқықтарынан жоғары және қоғам өзінің құқықтарын орнату қажет және осылайша теңдікке жетудің мақсатын қою қажет.» (26) деген ойларын жеткізеді.

Францияның революциялық кезеңіндегі утопистік коммунизм  немесе «теңдік атындағы қозғалыс» деп аталған қоғамдық ойдың бағыты ерекше дамыды. Бұл қоғамдық бағыттың басында Гракх (Франсуа Ноэль) Бабеф және оның жақтаушылары бабувистер тұрды. Бұл қозғалыс революцияның барысында ең алғашқы рет қоғамдық алаңда коммунистік тенденциямен шыққан болатын.

Термидордан кейінгі Францияның әлеуметтік қарама-қайшылықтары жағдайында бабувистер «ең жоғарғы теңдік» жағдайын орнату үшін көтерілісті ұйымдастырды, нәтижесінде жеке меншіксіз және кедейліксіз өмір басталуы керек болатын. Қозғалыстың ішіндегі өкілдердің бірінің сатқындығынан қозғалыс түгелімен тұтқындалды, оның екеуі 1797 жылы жазаланып өлтірілді.

Бабувистік қозғалыс жұмысшылардың идеодлогиялық өсуіне әкелді. Олар жұмысшылардың әлеуметтік қажетіліктерін айқындады және ұйымдасуға жағдай жасады. Революцияның кезінде коммунистік бағыт жаңа болған жоқ. Бабефтің өзі ревалюцияға дейінде коммунизмдік бағытты таңдаған болатын. 1787 жылы Аррасам ғылым Академиясының президентіне жіберген хатында Бабеф коммунистік тәртіптің орнатылу мүмнкідігі мен мақсатылығын көрсетеді: «жалпы қолдағы біліммен қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік тәртіптілігі арқылы теңдікті орнатып, жерді қоғамның иеленетін меншігі етуде жағдай қандай болар еді» (26) деген ойларын алғаш қалыптастыра бастағанын байқауғак болдады.

1789 жылы жарық көрген «Cadastre perpeturel» еңбегіндегі алғы сөзде Бабеф қоғамдық  тәртіптің орнатылуын қайта құру идеясын ұстанатынын көрсетеді. «Қоғамның басты мақсаты халықтың бақыты. Адамдар әртүрлі меншікті иемденеді, бұл қоғамға әртүрлі көмектің берілуі, ал қоғам бұл бүтін отбасы секілді және оның мүшелері оның жемістерін бірдей үлесте көруі қажет. Бұл үлесті теңестіру үшін барлығына жерді теңдей етіп бөлу қажет.» (27) деп қоғамдық теңдік пен тәртіптің орнатылу жолдарын атайды.

1789 жылы Бабеф және оның коммунизмдік ойлармен жақтаушылары аграрлық реформаның жобасын үкіметке ұсынады, алайда оның мұндағы ойларын көпшілік дұрыс түсінбейді.

Бабувистер құқықтардың орнатылуы үшін күрестің тарихи процестен көрсету мақсатында патрицилер мен плебейлердің арасындағы күресін үздіксіз жүргізілуін алға қояды. «Бұл байлар мен кедейлердің күресі ресми түрде жарияланғаннан басталған емес, ол мәңгілік жүріп жатыр, бұл біреулерден алынған байлықты өзгелерге беруші институттардың құрылуымен  пайда болған» (28) деп Бабеф айқындай түседі.

Тарихи концепцияға сүйене отырып Бабеф Француз революциясын патрицилер мен плебейлердің күресінің бір эпизоды ғана. «Мен жүиелері және қоғамды басқарудың жоспары жағынан қарама-қайшы екі партияны ерекшелеймін, Олар екеуіде республикалық құрылысты қалайды, Біріншісі буржуазиялық немесе аристократиялық мемлекетті қаласа, екіншісі халықтық және демократиялық мемлекетті қалайды» (29) деп көрсетеді.

Бабувистердің теңестіруші коммунизмі коммунистік құрылысты аграрлық және қолөнерлік қоғамда көрсетуге тырысқан болатын, мұнда барлығына бірдей және қарапайым табысты ұсынады индустрияландыру және пролитарлықтың дамуына дейінгі қоғамды идеалдандырады.

