Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру

Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.

Есеп саясатының басты міндеттері:

  • Ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
  • Ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;

Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу;  нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
  3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
  5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.

Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:

  • Шоттардың жұмыс жоспары
  • Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
  • Түгендеуді жүргізу тәртібі
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары

«Қамқоршы» серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал — ордерді формада жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес бекітілген №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.

Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек екі жағдайда ғана болады :

  • Қайта бағалау
  • Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.

Негізгі құралдарды есептен шығару серіктестік төрағасымен бекітілген «Негізгі құралдарды есептен шығару» тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі .

 Негізгі құралдарды түгендеу «Қамқоршы» серіктестігі төрағасының өкімімен жылына бір рет өткізіледі.

Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықт) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.

Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.

 Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:

  • Сатып алу бағасы;
  • Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.

Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.

Тауарлы- материалдық қорлар есебі № 7 «Тауарлы- материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қоймал карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі.Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық –дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады. ФИФО және арнайы ұқсастыру әдістері қолданылмайды. Сатып алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 206 « Басқадай материал» шотының 04 «Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар» аралық шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 125/01 « Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары» шотында есепке алынады.

Серіктестікте өндіріс шығындарын есепке алу үшін 90 «Негізгі өндіріс» 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Үстеме шығындар» шоттары ашылған».

Серіктестікте қызметтерді өткізу барысында есептеу әдісі қолданылады.

ТМҚ өткізу кезінде тапсырыс берушіге шот-фактура ұсынып, оның құнына қоймалық сақтау шығыны 8.5 пайыз, ҚҚС-15 пайыз көлемінде қосылады.

Бухгалтерлік есептің №12 стандартына және оның әдістемелік нұсқауларына сәйкес құрылыс қызметі бойынша есептің басты міндеті әрбір есеп кезеңі бойынша табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау.

 «Қамқоршы» серіктестігінің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.

Бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша жүргізілетін алғашқы құжаттар, регисторлар 5 жыл, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке шоттары 75 жыл сақталынады.

Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 жеттоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады.