Әдістмелік жұмыс жетістіктері

Біздің «Қарақол» орта мектебі мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігін арттыру, білім сапасын көтеру бағытында еңбек етіп келеді. Мектепті жоғары санатты ұстаз Б. Бекбаев басқарады. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі, негізінен, әдістемелік жұмыстарды дұрыс жүргізу арқылы іске асырылады. Әдістемелік жұмыс — бұл сабақ үрдісі кезінде мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығын, кәсіптік шеберлігін арттыруға арналған жекелей және ұжымдық жұмыс түрлері. Әдістемелік жұмыстың мақсаты — педагогтердің шеберлігін жетілдіру, шыңдау. Әдістемелік жұмыс мұғалімдерге оқушыларды оқыту ұстанымдары мен әдістемелік іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға көмектесу міндетін атқарады.

Әдістемелік кеңес отырысының жоспарын жасау үшін оқу жылы аяғында мұғалімдерге келесі оқу жылында қаралуға тиісті тақырыптар беріліп, соның ішінен үшеуін бөліп көрсету ұсынылады. Соның қорытындысы негізінде социомотрлік матрица жасалып, педұжымда қаралуға тиісті өзекті тақырыптар алынады. Мектептегі әдістемелік жұмыстар пән бірлестіктері арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің кәсіптік шеберлігінің артуына жағдай туғызып, озық тәжірибені пайдалана білу үшін мұғалім еңбегін диагностикалық негізде зерттеу қажет.

Біздің мектепте оқу жылы аяғында диагностикалық карта толтырылған соң бірлестік жетекшілері, мектеп басшылары көмекке келу жолын іздестіреміз. Егер мұғалім оқыту әдісінен кемшілік көрсе, сол жұмысты бірлестік отырысында талдап, озат ұстаздарды сабағына қатыстыру арқылы көмек көрсетіледі. Педагогика мен психология ғылымындағы жаңалықтарда озық тәжірибені насихаттау әдісін жетілдіру, компьютерлік оқу жуйесінде эксперименттік зерттеу жұмысын жүргізу мектептегі «Эврика» шығармашылық тобының негізгі міндеті болып саналады. Бұл топ «Педагогтің шығармашылық өсуі», «Оқыту үрдісін жеделдету», «Оқушылар шығармашылығының педагогикасы» сияқты мәселелік тақырыппен жұмыс істей отырып, топ мүшелері жақсы нәтижеге жетті. Біздің мектептің шығармашылық тобы аудандық сайыста бірінші, облыстық сайыста екінші орынға ие болды.

Даралап оқыту негізінде біздің мектеп оқушылары облыстық олимпиадада информатикадан, тарихтан екінші, математика, биология, орыс тілінен үшінші орынға көтерілді. Аудандық олимпиадада физикадан бірінші, математикамен информатикадан, неміс тілінен екінші, ал тарихтан үшіиші орынға ие болдық. Сондай-ақ, аудандық «Жастар шығармашылығы — 2002» сайысында оқушыларымыздың жұмысы жақсы дәрежеде көрінді. Атәп айтқанда, С.Ашанованың оқушысы Қ.Алтынжановтың математикадан жасаған «Қазақстан тәуелсіздігіне — 10 жыл» фигуралар сериясы үздік шығып, аудан әкімінің алғыс хатымен маралатталды. Неміс тілі пәні мұғалімі А.Сыдықованың оқушысы А.Ашимованың ізденіс жұмысы, математикадан Қ.Тынышбаөвтың  «Киіз үйдің құрылысы» атты зерттеу еңбегі, сурет пәнінің мұғалімі Н.Қайырхановтың оқушылары Т.Көкенов, Д.Бейсекеновтердің сурет көрмесі ерекшеленіп, аудандық тамыз мәслихатында көрсетілді.

Оқушы білімінің сапасын көтерудегі басты мәселенің бірі — пәнаралық байланыс пен кіріктіруді жүзеге асыру. Ғылымға сүйенсек, қазір оқу жоспарында кіріктірілген пәндер бастауыш сыныпта қоршаған ортаны тану үшін, жоғары сыныпта алған білімді қорытымдылау үшін қажет. Осы бағытта Р.Қағазбаева ән-күй-сурет, Н.Дүйсекова физика-химия, Е.Баязитов дене шынықтыру-биология пәндерін байланыстыра сабақ өтіп жүр.

Мектеп тәжірибесінде оқыту үрдісгнің тиімділігін арттырудың, оқыту сапасын жетілдірудің әдістері кеңінен қолданылады. Оқыту саласын, оқыту нәтижесін арттыруда мұғалім басты тұлға болғандықтан, озық тәжірибені насихаттау, мұғалімге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетудің бір түрі: ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-геориялық конференциялар арқылы жүзеге асады. Сол себепті мұғалімге көмек ретінде әр бірлестік жанынан консультациялық тірек ұйымдастырылған. Онда жаңа сабақ түрлері, әр түрлі әдістемелік нұсқау, сабақ берудің әдіс-тәсілдері, сыныптан тыс жұмыс жоспарлары қойылған. Деңгейлеп саралауда әр сатыға көтерілген сайын оқушының біліктілігі, ойлау дәрежесі, білімнің сапалық деңгейі өсіп, дамып отырады, яғни дамыта оқыту жүзеге асады.

Бұл бағытта жұмыс істеп жүрген мұғалімдеріміз республикаға танылып отыр. Атап айтқанда, физика пәні мұғалімі Ж.Бигелдинованың оқушылары реслубликалық «Дарын» орталығы тапсырмаларын орындап жүр, мысалы, оқушы М.Жұмаханованың шығармашылық ізденіс жұмысы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы кіші академияға жіберілгені соған айғақ.