Кассалық операцияларды тексеру

Кассада сақталатын ақша 451 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 452 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерліуге тиісті.Осы шоттардың дебетіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есеппен шығатын ақша жазылады.Бұл шоттар бойынша жазбалар кіріс және шығыс кассалық ордерлер негізінде жасалады.

Ұйымның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар :

  • кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санаумен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның ұйымның жолға қойылмауы;
  • ұйымда тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
  • кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы-ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.;
  • ұйым басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен ұйым басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кіріс және шығыс құжаттарға қол қою құқығын беру;
  • кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
  • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар ұйым басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
  • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
  • мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы .

Касса мен кассалық операциалардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма –қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарыдың дұрыстығын тексеру.

Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:

1.Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс:ұйымда басшының кассадағы ақшаның бар жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма?

Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай; тексерілетін ұйымға бір кассир немесе бірнеше кассир ( немесе оған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін ұйымда ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және ұйым әкімшілігі кассир мен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?

2.Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті:тексеру құрамында ұйымның кассир мен бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, ұйым басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі;кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар доғарылады.

3.Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады.Кілт кассирде қалады;ал мөр аудиторда болады.. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.

4.Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады.Барлық кіріс және шығыс құжаттар касса есебіне кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді.Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.

5.Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерға беріледі.

6.Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.

7.Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері ,мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер,жолақы билеттері,төленген авиабилеттер,төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.)ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.

8.Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады:алдымен кассир ,сосын комиссияның басқа мүшелері санайды .Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедуралардың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс.Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі.

9.Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды тексеру керек :бұл құжаттар іс-жүзінде бар екендігін , билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет.Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс.Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады .

10.Түгендеу жүргізу кезінде кассада ішінара төленген тізімдемелері болуы мүмкін.Аудитор  бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп бойынша жабуды,оларға кірістік ордер рәсімдеуді және кассирге оны есепке енгізуге ұсынуға тиіс.Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа- тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар ретінде актіге жазылады .Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі.Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.

11.Тиісті тәртіппен рәсімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары бар қалдыққа кіргізілмейді.Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.Кассада бар барлық ақша мен басқа құндылықтар осы ұйымға тиесілі деп саналады,өйткені кассада басқа адамдардың ақшасымен басқа құндылықтарын сақтауға тыйым салынады.

12.Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.

13.Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету ,техникалық нығайту мен күзет- өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндай анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.

14.Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытыныдылары комиссияның барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен рәсімделеді.Ол үшін данада жасалады:бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі,екінші кассирде қалады,үшінші аудиторда сақталады.Ай соңында тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.

  1. Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерін жазбаша түсіндірме жазуды сұрайды .Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында ұйым басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі тергеу органдарына беруді ұсынады.

Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін.Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұрумен де байланысты болуы ықтимал.Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.

Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен немесе кіріс операцияларын жасырумен байланысты. Есепшоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі .

Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын  чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс.Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді.Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша(өолма-қол ақшаны алуға тиісті код бойынша) да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру , түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер елып, ткесерілетін ұйымның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек.Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді.Сондықтан есеп көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме алуды сеніп тапсыруға болмайды.Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес ұйымда қолма-қол ақшаны қабылдау, ұйым басшысының жазбаша өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кіріс кассалық ордері бойынша ғана жасалады.Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кіріс ордерлері бойынша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйілі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады.Сондай-ақ, кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттары төленген құжаттармен салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақытылы салыстырмау екендігімен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді тіркеу журналында кіріс және шығыс ордерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кіріс ордерлерін қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.

Басқа ұйымдардын алынған ақшаны иемденуді болдырмау ең алдымен, барлық мүмкін жағдайларда колма – қол ақшасы есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды туындатады.

Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма – қол ақша алған немесе салған ұйымдармен есептесулерді салыстырған жөн.

Басқа ұйымдардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеруде қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып саналады.

Ақшамен шығыстарды есептен шығару жөніндегі кассалық операциялар мүмкіндігінше тексеруге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге тіркелетін құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеру іс тәжірибесі көптеген ұйымдарда кассалық құжаттар сапасыз жасалатынын, көбіне кіріс және шығыс құжаттарында кассаға ақша салған немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа да міндетті деректемелердің жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар – негізсіз деп саналады. Егер мұндай жайттар анықталса, аудитор шұғыл шаралар қолдану мақсатымен ұйым басшысын және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар етуге тиіс.

Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда кіріс және шығыс ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде қалдырып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға тиісті парақтар саны ұйым басшысы мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен куәләндырылуға тиісті кассалық кітапта жазылған ба? Кассир жұмыс күні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын какссалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын шығаруы тиіс. Ол кассалық кітаптағы жазуларды екі парақта бір мезетте көшірме қағазы арқылы жүргізуге тиіс. Кітаптың бір парағы жыртылмалы, оны кассир күн соңында басқа барлық кіріс және шығыс операциялар бойынша санақ ретінде тапсыруы тиіс.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!