Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары

Ұйқы безі (pancreas) қарынның астыңғы жағында ұйқы безінің салмағы  70 – 80г, ұзындығы – 20см, ол бас (caput) дене (corpus) және құйрық (cauda) бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен толаққа жетеді.

Ұйқы безінің жас ерекшелігі.

Нәрестенің ұйқыбезі өте кішкентай  ұзындығы 4 – 5см, салмағы 2 – 3г, ал 4 – 5 айда екі есе, 3 жаста – 20г, ал 10 жаста – 30грамға жетеді де ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!