Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы

Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты — ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды, кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.

Ақшалай және кассалық – банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функциональды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып білу керек. Операциялық аудитор ұйымның төлеу мен қозғалысв циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақытылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында да жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функциональды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функциональды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикаклық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды сараланған және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функциональды аудиттің арнайы әдіс – тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқарумен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыпруды жақса\ртудың әртүрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоудты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақытыла қолдану нақты ақшамен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылауың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;
  • осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
  • касса –банк және басқа ақшалай операциялардың дұрысиығын кім және қашан, қалай тексереді;
  • кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссины тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;
  • бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актідері бар ма және олардың мазмұны қандай;
  • аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.

Осыларға сүйене келіп, кесте 3-те ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі аудитін өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының бірі келтірілген.

Ақша қозғалысы аудитінің бағдарламасы

Аудит процедурасы Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері
1 2
1. Ақшалай операцияларды атқаратын қызметкерлер құрамын білу Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.
2. Ақшаны алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативтік және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтардың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдарының бар – жоқтығы
3. Операцияларды құжаттық рәсімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналы, ақшаның қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.
4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал – ордерлер, тізімдемелер, сенімхаттар, бланк көшірмелері, чек түбіртіктері және т.б.

1 2
5. Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру

6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру

7. Касса – банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу

8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру

Ұйым басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрығы, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кіріс және шығыс ордерлері, кассалық құжаттарды тіркеу журналы, касса кітабы, кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы, аванс есебі, журнал – ордер№1, ведомость№1, Бас кітап және т.б.
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру Банк көшірмелері мен алғашқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, журнал – ордерлер мен оған ведомстар№1,2,3.
11. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтерімен сәйкестігі Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441,451-452 шоттар, Бас кітап
12. Ақша қозғалысының аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілуін тексеру Бас кітап, 1-4журнал – ордерлер, ведомостары, касса кітабы, ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар

Ақшалай қаражатпен, әсіресе, оның жылжымалы бөлігі – қолма – қол ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар міндетті түрде тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану – касса – банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.

Іс тәжірибеде кездесетін жасалу тәсілдері бойынша касса – банк операцияларының атқарылу мен щот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:

  1. Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау.
  2. Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.
  3. кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.
  4. Ақшаның жалған құжаттар бойынша негізгі есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық.
  5. Әртүрлі тұлғалармен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбек ақыны, депонентті соманы негізсіз иемдену.
  6. контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма – қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы — кассалық аппараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және т.с.с.

Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және сол сияқты салдарынан болады.

Төлем циклінің аудитінің күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын актімен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа да құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор ұйым басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды.

Жол – жөнекей ақша аудиті есебінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін ұйымның есеп шотына есепті айда түспеген сомаларының қалайша көрсетілуін тапсыру керек.

Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:

— банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негізделермен үнемі салыстыру;

— жабдықтаушылармен құжаттарыды қарама – қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;

— дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.

Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қызметін сараптау іс тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін ұйым банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті жасалғандығын тексеру керек.

Тағы бір өрескел қате – ақшаны ұйым кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасымен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек. Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әртүрлі қажеттіліктерге жұмсалу жағдайларын анықтау керек.

Тексерудің жеке объектісі — нақты мақсаттарға, сонымен қатар еңбек ақы төлеуге, іс сапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктеріне және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.

Тексеруге ақша алумен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру керек.

Ұйымның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын тексеріп отыру қажет.

Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі аудитінің бағдарламасын түп түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудитор ұйымдағы нақтылы жағдай мен төлем циклі аудитінің қойған мақсаттарына сәйкес жасайды. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.

Мұндай тестілеу циклі мен ақшаны басқарудың тиімділігін бағалаудың баллдық, индекстік немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, бағалаудың баллдық тәсілінде «Иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру деңгейіне байланысты 1-ден 3-баллға дейін, ал «Жоққа» 0 баллы қойылады. Ұйымның ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын жалпы бағалауда қойылған баллдар сомасы бойынша: 50-ге дейін өте төмен, 51-65 төмен, 66-80 орта, 81-90 жоғары, 91 баллдан бастап өте жоғары.