Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы

Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына шейін жетті. І492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп, Батыстық жарты шарды ашты. /4/

Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін, сондай-ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың — итальяндық екендігі және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ.

1474-1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді, ал келесі жылы Англияға барады. 1479—1481 жылдары Мадейраде және оған көршілес Порту-Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбалар қалған екен.

1483 жылы үлкен теңіз экспедициясыи жабдықтау туралы Порту-галиямен жүргізген Колумбтың келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі, тамаша бай Үндістанға  барар теңіз жолы табылып, көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар.Келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді.Кароль Колумбға адмирал және «оның теңіз – мұхиттардан іздеп,тапқан» жерлерінің бәрінде де вице-кароль болу атағын береді. Колумб Багам аралдарындағы кішкентай бір теңізді Сан-Салваьдор деп атады.

Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды.Осы екі арада португальдықтар Үндістанға баратын теңіз жолын тауып,онан түрлі жеміс,тауар түрлерін алып келді.

Үндістанға баратын теңіз жолдарының ашылуы.

Фернандо Магеллан (1480—1521 ж.) жылдар аралығында өмір сүрген. 1519 жылы 20 сентябрьде Фернандо Магеллан командасымен Испания жағасынан бес желкенді кеме жер шарын сумен айналып шығу үшін батысқа аттанды. Сол кеменің бірін Магелланның  өзі басқарды.

Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келіп, одан әрі Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет құрлықтың оңтүстігін айналып, ¥лы мұхит айдынына шықты. Бұл Атлант мұхиты мен ¥лы мұхит арасын байланыстырып тұрған бұғаз кейіннен «Магеллан бұғазы» атанды.

Жаңадан ашылған ¥лы мұхитты Магеллан «Тыныц мұхит» деп атады. Өйткені Магелланға Тының мұхит толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болып көрінді. Біраң оның тынықтығы шамалы еді.Магеллан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылады да, содан ары үздіксіз үш ай жүзеді, жолында бірде-бір арал кездеспейді. /5/

Ақырында азығы, тұщы суы таусылып, аштық тақсіретін тартады, 19 матрос өліп, 13-і ауырады. Кемедегілер өмірден күдер үзе бастағанда, (1521 жылы 9 мартта) алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен. Оның біріне тоқтап, су, біраз азық-түлік алады да, одан әрі жүзіп кетеді.

Кешікпей Магеллан кемелері Испания жеріне қарайтын Филиппин аралына келіп тоқтайды.Олар Филиппинге келгендерімен өздерінің жер шарын кемемен айнала жүзіп келе жатқандарын жасырып,құпия ретінде сақтап қалады. Сөйтіп, архипелаг аралдарын зерттеп жүр-генде, Мактан аралындағы тұрғын үнділерді христиан дініне кіруге лажсыз көндіреді.

Ақыры арал тұрғындарымен қан төгіс ұрыс басталады. Магеллан матростарына ұрыс сала отырып, қайықтарға қарай шегінуге бұ-йырады. Арал адамдары шетінен жауынгер, айлакер, әрі асқан мерген, лақтырған тасын адамға дәл тигізеді. Олар Магеллан матростарын әлсіретеді. Ауыр жаралы Магеллан суға құлайды. Сөйтіп, жер шарын айнала жүзіп келе жатқан әйгілі теңізші 41 жасын-да 1521 жылы 27 апрельде қайтыс болады.  Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып Борнео аралына келіп, азық-түлік, алтын, күміс тағы басқа бұйымдар тиеп алады. Борнео аралының қожасы бұларды жақсы қарсы алып, жәрдем береді. Бұдан әрі тағы бір аралға жетіп, 40 күн тоқтап кемелерін жөндеп алады да, одан әрі белгілі теңіз жолымен жүзе береді.

Испандар Үнді мұхитымен жүзіп, Африканың оңтүстігіндегі «Добрая Надежда» мүйісінен өтіп, аман-есен Атлант мұхитына шығады. Жамалған кеменің жыртыгы ашылып, оған су кіре бастайды. Енді олар бұл кемені қалдырып, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 июльде Жасыл мүйіс аралына әзер жетеді. Сонда тынығып, тамақтанады. Содан әрі қарай жүзіп, 1522 жылы 6 сентябрьде «Виктория» кемесінің командирі Доль Кано жер шарын айналып келіп, Испания жағалауына жетіп, якорь тастайды. Сөйтіп, бұдан үш жыл бұрын Баррамеда портынан 265 адам отырған 5 кеме шықса, енді 17 адамы бар бір ғана «Виктория» кемесімен  қайтып оралады.

Магеллан экспедициясының қайтып оралған адамдарын Испания королы құрметпен қарсы алып, бәріне сый тартады. Магелланның орнына экспедицияны басқарып келген Даль Каноға сыйлыққа Жердің шар тәрізді «гербін» береді. Гербте «Сен тұңғыш рет мені айналып шықтың» деген жазу жазылыпты.

Бұл хабар кешікпей дүние жүзіне тез тарады. Саяхатшылар Жердің де басқа планеталармен бірге Күнді айналатынын, жердің Шар тәрізді екенін дәлелдеп берді. Бұдан былай Жердің зерттелуі ғылыми тұрғыдан дамыды, көптеген географиялық жаңалықтар ашылды.

Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс кеме жолдары.

XVI ғасырдың басында Англияда географиялық зерттеу жұмысы шамалы болды. Оңтүстік жарты шардағы мұхит пен теңіздер жолдарын билеп алған португалдардан, Батыс жарты шардағы мұхит, теңіздерді билеп алған испандардан сескенген ағылшындар алысқа жүзуді ойламады. Сондықтан ағылшындар иен жатқан Солтүстік Мұзды мұхит жағалауындағы теңіздер арқылы Қытайға және Үндістанға бару үшін Азия мен Америка арасындағы Солтүстік-шығыс жолын ашпақ болды. Өйткені Англия бұл елдермен сауда қатынасын күшейтпек еді. Осыған орай ағылшын көпестері мен дво-ряндары өздерінше белгісіз жерлерді, елдерді зерттеуші, сауда жұмысын байланыстырушы қоғам ұйымдастырды. Қоғам алыс сапарға үш кеме дайындады. Экспедицияны беделді дворян Хью-Уиллоуби басқарады, ол әрі үлкен кеменің командирі болады, екіншісін — Ричард Ченслер, үшінші кемені — Корнелий Дюрферт басқарады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!