Утопиялық коммунизм идеясы революцияның алдыңғы уақытындада белгілі болған. Алайда тек «теңескендер қозғалысында» ғана саяси қозғалыстың туына айналды, өзінің мақсаты ретінде революция арқылы коммунистік құрылысты орнату болатын. Бұл оның ерекшелігі бабувистердің идеяларының белгілерін айқындады.

Бабувистердің теориялық коммунизмдік идеалдар жоспары бойынша ол ағартушылық түсініктен пайда болды. Ол жаратылыстық құқықтық және қоғамдық сипатты анықтауда  рационалистік жүйеге негізделді. Алайда революцияның кезіндегі бабувистердің толық теңестіруге жету арқылы идеалды қоғам құру мақсаты ревалюциялық күрестің тәжірбиесі мәселесіне айналды және бірқатар идеялардың пайда болуына әкеді, бұл тарихи процесті анықтауда да байқалды. Жаңа коммунистік революцияның болуына қажетілік бабувистерде тарихтың барлығын қайта қарудың қажетілігін туғызды. Ең алдымен бабувистер тарихты әділетілікті орнататын күрес тұрғысынан қарауды алға қояды.

Бабефтің көзқарасында орталық орынды меншіктік теңсіздіктің пайда болуына меншік институттарының дамуы септігін тигізеді деген түсінік қалыптасқан. Жаратылыстық құқықтардың теориясына жүгіне отырып ол жеке меншік бұл құқықтарға енгізбейді. Осылайша жеке меншік – бұл біреулердің білімсіздігін екіншілердің пайдалануынан және қанауынан пайда болған тарихи орнығуды атайды. Осылайша бабувистер қоғамдық жоспардағы тарихты – табиғи тәртіппен  дамыған емес деп көрсетеді.

Алайда бабувистер ХVІІІ ғасырда кең тараған ой пікірлерге өзіндік үлесінде қосты, табиғи тәртіп үшін үздіксіз және қанушылық күрестің нәтижесінде орнатылады. Жоғарыда аталғандай олар тарихтан билеушілер мен бағынушылардың арасындағы таптық күресті көреді «жеке меншікпен апаттар, жеңілістер меншіксіздердің бұһарасын шыдамсыздыққа әкеледі, міне осында қаналушылардың қанаушыларға қарсы шыққан көтерілісі басталады.» (30) — бұл тарихи тізбекте болатын жағдай деп көрсетеді.

Бабувизм құлатылған соң коммунистік ой реакцияның салтанатынан шегініс табады, ол Буонордотидің кітабындағы Бабефке қарсы құпия қастандық жөнінде жазуымен және құпия қоғамдастықтарды атаған кезінде қайта бас көтерген болатын. Коммунизм ХҮІІІ ғасырдың дәстүріне, Мореллиге және Бабев дәстүріне байланысты жасалып, кең және терең тамырын жайған болатын.

Сонымен бөлімді қорытындылай келетін болсақ ХVІІІ ғасырда Францияда ағартушылық бағыт дамыған болатын, оның кең тармақтарды көрсетуі де байқалды. Жалпы осы кезде қоғамдық ой пікірлердің түрлі бағыттарды ұстана отырып бірегей ағартушылық сипатынан шыққаны белгілі. Міне осы кезде утопистік коммунизм бағытының да кең отарлу дәуірі болды. Жалпы ғасыр бойында Францияда бірқатар ғалымдар мен саяси қайраткерлер утопистік коммунизммен қызыққан болатын. Алайда утопистік коммунизмнің белестерінде жарқын көрінген Марелли мен Бабеф болып табылады. ХVІІІ ғасырдадың утопистік коммунизмінің рационалдық сиапатын жасаған Морелли болатын. Ал Бабеф Ұлы Француз революциясы кезіндегі утопистік коммунизмнің өкілі және өкілі ғана емес, сонымен қатар оның ерекше идеялар арқылы бағытын қалаушы. Коммунизмге жетудің амалдары мен қоғамдағы теңсіздік себептерін анықтауда Бабеф пен оның жақтаушылары тарихи процесті табиғи тәртіппен дамымаған және оның дамуына меншіктік институттар әсер еткен деп көрсетеді.