Есеп айырысу шотындағы ақша есебі

Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

Ұйымның есп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.

Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

Есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім шарт арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен есеп айырысу мәміледе қарастырылған мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару жолымен жүзеге асырылады.

Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын төлеуді (зейнетақы, алимент, жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай алады.

Салық төлеушілерлің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте жасалынуы тиіс. Аталған тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған шаралар қолданылады.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылармен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, ұйымның есеп айырысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі белгілейді.

Ұйымның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сиапттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей жіне жанама ажыратылады. Ұйымда осы есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды.

Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу қолма-қол ақщасыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындар арасында төлемдік және келісім- шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:

  • Бекітілген нысандағы өтініш;
  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;
  • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;
  • Ұйым жарғысының көшірмесі.

Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге беріледі.

Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және операциялар рәсімделетін барлық құжаттарға сол нөмір қойылады.

Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және нормативті актісімен реттеледі.

Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсеиін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.

«Қамқоршы» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «ТуранӘлемБанкінің » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.

Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық сомаларды сот, арбитраж, салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен шығаруға құқылы.

«Қамқоршы» ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.

Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағымдар қызмет көрсететін банкке жіберіледі.

«Қамқоршы» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.

Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Ұйымның төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым тауарлы – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен көо\рсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.

Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үшткүн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.

«Қамқоршы» ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді.

Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.

Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.

Ұйымға көрсетілген банк қызметтері үшін банк аударым жасалған соманың 1 пайызы мөлшерінде комиссиондық пайыз ұстайды. Оны мемориалдық ордерде көрсетіп ұйымға ұсынады.

Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардлың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықөталса, онда бұл тіркелген сома 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 687 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 334 «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады.

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 441 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:

  • ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;
  • ұйымды құрған органның шешімі бойынша;
  • шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда.