Банк операцияларының аудиті

Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ұйымдар өзнің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысы туындайды. Ұйымдар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма – қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.

Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:

  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
  2. Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сома сәйкестігі.
  3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама қарсы тексеру өткізген жөн.
  4. Банкке тапсырылған қолма – қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
  5. Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай – ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен – жайының анықтығы.
  6. Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
  7. Бухгалтерлік өткізбе желілердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
  8. Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс өткізу керек.

Банк көшірмелерін тексеру банк құждаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтауы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін ұйым мен ешқандай шарттық қатынастар жоқ, басқа ұйымның борышын өтеу немесе басқа ұйымның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтаордың түгелдігі мен уақытылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай – ақ қаржылық жағдайы мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәйкесе ме және т.с.с.

Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негізділігін тексеруге тиісті. Ұйымдар, мәселен, сауда ұйымына сатып алынған азық – түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Ұйымдар орындалмаған құрылыс – монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай – ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі. Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлар мен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:

  1. Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
  2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
  3. Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
  4. Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
  5. Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
  6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
  7. Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың №2 журнал – ордермен бас кітап жазбаларына сәйкестігі.
  8. Резидент болып саналатын ұйым экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтылығы мен уақытылығы.
  9. Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексерілуі.
  10. Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма – қол шетелдік валютамен материалдық құндылықтың сақталуы.
  11. Түсетін тауарлардың сату бағасы мәміледе қарастырылған құнға негізделіп, ұйымдағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай – күн, жылындағы импорт бойынша ұйымның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
  12. Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай – күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.
  13. Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.
  14. Аудитор банктегі: 421 «Аккредитивтердегі ақша», 422 «Чек кітапшаларындағы ақша», 423 «Карт шоттардағы ақша», 424 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» 42 – бөлімшесінің «Банктегі аккредитивтегі, чектердегі, карт – шоттардағы және басқа да шоттарындағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.

Аудитор жол – жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың қозғалысы туралы ақпаратты оқып білуі керек. 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негіз болып саналады.

Жолдағы ақша аудиті мен бухгалтерлік есепте 411 «Жолдағы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай – ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығы және бастапқы құжаттардың 3 журнал – ордерде және бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.