ОҚО аудандары бойынша ұйқы безінің ауруы қант диабетінің таралу деңгейі (3 жылдық динамика бойынша)

Біз өз зерттеуімізде облыстық эндокринологиялық орталықта тіркелген көрсеткіштеріне сүйеніп Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының тұрғындарының қант диабетіне шалдығу деңгейін анықтау жұмысын жүргіздік.

Мәліметтердегі 2005-2007жылғы аралықтардағы қант диабетінің көрсеткіші бойынша жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы: 2005жылы Сайрам ауданында(инсулинге тәуелді) көрсеткіш 77 болса ,2007жылда 105-ке өскен.

ОҚО-да қант диабетінің І дәрежеліден қарағанда ІІ дәрежелі басым, оның себебтері: қазақтың ас мәзірінде ауыр тағамдардың (бесбармақ,қазы-қарта т.б) мол болуы,қимылдың аз болуы, семіздік т.б себептер.

Балаларда, жас өспірімдерде қант диабетке шалдығу деңгейі ересектерден қарағанда аз себебі: олада тұқым қуалаушылық бен глюкоза мөлшеріне байланысты кездеседі.

Ересектерде қант диабетінің басым болып отыр себептері:инсулиннің аз түзілуі, семіздік,аз қимыл, глюкоза мөлшерінің артуы т.б

Қант диабетінің жалпы белгілері:

1.Тіл құрғауы

2.Шөлдеу

3.Зәрдің көп бөлінуі

4.Арықтау

5.Дене қышымасы

6.Әлсіздік

7.Көз көруінің нашарлауы

8.Тіс босауы

Қант диабетін тудыратын себептері:

1.Инсулиннің түзелуін бұзатын генетикалық себептер(тұқым қуалау)

  1. клеткалардың инсулин түзеуден қажуы

3.Инсулиннің белоктармен мөлшерден тыс байланысуы(қосылуы)

4.Ұлпалардың инсулинге сезімталдығының күрт төмендеуі

5.Инсулинді ыдырататын гормондардың көп түзілуі- соматотроптың(ӨГ),Адренокортикотроптық,глюкокортикоидтың т.б

Диабет немен қауіпті

1.Соқыр болуы

2.Бүйрек жетіспеушілігі

3.Аяқтың кесілуі

  1. Миға қан кетуі

5.Жүрек инафаркты

Диабеттен сақтану жолдары

1.Салауатты өмір сүру(дұрыс тамақтану,дене шынықтырумен айналысу)

2.Жыл сайын қандағы қант мөлшерін анықтап тұру .

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!