Ішкі секреция бездерін зерттеу әдістері мен нәтижелері

Ішкі секреция бездерін зерттеу әдісткері

Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Олардың негізгілері мынадай:

  1. Экомия немесе экстрипация – алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қалқансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қоздырғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл реакция ағзада паратгормонның жетіспеушілігімен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.
  2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондармен гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
  3. Эндокринді бездерді трансплантациялау, алмастырып тізу. Жануарларда зерттелетін безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған функциялар қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.
  4. Парабиоз әдісі екі жануардың тиісті қан тамыларын жалғастырып, қан айналасын ортақтастыру содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап оның жеке қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
  5. Ішкі секреция бездерін эксплантатция әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасушаның саны мен сапасына әр түрлі прцестердің әсерін зерттеу.
  6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, линфа несеп т.б) гормондар мен олардың метоболиттерінің мөлшерін химиялық иммунобиологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
  7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері.
  8. Флюрестцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
  9. Клиникоанатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі секреция бездері өзгерген адамды бақылап, зерттеу. Өлген адамдағы, белгілі бір бездің гипер және гипофункциялық, патологиялық – анатомиялық және гистологтялық, сонымен қатар денедегі нысаны ұлпаларда пайда болатын өзгерістер зерттелуде.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!